"Жалғыз жүрек, сан сауал": Барлық жамандық атаулының анасына айналған араққа неге құмармыз?

"Жалғыз жүрек, сан сауал": Барлық жамандық атаулының анасына айналған араққа неге құмармыз?

Иманыңнан бездіріп, күллі жамандық атаулының атасына айналған шайтанның суы арақ жайлы да Құранда ашық, айқын айтылады. «Маида» сүресінің 90-аятында: «Ей, иман келтіргендер! Арақ ішу, құмар ойнау, пұтқа табыну, оқпен бал ашып, бәсекелесу – шайтан ісі, жиіркенішті қылықтар. Бақытқа жетем дегендер шайтан ісінен аулақ болыңдар», – дейді. Бұл – Құран сөзі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Арақ ішпеңдер! Себебі, арақ барлық жамандықтың көзі» деген. Соны біле тұра, қиянатын көзімізбен көріп жүрсек те қайтпаймыз-ау, қашан тыйы-лып, иманымызды берік етер екенбіз? САН САУАЛ. 

Бабаларымыз сұрағанға су берсе, балалары у беріп жүр. Заманды кінәлаудың қажеті жоқ. Өйткені, заманды жасайтын адамдар өзіміз емес пе? Атамыздан қалған асымыз болмаса да, қатарымыздан қалмайық деп ішкенімізбен көз ұшына озып кеттік. Бұл арақ емес еді ғой қазақтың асы, осыдан басталмайды ма азаптың басы. Соны біле тұра жүрегіміз селт етпейді. Неге сонша өзімізді өзіміз аямайтын қатыгез болып кеттік, бауырлар. Арақ жүрген жерде ешқашан береке болмайтынын ұмытпайық. Қазіргі таңда қалалы жер былай тұрсын, шалғайдағы ауылдың өзінде жоқ дегенде 3-5 дүкеннен бар. Бір өкініштісі, оның бәрінде арақ сатылады. Қазақ үшін бір ауыл дегенің бір атаның балалары тұратын мекен емес пе?! Сонда бұл не деген жауыздық? Ел аман, жұрт тынышта өзімізді өзіміз өлтіріп жатырмыз. Екі дүниенің Саруары, адамзатқа жіберілген елші Мұхаммед (с.ғ.с.) хадисінде: «Алла тағала арақты, оны ішуші мен құйып берушіні, оны сатушы мен сатып алушыны, арақты дайындаушы мен дайындатушыны, оны алып келуші мен алдыртушыны және арақтан табыс тауып күн көргенді лағнеттеді», – дейді. Жайшылықта біреу біреуді қарғап жатса жанымыз түршігіп, жағамызды ұстаймыз. Ал 18 мың ғаламның иесі, аспан мен жерді алты күнде жаратқан Алла тағала лағнет айтып жатса, неге ғана қорықпаймыз? Еліміз бойынша күнделікті болып жатқан жол апаттарының көбі мас күйінде көлік жүргізгеннен екен. Ал түнгі клубтар мен ойынханалардағы жай ғана төбелес емес, соңы атысқа, кісі өліміне әкелетін қылмыстың барлығы осы арақтың кесірінен. Тіпті отбасындағы қуанышқа той жасасақ, аяғында ағайын арасында болатын айғай-шу да осы атың өшкір, арақтың салдарынан. Кейбіреулер қорғап сөйлейді, адаммен адамды таныстырады, сөйлетіп табыстырады дейді. Аяғында шағыс-тырады, бірінің жағасынан біріне алыстырады. Ақыр соңында тату жандарды бір-бірінен алыс қылады. Барлық жамандық атаулының анасына айналған атаңа нәлет, араққа неге ғана құмар екенбіз? Көптеген қалталы азамат-тарымыз туған ауылына жасаған жақсылығым деп мешіт салып беріп жатыр. Әрине, бұл да үлкен сауапты іс. Бірақ қайырымдылық деген мұнымен ғана шектелмесе керек еді. Артынша осы істеген сауапты істерін өздері жуып-шайып тастайтыны жаман. Алла ризалығы үшін деп мешіт тұрғызған адам ары қарай осы имандылықтың төңірегінде тірлік етуі керек емес пе? 

Балабақша мен мектеп оқушылары үшін спорт кешені қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие. Бұл да болса ойланарлық жағдай. Бізде керісінше, мешіттен кейін мейрамхана, сырахана, ойынхана, арақ-шарап дүкені деп кете береді. Періштені қуалап, шайтанға салтанат құрғызатын мұндай жерде қандай береке болсын. Бір қарағанда арақ-шарап тек сатушылардың ғана емес, еліміздің бюджетін толтырып жатқан сияқты. Спирт тонналап әкелініп, миллиондап бө-телке шығарылып жатыр. Арақ саудасының арқасында экономикамыз көтеріліп, әлеуметтік жағдайымыз түзеліп қалды дегенді естісем құлағым керең болсын. Тек қана арақ сатып байыған адамды кездестіре қоюың да неғайбыл? Өйткені, мұндай кәсіпте табыс болғанымен, береке болмайды. Сен-бесеңіз саралап көріңіз. Жеріміз қандай кең. Асты да, үсті де байлық. Мұндай байлықпен дамыған елу елдің қатарына кірмек түгілі, алдыңғы лепке бір-ақ жетуге болады. Неге жете алмай жатырмыз? Өйткені, Жаратушы иеміз берген берекені дұрыс пайдалану жоқ. Осыдан ХІV ғасыр бұрын Алла тағала тарапынан тыйым салынған жамандық атаулының бәрі біздің елімізде салта-нат құруда. Оған дәлелді Құран сөзі мен Пайғамбар (с.ғ.с.) хадистерінен ар-найы келтіріп отырғаным да сондықтан. Жарты әлемді билеген Шыңғыс ханның өзі арақтың қасірет әкелгеннен басқа ешқандай қасиеті жоқ екендігін айтып кетіпті. «Мас адам соқыр сияқты – көзі көрмейді, саңырау сияқты – құлағы естімейді, сақау сияқты – тілі сөйлеуге келмейді. Араққа бойын алдырған адам ойы бұлдырап, қолы қалтырап, білгенінің өзін ұмытып қалады. Ақылды ақымаққа, ақымақ қаскөйге айналып кетеді. Арақ-шарап хандығыңа да, қаралығыңа да қарамай барлығын ақылдан айырады. Оған бой ұрған адам, артынан қойнындағы қатынынан, өрістегі малынан, қолындағы барынан айырылады» – деген екен (Мұсылман күнтізбесінен). Талай шаңырақты шайқап, берекесін алған, шай-танның арбауына көндіріп, айдауына жүргізген, күллі жамандық атаулының басы арақтан тыйылып, жүрекке имандылық құйылатын күн жетті, ағайын. Еңсеміз тік жүрсін десек, есімізді жияйық. Ұлтымыз өркендесін десек, ұрпағымызды ойлайық.

Жалғасы бар. Басы: 16.03.2015, 17.03.2015, 18.03.2015 19.03.2015.

 20.03.2015.

Жұматай Оспанұлының 

«Жалғыз жүрек, сан сауал»
кітабынан алынды

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста