"Жалғыз жүрек, сан сауал": Біз қазір жаңа ғасыр, жаңа заман, жаңа қоғамда өмір сүріп жатырмыз

"Жалғыз жүрек, сан сауал": Біз қазір жаңа ғасыр, жаңа заман, жаңа қоғамда өмір сүріп жатырмыз

ҚАРА ЖОЛДЫҢ БОЙЫНДА

БАЯҒЫДА
Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ,
Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ, –
деп өскен қазекең ер қанаты ат екенін әлдеқашан айтып кеткен. «Адам жылқы мінезді, бір күн­де түлейді, бір күнде жүдейді» деп өздерін текті жануарға теңеп жа­татын да қазақ. Яғни, осынау он сегіз мың ғаламның бір пұш­пағын мекендеген көш­­­­пен­ділер ұрпағы үшін жыл­­қының алар орны ерекше. Жор­ға мінсе тақымына жел бітіп, желпініп, желөкпе болып кете­тіндер де табылады. Ас­тына ат бітсе атасын танымай кететіндік те қазақы мінезімізде бары рас. «Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті, қабырғалы, жоталы болса күшті», – деп тұл­парын сынап, сы­лап-сипап міне­тін қазе­кең­нің әуені әлде­қашан өзгерген. Атбе­гілік деген ұлт­тық құнды­лық­та­рымыз көз ал­дымызда алыстап, кө­ңі­лі­міз­ден кө­мескіленіп, бірлі-жа­рым адам­­дардың «хоббиі» бо­лып қа­на қалғандай. Шын жүй­ріктің қолтығының астында қа­наты бар екен деуші еді сын­шы­ла­рымыз. Бұл күндері сол «қа­нат­­ты сұңқарымыз» «темір тұл­парға» айналған.

КЕШЕ
«МАЗ»-дар, «ГАЗ»-дар, «Мос­­квичтер», «Волгалар», заула-заула, заула темір жор­ғалар”, – деп ХХ ғасырдың екін­ші жартысындағы айтулы жаңа­лықтардың бірі осы «темір тұл­пар» еді. Ағайын-туысын араласа асу-асудан өтіп, айлап жүретін қазекең күндік жолды сағаттап, қозыкөш жерге қас-қағым сәтте апаратын бұл шіркіннің де тетігін бұрап, тілін тапты. Ой, хой, дәурен, қайран заман-ай, десеңізші! «Көш­кен­де жылқы айдаймын ала­ме­нен, ауылыңа барушы едім дала­ме­нен» деген әннің сөзі де, өзі де өзгеріп шы­ға келді. «Жұлдыз қандай, Ай қандай, шопыр сүйген қыз қан­дай», – деп әндетіп жүр­міз. Мұ­қа­ғали ағамыз жыр­лаған жоға­ры­дағы тұл­пар­ларды қолы жет­кендер ғана мін­ген. Иесінен сұрап, шыл­бырын шешіп, тіз­гі­нінен тар­тып мініп «шу, жа­нуар» деп шауып жүре беретін емес, бұл тұл­парды қолында ар­найы қа­ғазы бар адамдар жүр­гізетін. Шіркі-і-і-н, «темір тұл­пар» деген қол жетпес арман болып кө­рі­нетін ол кезде.
БҮГІН
Ешкімге таң емес. Рас, қал­таң­да ақшаң болса қалаға­ның­ды ал да, қайқайып жүре бер.
Абай атамыздың:
Кең сауырлы, тар мықын, қалбағайлы,
Алды-арты бірдей келсе ерге жайлы.
Күлте құйрық, қыл түбі әлді келіп,
Көтендігі сығыңқы, аламайлы,
– деген өлең жолдары қазіргі жас­тар үшін көне-е-е дәуір сияқты елес­тейтіні шындық. Хакім Абай­­­­дың атқа берген сыны бұ­лар үшін ертегі сияқты. Жарты ға­сырдың ішінде адам санасына аспан айналып жерге түскендей өзгеріс әкелген уақытқа дауа бар ма? Баяғы Қобыландының Тай­бу­рылы, Алпамыстың Бай­шұ­ба­ры, Ер Тарғынның Тар­ланы, Ақан Серінің Құлагері ас­пан ас­тын­дағы мұражайдың экс­по­нат­тарына айналғалы қа­шан? Қазір ол­ар­дың орнын «Хам­мер», «Тайо­­та», «Лексус», «Ми­цу­би­си»... несін айтасыз, тізе берсеңіз тау­сылып бітпейтін бірінен бірі өт­кен «темір тұлпар­» ауыс­тыр­ған. Дана Абайдан жеткен «жуан, тақыр бақайлы, жұмыр тұяқ», «шідерлігі жуан­дау, бота тірсек», «шап­са жүй­рік, мінсе берік, жуан, жуас» деген теңеулердің орнын «пол­ный электропакет», «КПП авто­мат», «дутый», «кон­ди­ционер», «ти­тановый диск» "тип троник" деген сөз­дер­мен әлдеқашан ал­мас­­ты­рып тас­таған. Яғни, ақын­ жыр­лаған аттың сыры қа­зір­гі жас­тардың санасында бая­ғы­дан қалған, ескі дүниеге айналып кет­кеніне кө­зіңіз жетеді. Соны­мен қазір біз ағы­мы да, бағыты да басқа жаңа ға­сыр, жаңа заман, жаңа қоғамда өмір сүріп ж­а­тыр­мыз.

Жұматай Оспанұлының 
«Жалғыз жүрек, сан сауал» 
кітабынан алынды

(Жалғасы бар. Басы: 16.03.2015, 17.03.2015, 18.03.2015, 19.03.2015, 20.03.2015, 22.03.2015, 26.03.2015, 27.03.2015, 28.03.2015, 30.03.2015, 31.03.2015, 01.04.2015, 03.04.2015, 04.04.2015, 05.04.2015, 06.04.2015, 07.04.2015, 08.04.2015, 09.04.2015, 10.04.2015, 11.04.2015, 12.04.2015, 13.04.2015, 14.04.2015, 15.04.201516.04.2015).

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста