"Жалғыз жүрек, сан сауал": Күшігінде көп таланған – төбет кезінде де қорқып жүреді

"Жалғыз жүрек, сан сауал": Күшігінде көп таланған – төбет кезінде де қорқып жүреді

КЕЛ БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ

«Дала қоңырауы» атанған Ыбырай бабамыздан қалған асыл сөз күллі мектеп атаулының маңдайшасына ілініп, зейінді ұрпақты білімге шақырып тұрған ұранның бірі екені даусыз. Күміс қоңыраудың үнін жаңадан естіп, алғаш мектепке келген жас өркенді ең алдымен қарсы алатын дәл осы өлең жолы – мынау өмірдің мазмұн-мағынасы оқуда, ғылым-білімді санаңа сіңіріп, көңіліңе тоқуда екенін меңзеп тұрғаны ақиқат.
Әлқисса, «Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық»,
– деп бала кезімізден осы тақпақты тақылдап, жаттап өстік. Әрине, сол балғын шағымызда бұл өлеңнің қадіріне толықтай жете қоймағанымыз анық. Әйтеуір, тақпақ болып көрінетін. Ал поэзияның қыр-сырын түсіне бастаған тұста бір нәрсенің жетіспейтінін сезгендей де едік. Сонда ол не екен десек, осы бір үш жол ғибратты өлеңнің бірінші жолынан ақсап тұрғаны екен. Рас, поэзияда үш жолдан тұратын өлеңдер бар. Мұқағали ақынның «Ұят болды-ау» өлеңі мен Мұқаң аударған Дантенің «Құдіретті комедиясындағы» «Тамұқ» бөлімі де үш жолмен өрілген.
Екеуі де жалпы поэзияның құрылымына ешқандай кемшілік әкелмеген, керісінше өзіндік формамен ерекшеленіп-ақ тұр. Ал Ыбырай атамыздан қалған асыл сөзде бір нәрсенің сұранып тұрғаны анық байқалады. Тәуелсіздігімізбен бірге өткеніміздің келіп, өшкеніміздің жанғанының нәтижесінде аталмыш төрт шумақ түгенделді.
«Бір Аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық.
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық»,
– деп ауыз толтыра айтатын жағдайға да жеттік. Бірақ, бір әттеген-айы ұлтына, тіліне, дініне деген сезімі ерекше жекелеген отбасында болмаса, көпшілігі сол «коммунизмнен» қалған сүрлеуден шыға алмай, санаға сіңген үш қатар өлеңмен келе жатыр. Бұл бөлек әңгіме.
Қош, неге «Бір Аллаға сыйынып», деп басталды, неге алынып тасталды?! Жауап іздеп көрсем, солақай саясаттың салдары, басқа ештеңе емес. Біссмілләсіз іс қылмаған қазақты дінінен ажыратып, тілінен жаңылдырып, діңінен бір-ақ кесу екен мақсаттары. Соның кесірінен мектеп қабырғасында жүргенде санаулы ғана шумақтарын жаттаған екенбіз. Бүгінгі таңда қолымызға толық нұсқасы тигенде осы сәтке дейін көп нәрседен айырылып келгенімізді ұқтым. Алтынсарыұлы Ыбырайдың «Сөз басы» деген дәл осы өлеңінің екінші шумағы былайша өріледі:
«Істің болар қайыры,
Бастасаңыз Аллалап,
Оқымаған жүреді,
Қараңғыны қармалап»,
– дейді. Оқудың қадір-қасиетін Ыбырай дана ғасырға жуық уақыт табындырып келген «Күн көсемнен» бұрын-ақ айтып кетіпті. Және әрбір істі Алланың атымен бастау керектігін де ұмыт қалдырмаған. Көкірегі ояу, көзі ашық зейінді ұрпағым зердесіне тоқып алсын деп қалдырған рухани мұрасы әр кеудені нұрландырып тұрған шамшырақ екені де даусыз. Кеңестік идеологияның қолынан жасалған қою шаңның ішінде көзіміздің алды тұманданып, топырақтан жаратылғанымызға күмәнданып, битін сығып жеп отырған маймылға қарап қойып, тегімізді сол бір ұсқынсыз мақұлыққа балап қойып, Құдайымызға құлдық ұрудың орнына, «құдайсыздар қоғамына» мүше болғанымызды мақтан тұтып, есімізді алған есер қоғамнан аман шықтық. Тамырымыздан ажырамай тұрғанда – теңдігімізді алып, тегімізді танып, қараңғы қапас кеудемізді Хақтың нұрымен жарық еткен күнге жеткенімізге Жаратқанға мың шүкір. Қалай десек те, қаймана қазақ аумалы-төкпелі заманда тамырына біраз сызат түсіріп алды, көп құндылығынан айырылып қалды.
«Надандықтың белгісі –
Еш ақылға жарымас,
Жайылып жүрген хайуандай,
Ақ, қараны танымас»
деген екен «Сөз басы» өлеңінің орта тұсында Ыбырай. Жасыратыны жоқ кешегі кері кеткен кер заман біздерді хайуандай көрмесе де, айтқанына көндіріп, айдағанына жүргізіп, ақылымызға иелік етіп, ақ, қараны ажырата алмайтын надан жасауға тырысып-ақ бақты. Бірақ, алпыс екі айласына салса да, Алланың қалауы қызыл жалауды құлатып, Көкбайрағымызды көкке өрлетті. Ыбырай бабаның:
«Асылы залымдардың лайланды,
Дүниені маған десең шыр айналды.
Ит үрер, жақсыға да, жаманға да,
Қылмағы бірақ залал Құдайдан-ды»,
– дегені айна қатесіз келді. Қазаққа қаншама зауал-індетін үйіп-төккенімен қызыл империя тамырымен құлады. Бізге істеген қиянатының залалы өзіне тиді. Бірақ, санамызды улап кетті. Ұлттық тамырымызға сызат түсірді. Аталарымыздың «Сызат түсті дегенше, сына берді десеңші», дегені еріксіз еске оралады. Қызыл қоғамдағы құлдық сана біраз қандастарымыздың сызат түскен рухын сындырып жіберді. Ата жауын босағасынан аттатпаған қайсар елдің ұрпақтарының бойына «жалтақтық» деген жаман әдетті сіңіріп жіберді. «Күшігінде көп таланған – төбет кезінде де қорқып жүредінің» кері келді. Әй, бірақ «тек» деген бар емес пе? Қанша талансақ та, өз жарасын өзі жалап емдеп алатын бөрі мінезіміз қалыпты қанымызда. Ешкімге бас имей, еркіндікті жақсы көретін өрлігіміз бен бабадан қалған ерлігіміз Желтоқсанның ызғарында мұз жарды. Бірді айтып, бірге кетті демессіз. Желтоқсанның Ыбырай мұрасына қандай қатысы бар десеңіз айтайын. Бодандықтың бұғауын бұзып шыққан сол кездегі ұл-қыздарымыздың бойынан
«Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз
Азған елдің ішінен.
Алыс-алыс қашыңыздар
Зияндасты кісіден.
Жақсыны көзден салмаңыздар,
Жақсыдан қапыл қалмаңыздар.
Өзі болған ерлердің
Аяғынан алмаңыздар.
Әр елге, әр жұртқа алтын сақа табылмас»
, – деген Алтынсарының ұрпағы Ыбырай айтқан ұлағатты көрдік. Өзі болған ердің аяғынан шалмас үшін, өкініп қапы қалмас үшін өз жұртымыздың алтын сақасындай болған асылымызды ардақтап алаңға шықты. Ел ниеті тектілігінің тамыры тереңде жатқан Дінмұхаммед Қонаевты ұлт көсеміне балап, көш тізгінін қолына ұстату еді. Мүмкіндігінше жұма сайын маңдайын сәждеге тигізіп, алтын басын Алласына ғана игізген Димаш ата сабыры болаттай берік, иманы қуатты, жанары шуақты дара тұлғаның бірегейі екені рас.
Иманды ер Құдайынан ұялады,
Ұялып Иесінен сый алады,
– деген Ыбырай өлеңімен бағалайтын болсақ, Димаш ата шынымен де тақтан кетсе де, жаратқан Хақтан сыйын алған салиқалы құлы екен. Олай дейтінім иманы бардың жиғаны дүние-байлықпен емес, көзден кетсе де, көңілден кетпей, ел есінде өшпей, ғасырлармен жалғаса беретін ғибратты ғұмырымен өлшенеді екен. Адам баласы ел жүрегінде мәңгі қалатын, есімі ғасырлардан ғасырларға баратын рухани биіктікке Хақтың жолын ақ деп біліп анық басқанда ғана жетеді екен. Оған бағзы заманды қозғамай-ақ, қазақ – қазақ болғалы бергі дәуірімізге зер салып қарасақ та жетіп жатыр. Бабаларымыздан қалған асыл қазынаны ақтарған сайын, «Алла деген – ар болмас» екенін сезіндім. Осы сенімге беріктік танытқанда ғана ұлтына адал, ата-анасына абзал перзент болмақпыз. Ыбырай атаның «Сөз басы» өлеңінің біз мектепте оқымаған соңғы шумағы:
Оқу білген таниды,
Бір жаратқан Құдайды,
Танымаған Құдайды
Неғылғанда ұнайды...
Шырағым адам болғай деп,
Ата-енең жылайды.
Баладан қайыр болмаса,
Баланы неге сұрайды,
– деп аяқталады. Аталарымыздың «Бала бер, бала берсең сана бер, сана бермесең ала бер», деген сөзінің не үшін айтылғанын ұқтым. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадисінде айтылған «Ата-ананың разылығы Алланың разылығы» екенін түсіндім. Хақты танып, тылсым тіршіліктің сырын ұғу үшін «Бір Аллаға сиынып, Кел, балалар, оқылық» деген Ыбырай сөзіне аса ықыласпен ден қою керектігін түйдім көңіліме.

Жұматай Оспанұлының 
«Жалғыз жүрек, сан сауал» 
кітабынан алынды

(Жалғасы бар. Басы: 16.03.2015, 17.03.2015, 18.03.2015, 19.03.2015, 20.03.2015, 22.03.2015, 26.03.2015, 27.03.2015, 28.03.2015, 30.03.2015, 31.03.2015, 01.04.2015, 03.04.2015, 04.04.2015, 05.04.2015, 06.04.2015, 07.04.2015, 08.04.201509.04.2015).

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста