Жалғыз жүрек, сан сауал: Қажеттілік туындамай, қазақ тілінің көсегесі көгере қоймас

Жалғыз жүрек, сан сауал: Қажеттілік туындамай, қазақ тілінің көсегесі көгере қоймас

ЖАЛҒЫЗ ЖҮРЕК: 

– Өзге тілде сүйреңдеп,
Жарылғанда ағынан.
Өз тіліңді үйрен деп,
Кімге қалай жалынам?
САН САУАЛ

– «Отан отбасынан басталады» дей­тін болсақ, ұлттық тәрбиенің ауқымына сиятын барлық құндылықтарымызды бесіктен, бала­бақшаға кірген есіктен қолға алғанымыз лазым. Бұлақ лайлан­бай ағуы үшін бастауының тұнық болуы керек сияқты, ұлттық санамыз таза, рухымыз биік болсын десек, тәрбиенің көзі тал­бесіктен екенін естен шығар­майық. Баланың қалыптасуына, менің­ше, мына қоғам немесе араласатын ортасы емес, ең алдымен ата-ана жауапты. Ұлтын сүйіп, жұртым деген әке-шеше ғана ұрпағының болашағын ойлай алады. «Баяғы жартас сол жартас» деп сана­сына сыналап сіңіп қалған, кеңестік дәуірдегі солақай саясаттың шыр­мауынан шықпай, құлдық психоло­гиядан арыла алмай жүргендер ғана сыныққа сылтау іздеп «Қазақ мектеп­терінде білім жоқ» деп өз кемшіліктерін өзгеден көру арқылы өзінше жол тауып жүр. Сонда немене, қазақ мұғалімдері адамның қоры ма екен? Жоқ, әлде, бір ауыз сөзбен дауды шешіп, жаудың бетін қайтарған қазақ елі ұлттың соры ма екен? Осынау ұлан-ғайыр даланы бізге қаптаған қарақытай немесе ормандай орыс әперген жоқ. Бұл даланың топыра­ғында бабамның қаны мен анамның көз жасы сіңгенін естен шығармаңдар рухы шалажансар шалақазақтар. Қазақта «Өзің білме, білгеннің тілін алма» деген қарғыс бар. Өзің білмегенмен қоймай, ұрпағыңның білгеніне қарсы боламын деп қарғыс арқалап кетпеңдер. «Орыс тілін білме­сең, күнкөре алмайсың» деген саясат­тың құрбаны болған біздің көптеген зиялы қауым ұл-қыздарын жаппай орыс тілді мектептерге бергені рас. Әрине, ешбір пенде болашағын болжайтын көріпкел емес. Сол заманда компартия­ның жалауын көтеріп, комму­низм­ге жетеміз деп ойлап қалған шығар. Бірақ, Алла тағала қазақтың тағдырына құлдық­тың қамытын сыпырып тастайтын күннің алда екенін өз уақы­тында бірақ білдірді. Кеш те болса бақыттың келгенін сез­гендер бармақ­тарын тістеді. Ендігі жерде ұрпағым адаспасын деп: «Тіліңді біл, дініңді сақта, діліңе берік бол»; – деп ақылдарын айта бастады. «Өз бала­сына жеткізе алмаған өсиетті өзгеге айтып, өзеу­ремей-ақ қойса қайтеді» дегендей, кекесін таныттық. Өз қолың­ды өзің кесесің бе? Өкпеге қисақ та, өлімге қимайтын қазақпыз ғой. Олардың сөзі­нен өзінің баласы жіберген қателігін өзгенің баласы істемесін деген жан­айқайы деп ұғайық. Біреудің кемшілігіне кешіріммен қарап, түзетуге көмектесу арқылы ғана олқылығымыздың орнын толтыра аламыз деп түсіністікпен қарап келеміз. Бірақ көбісі біз ойлағандай болмай жатыр. Яғни, кеңестік қоғамның «ұртоқпағымен» жүріп, үйреніп қалған сияқты. Ендеше, бізге де осы амалды іске асыру керек шығар. Неге десеңіз, қызыл үкіметтің тұсында орыс тілсіз күн- көру мүмкін болмады. Олай болса, бізге де қауқары күшті, талабы қатты заң керек. Сол заң күшіне еніп, қажет­тілік туындамай, қазақ тілінің көсегесі көгере қоймас. Сонда ғана өзге ұлт түгілі өз қазағыңа «тіліңді үйрен, тіліңді үйрен» деп сүйреңдегенді қоямыз. Әйтпесе «Айта, айта Алтайды, Жамал апам қартайды» деген ескі әуенімізге салып ыңылдап жүргеніміз-жүрген.

Жұматай Оспанұлының 

«Жалғыз жүрек, сан сауал» 
кітабынан алынды

(Жалғасы бар. Басы: 16.03.2015, 17.03.2015, 18.03.2015, 19.03.2015, 20.03.2015, 22.03.2015, 26.03.2015, 27.03.201528.03.2015).

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста