"Жалғыз жүрек, сан сауал": Қазіргі қазақ тілінің жағдайы бұлт артынан енді-енді шығып келе жатқан Күн сияқты, бұлт сейілер, күн шығар...

"Жалғыз жүрек, сан сауал": Қазіргі қазақ тілінің жағдайы бұлт артынан енді-енді шығып келе жатқан Күн сияқты, бұлт сейілер, күн шығар...

ЖАЛҒЫЗ ЖҮРЕК: 

– Келбеттері сұрықсыз,
Мінездері құлықсыз.
Жастарды көрсем ұрықсыз,
Санама сіңер суық сыз. Неге?
САН САУАЛ

– Неге десеңіз болашақтың тұтқасы бүгінгі жастардың қолында. Ертең ел басына келетін жастарымыз тілін білме­се, елдігіміз қайда қалмақ. Аттың жалында, түйенің қомында жүріп, бабаларымыз қорғаған жер, сол жердің асты мен үстінде жатқан байлығы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетері сөзсіз. Онсыз да арқамыздан қағып қойып, байлығымызды алып қойып жатқандар да жетерлік. Тілінің қасиетін білген жас ұрпақ қана елі мен жерінің қадіріне жете алады. «Ана тілің арың бұл, ұятың боп тұр бетте, өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген Қадыр ақынның өлеңі кеңестік дәуірде туса да, бүгінгі күнге дөп келіп тұр. Бірақ сөздері сұрықсыз, өздері құлық­сыз жастар бұл өлеңнің қадірін қашан біле қояр екен? Ағылшынша сөйле­генде айды аспанға бір-ақ шығармаса да, орыс тілінде орқояндай орғып тұрған олардың ана тілін ас үйде пайдаланатыны жанға батады. Жеке мұрағатымды ақтарып отырып Алаш арыстарының бірі Міржақып Дула­товтың «Қазақ тілінің мұңы» деген мақаласынан қиып алған мына бір жолдарды оқығанда жаным ауырып кетті. Осыдан ғасырға жуық уақыт бұрын жазылған мақаланың бүгінгі күнге тура келгенін қараңызшы. Жа­рай­ды, кеңес дәуірі салтанат құрып, соның бодандығында өткен жетпіс жылды алып тастағанның өзінде, жиырма жылдан бері Міржақып айтқан мұңнан арыла алмай келе жатқанымыз өкінішті. Ана сүтін арда емген арысы­мыз былай дейді: «Мен заманымда қандай едім. Мен ақын, шешен, тілмар бабаларымның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Мен наркескендей өткір едім. Енді қандай­мын? Кірленіп барамын, былғанып барамын, жасыдым, мұқалдым. Мен не көрмедім? Маған әкеліп шүлдірлетіп ноғайды, былдыр­латып орысты ара­лас­тырды. Азар көменес болып кетсең де ата-бабаң қазақ еді ғой. Мен солардың тілі едім ғой. Не жазығым бар? Ая мені!». Енде­ше, мұңға батқан тілімізді шыңыраудан шыңға шыға­ратын уақыт әлдеқашан жетті. Мір­жақып «Оян қазақ, аш көзді, көтер басты», – деп рухымызды оятып, намы­сымызды жанып кетсе, Мағжан ақын: «Мен сенемін жастарға, Алаш атын аспанға, шығарар олар бір таңда», – деп жүрегімізге үміт отын жағып, үлкен сенім артып кетті. Сон­дық­тан мойны­мызда қандай аманат бар екенін естен шығармайық, кейінгі ұрпақ! Менің бұл мақалада айтпағым, қара аспанды төндіріп, қара жамыл­дыру емес, кері­сінше басқаның қа­сиет­сіз қылығына бой алдырып, ессіз желігіп жүрген жастардың намысын қамшылау. Бірақ олардың бұл жазға­нымды оқиды деге­ніне күмәнім бар. Оқыған ойлы азамат сіздер жеткі­зіңіздер. Өйткені қазақ тілі қазаққа ғана керек. Біздің тарихы терең, ерлігі ерен, төзімі берік ел екенімізді таны­татын асылымыз, басты құндылығымыз – ана тіліміз. Осы мақаланы жазып отырғанда ашын­ған жерімде өзімді-өзім сабырға ша­қы­рып, күпірлік еткен болсам, шүкірлік қыла отырып көңілге түйгенім осы болды. Қазіргі қазақ тілінің жағдайы бұлт артынан енді-енді шығып келе жатқан Күн сияқты. Солай-ақ болсын. Бұлт сейілер, Күн шығар. 

ЖАЛҒЫЗ ЖҮРЕК:
Туған тілім барына,
Мен жасайын қанағат.
Жас ұрпақ сенің арыңа,
Ана тілім аманат.

Жұматай Оспанұлының 

«Жалғыз жүрек, сан сауал» 
кітабынан алынды

(Жалғасы бар. Басы: 16.03.2015, 17.03.2015, 18.03.2015, 19.03.2015, 20.03.2015, 22.03.2015, 26.03.2015, 27.03.2015, 28.03.2015, 30.03.2015).

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста