"Жалғыз жүрек, сан сауал": Қу дүние ақыретте азабымыз болып жүрмесін...

"Жалғыз жүрек, сан сауал": Қу дүние ақыретте азабымыз болып жүрмесін...

Отба­сы, ошақ қасындағы тәрбие – ұлт болашағының негізі. Ал өзге елдің алдында өрелі ел еке­німізді таны­ту үшін, өзін қазақ­пын деген әрбір адам­ның жүрегінде иманы кәміл, ары таза болғаны дұрыс-ақ. Біз­дің қоғамда тура жолдан тайды­рудың басты құра­лының бірі – парақорлық болып отырғаны даусыз. «Бақара» сүресінің 188-ая­тын­да: «Араларыңдағы мал-дү­ние­леріңді – арам жолмен жемең­дер! Яғни, бір-біріңнің ақы­ла­рыңды жемеңдер. Және күнә істе­геніңді біле тұрып, адамдардың малда­рынан бір тұтамын арам жол­мен жеу үшін малыңды пара қылып, әкімдерге апар­маң­дар», делін­ген. Бұл – Құран сөзі. Ал Пайғам­бары­мыздың (с.ғ.с) хадисінде: «Алла тағала пара­ны беруші мен параны алу­шыны лағнет­теді» дейді. Осы­нау нәпсімізге құл қылатын уақыт­тың жалған еке­нін біле тұра қу дүние үшін неге сон­ша­лықты жан­та­ласа­ды екен­біз. САН САУАЛ.

Алланың рақымына бөлен­геннен гөрі, адамның көңілінен аса алмай, Жаратқанға ғана құлшылық ету бұйы­рылғанымен, бір-біріне құл­дық ұрған қоғам етек алып барады.
Мейлі, алтыннан сарай тұрғы­зып, алтын қазанға ас пісіріп, күміс қасықпен тамақ іш. Ал­ладан әмір жетіп, әзірейіл жаныңды аларда, өзегіңе құрт боп түскен қу дүниенің көк тиын құны болмай­тынын ұмыт­пайық. «Аңыз түбі ақиқат» дейміз ғой, ол рас. Осы орайда, есіме бір қисса оралып отыр. Ертеде төрт құбыласы тең, дәулеті тасқан, байлығы асқан бір адам өмір сүріпті. Бірақ соның бәрінің опа бермейтінін білген ол – жиі- жиі малынан зекет беріп, жетім-жесір, жарлы-жақыбайларға садақасын тара­тып тұратын сондай бір иманы кәміл жан екен. Қыруар байлы­ғына мұра­гер жал­ғыз ұлы болып­ты. Әкесінің тірлігін оңды-солды шаша береді деп түсінген ұлы бұл қылығына аса іші жылы­майтын болса керек. Төрі­нен көрі жақын қалған әлгі қария: «Ұлым дүниеге құл болып кетпесе екен» деп өлерінде қасына шақырып өсиет айтыпты. «Балам, көзімнің тірісінде саған айтқан соңғы өтінішім болсын. Орындауға ты­рыс. Менің жаназамды шығарушы молдаға айт. Мені мына жыртық шұлықпен жерле­сін, бірақ қарсы­ласа көрмесін», – деп сөзін аяқтап шығарып жіберіпті. Одан кейін көңілін сұрай келген ең жақын досына: «Мен өлгенде молда мен балам­ның арасында үлкен дау туын­дайды. Сол кезде мына хатты берер­сіз. Оған дейін сіз де ашып оқыма­ңыз», – деп уәдесін алып, аманатын табыстап, жантәсілім етеді. Жана­засын шыға­рар сәтте ұлы әке амана­тын орындау үшін молдадан жыртық шұлығын кигізіп жерлеуін сұрай­ды. Имам бұл шариғатқа қайшы екенін қанша айтса да, ұлы бет қаратпай әкесінің айтқанын орын­дамақ болады. Екеуінің арасын­дағы тартыс дауға айналып бара жатқан тұста, марқұм­ның досы екеуін сабырға шақы­рып: «Дәл осы жағдайдың болатынын біліп, дау үстінде балама мына хатты бер деп өтініш айтып еді», – деп хатты тапсырады. Баласы хатты ашып оқи бастайды. «Соңымда қалған жалғыз тұяғым. Мен сені мынау жалған дү­ние­де еште­ңеден кенде өсірмедім. Не кием, не ішем демедің. Жоқшы­лықтың не екенін білмей ержеттің. Кейде тіпті менен гөрі саған мал мен байлық жақын көрініп кетті. Мына жалғанның қызығына қызықпай, ақыреттік азы­ғыңды дайын­дап үйренсін деп осылай жасауыма тура келді. Көрдің бе, ұлым? Қанша байлығым, мал-мүлкім болса да, екі-үш құлаш кебінге оранып, тіпті өзіммен бірге жыр­тық шұлығымды да әкете алмай барамын. Әкенің малы балаға мал болмайды. Сондықтан менің тір­лі­гімде істегенімдей зекетіңді бер, садақаңды тарат және қайы­рымды іс істеуге тырыс. Қамшы сабындай қас-қағым ғұмырда дүние емес, жүрегіңе иман жина. Ол сенің ақыреттік азы­ғың», деп жазылған екен хатта. Әкесі­нің тірші­лігінде айтқан соңғы амана­тының сырын енді ұққан жігіт асып, тасқан байлықтан өзіне тиесілі еншісін ғана алып, қалға­нын мұқтаж жандарға таратып берген екен. Тағы бір хадис шарифте: «Адам­мен бірге арғы дүние­ге бала-шағасы, мал-мүлкі мен жиған байлығы бармай­ды. Тек жасаған амалдары ғана барады» делінген. Бұл қиссада осы жал­ған өмір, қу тірлік­те қу дүниеге құл болғанын абырой көріп, мас­та­нып, масаттанып, қарнын си­пап жүр­ген қарынбайлар үлгі алар­лық­тай үлкен ғибрат бар. Хақ-таға­ламыз бізге байлықты, мал-мүлікті пара ретінде пайдаланып, мынау қас-қағым өмірді жалған атақ үшін жанталасып өткізуге бермесе керек. «Судың да сұрауы бар» деген аталы сөзді бәріміз білеміз. Бір жұтым су үшін жауап беретін болсақ, бақытқа жеткізеді деп басы­мызды айналдырған қу дүние ақыретте азабы­мыз болып жүр­месін.

Жұматай Оспанұлының 

«Жалғыз жүрек, сан сауал»
кітабынан алынды

Жалғасы бар. Басы: 16.03.2015, 17.03.2015, 18.03.2015.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста