Заң мен заман

Заң мен заман

Досай Кенжетай философия және теология ғылымдарының (PhD) докторы, профессор, Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Яссауитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры

Құқық - билік пен қоғамның, мемлекет пен халықтың арасындағы ең басты ұстаным. Бұл жерде халыққа өзінің құқы мен хақын білдіру, анықтау мемлекеттің міндеті. Мемлекет те өзінің конституциялық нормаларының шегі мен шекарасын дәлелді уәжбен, ғылыми таным, зерттеулер негізінде алынған тұжырымдар арқылы нақты айқындап барып қабылдатуы тиіс.
Құқықтық мәселені негізінен «дінге сенушілер мен сенбеушілер» арасындағы дилемма ретінде көрсетуді доғару қажет. Себебі құқықтың да діни, мәдени, саяси және т.б қырлары мен қабаттары бар. Сөзсіз бұлардың арасында ортақ платформа сақталған. Енді діндарлар арасынан наразылық туындап жатса, оның азаматтық позициясы мен діни және құқықтық танымы дұрыс қалыптаспаған болуы мүмкін. Болмаса, оның азамат ретінде басқа да наразылықтары дін арқылы көрініс беруі әбден мүмкін. Менің ойымша кез келген азамат өзінің тіршілік етіп жатқан уақыты мен кеңістігінің шарттарын назарға ұстағаны абзал. Мемлекет халықтың, қоғамның тыныштығы мен бақыты үшін бар. Сондықтан алдымен ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттіліктің баяндылығының басты шарт екендігі идеологиялық біріншілік ретінде дәріптелуі тиіс. Мемлекеті, егемендігі жоқ ешқандай мәдениет өзінің болмысы мен ұлттық ерекшелігін сақтай да, дамыта да алмайды. Оны алысқа бармай ақ кешегі кеңестік идеология кезіндегі отарлық күйден ақ байқауға болады.
Сондықтан ең басты байлығымыз да, ең асыл құндылығымыз да әрине егемендік. Ал енді егемендік сана ол бірден қалыптаспайды, бірте бірте азаматтық қоғаммен бірге орнығып, бекиді. Біздің ел қазір осы хәлді басынан кешіп жатыр. Кеше Абай өзінің «Қара сөзінде» бұл «ел дар ул харб» деді. Неге? Себебі біз отар едік, егемендік жоқ, бұратана саналдық. Міне сол кезде «түркі танырлық қана» діни сауат алсақ жетіп жатыр деген болатын.
Бүгін егеменбіз. Діни білім де діни сенім де, діни сана да, діни таным да бәрі өз орнында, егемендіктің берген мүмкіндігі мен шегі негізінде, құқықтық шеңберде жүріп жатыр. Керек десеңіз, діндарларымыздың үнінің өктем шығуы да осы егемендіктің демократия мен құқықтық мүмкіндіктің арқасындағы хәліміз. Біздің діншілдердің діни танымы мен діни санасында үндестік бұзылып отыр. Мәселе осында жатыр. Енді мемлекет өзінің алғашқы тәуелсіздік жылдарындағы жіберген кемшіліктері мен қателіктерінің орнын толтыруға ұмтылып жатыр. Ниет дұрыс, бағыт айқын, шешім нақты.
Осы бағыттағы ұйымдастырылып жатырған жұмыстардың бірі, «Діни қызмет пен діни бірлестіктер» жөніндегі заңнамаға енгелі жатырған өзгерістер. Заң жобасы Мемлекет басшысының Қауіпсіздік кеңесінің 2016 жылғы 10-маусымда және 9-қыркүйекте өткен отырыстарында берген тапсырмаларын іске асыру шеңберінде әзірленіп жатыр.
Аталған заң жобасы 12 заңнамалық актілерге (3 кодекс және 9 заң) енетін 53 өзгерісті қамтиды.
Діни тәжірибемізде орын алмаған құбылыс болғалы жатыр, бұлар «Деструктивті діни ағым» және «діни радикализм» ұғымдарының құқықтық категория ретінде айналымға енгізілуі.
Және де қоғамдық орындарда деструктивті діни ағымдарға тиесілігін жария көрсететін сыртқы атрибуттарды қолдануға, киім-кешекті киюге заңнамалық тыйымдардың енгізілуі. Бұл құқықтық, хақылық категориялар діни санамыз бен діни тәжірибемізге де біраз өзгерістер алып келеді деп ойлаймын. Қазақи, дәстүрлі деп жүрген діни танымымыздың жандануына, жаңғыруына себепші болуы керек, себебі сыртқы саясиланған діни идеялардың, діни сананың экспансиясына кедергі бола алатын құқықтық құрал пайда болады.
Өзі діни сана деген ол қазақ болмысының көрсеткіші. Сол көрсеткіштің мазмұны оның діни танымынан туындайды. Мәселені құқықтық емес, болмыстық тұрғыдан қарасаңыз, қазіргі діндарлық пен діншілдіктің арасында нақты анықтамалар жасалмаған. Қазақ ғасырлардан бері мұсылман. Оның мұсылмандық өзіндік ерекшелігі бар. Сол арқылы болмысы да, тарихы да, мәдениеті де сомдалған. Осы болмысты жоққа шығарғысы келетіндер қырсығып өзінің наразылығын көрсетіп жатқандар негізінен діни деструктивті психологиялық танымдар мен идеологиялардан уланғандар деуге болады. Олар дін ретінде өзгенің салты мен әдет ғұрыптарына малданғандар. Рас араб та, парсы да, түркі те мұсылман. Біз де олармен діни сенім негізінде ғана бірміз. Ал діни таным, діни сана және діни тәжірибеміз басқа. Осы нәзік мәселені білмейтіндер, сезбейтіндер. Танымайтындар әрине қоғамда дау туғызып, жік жаратып, өздерінше құқықтарын мойындатқысы келеді. Бұлардың да жазығы жоқ. Негізінен өзіміз о бастан діни танымды, дін құбылысын жете дұрыс бағамдай алмадық. Діни құндылық пен діни білім беру қатар даму керек еді. Не ексең соны орасың деген. Мемлекет зайырлы ұстанымның мазмұны мен сипатына дендеп көңіл бөлгенде бүгінгі қателіктер болмас еді деген ой келеді.
Мына қоғамда кім хақын білсе, талап етсе, сұраса, ол адамда «мен» деген азаматтық кісілік көрініс тапты деген сөз. Ал егер қоғамда біреу ешқандай хақын не хұқын білмесе, ізденбесе, онда «мен» деген ақиқаттың орнына тобырдың еркі, идеологияның қысымы немесе авторитаризмнің лебі бар деген сөз. Жалпы хақ сұрағандікі, яғни оның қажеттілігі мен талабына жауап беру де бүгінгі зайырлы, демократиялық мемлекеттің міндеті.
Бірақ діншілдердің жасап жатқан талабы қасақана өздерінің діни танымының ғана дұрыс, басқаларының діни танымы бұзылған деген «таза ислам жоқтаушыларына» айналып бара жатса, ол жерде құқық емес, саясат, идеология, провокация, экстремизм жатыр деген сөз. Олар мына елдің зайырлы ұстанымы мен мемлекеттік негіздері мен құрылымына пысқырмайды деген сөз. Жоғарыда да айттық: «Мемлекет өзінің қойған нормаларының шегі мен негіздемесін нақты айқындап, дәлелді уәжбен, ғылыми таным, зерттеулер негізінде алынған тұжырымдар арқылы қабылдатады» дедік. Мемлекет бүгінгі заңдарға енгізгелі отырған өзгерістер де осы қоғамдық тыныштық пен тарихи сабақтастықтың сақталуына бағытталып отыр. Мәселен осы заң жобасы бойынша реттелгелі отырған тақырыптарға назар аударсақ, «неке қию» рәсімінің діни ғимараттардан тыс орындарда өткізілуіне жол бермеу, «ішкі істер органдарына деструктивті діни ағымдардың ұстанушыларына ресми ескерту жасау бойынша өкілеттілік беру», «бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орындарда киіп жүрге тыйым салу», «діни бірлестіктердің қаржылық ашықтығын қамтамасыз ету» секілді қадағалау, реттеу, тию құралдары болып қалуы ықтимал, потенциалды қауіп –қатерлердің алдын алу немесе уақыт талабына сай мәселеге дер кезіндегі жүйелік реакция ретінде қарауға болады.
Оның үстіне жахандық саясат жағы тағы бар. Қазір елеусіз агрессия ертең терроризмге арты төңкеріске апарып соғуы ықтимал. Мемлекет осындай келеңсіздіктер мен құбылыстардан сақтанудың механизмдерін алдын ала жасап қоюды өзінің міндеті санайды. Яғни мемлекет те адам сияқты: ол қорқады, үрейленеді дегендей...Мемлекеттің үрейіне себеп болып отырған да өзіміздің азаматтар, діндарларымыз...Олардың өзгерген діни санасы мен діни танымы әрине. Бұлар адамның ішкі танымы болғанменен, ертелі кеш ол сыртқа шығатын потенциалды идеология. Саясиланған діни ақида. Сондықтан мұны хақ құқық талабы емес, саяси идеологиялық қысым деуге болады.
Бұл жердегі хақ, құқық деген араб сөзінен енген ұғым, термин бойынша, «белгілі нақты бір ережеге, нормаға сай болған нәрсе», яғни заң түрінде қабылданған нәрсе. Адамның қоғамға, қоғамның да адамға қатысты орындауы тиіс нәрселер хақ деп аталады. Яғни хақ дегеніміз рұқсат етілген нәрсе дегенді білдіреді екен. Ал енді сол нормалар қайдан алынады немесе норма, ережелер қалай пайда болады?
Хақ дегеніміз бір нәрсені орындау үшін азаматтың моральдық ерік жігері мен қуаты, мүмкіндігі деген сөз. Сондықтан әрбір хақ-құқық азаматтан оның басқаларға қатысты міндетін орындауды талап етеді. Саяси тұрғыдан хақ- заң немесе нормалар арқылы берілген акция. Бұл жерде де ережелер мен нормаларға сай болу шарты бар. Сенім, ой, ождан, сөз еркіндігі құқы деген сияқты адамның саяси, әлеуметтік хақтары осы қабаттарға тән. Енді осы хақтарды анықтайтын нормалардың барлығы, қоғамның тіршілігі мен қоғамдық қатынастарды реттеп, бақылап, жүйелеп отыратын ережелер мен заңдарды тұтастай құқық дейміз.
Құқық негізінен адамдардың бірге қоғамдасып тіршілік етуінің кепілі. Демек ол табиғи шарт. Сондықтан құқық қоғамда адамның қажеттіліктері мен қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі үшін бар деген сөз.
Сонда діншілдердің бүгінгі талабы мемлекеттің құқықтық ұстанымдарына қайшы келіп отыр.
Теологияда мына үштік тұғыр бар: Алла, әлем және адам. Алғашында сонау Аристотель заманында Алла әлемге де, адамға да, іс амалына да, оның тіршілігіне араласпайтын еді. Кейіннен, танымдар өзгерді: Алла, әлем, адам арасында бірлік, тұтастық пайда болды. Кешегі Батыстық өзгерістерден кейін Алланы мүлде жоққа шығарғысы келген идеологиялар шықты. Оның ең бірегейі кеңестік жүйе. Онда теориялық әрі практикалық тұрғыдан Тәңірді адам санасы мен тіршілігінен аластатуға бағытталды. Таяуда осы мәселелерді егжей тегжейлі теориялық біліммен талдаған ағылшын ғалымы Карен Армстронгтың «Құдайтану баяны» атты еңбегін елбасымыздың тапсырмасы бойынша қазақ тіліне аударып шықтық. Бүгінгі жастарға пайдалы болады деген үмітіміз мол.
Ал зайырлы жүйеде адам мен әлем басқаша қатынаста, ал Алла мен адам да басқаша ұстанымдық қатынаста орын алып отыр. Осы жерде мемлекет Аллаға қарсы шығу, жоққа шығару деген ешқандай ұстанымды қабылдамайды. Мемлекет Аллаға да, дінге де, адамның діни сеніміне де араласпайды. Қисыны да осы, хақ-құқық шегі де осы. Діннің де мемлекет ісіне араласпауын шарт ретінде нормалық келісім ретінде ұсынады.
Егер мемлекет азаматтарын екіге жарып, оның ішінде «діндарларға» қысым жасап жатса онда ол тыйым алдымен атеистік платформада көрініс табар еді. Ал біздің мемлекет керісінше дінге, діни білімге ерік берген. Зайырлылық деген ұстаным діннің де тынысын ашатын ұстаным. Мемлекеттің де. Себебі адамның діни және дүнияуи талаптары мен сұраныстарына жауап берудің мүмкіндігі осы зайырлылықта жатыр. Діни таным мен ғылыми таным егіз, бір болу шарты бар. Егер қоғамда азаматтар кез келген нәрсеге «халал-харам» стандартымен қарайтын болса, ол жерде проблема бар. Ислам діні негізі адамзатқа алып келген басты құндылығы жаңалығы ол ар мәселесі. Қазіргі діншілдер басқаша.
Әрине дәл бүгінгі қоғам талабына жауап ретінде жасалып жатқан іс шаралар. Ертең қоғам талабы өзгерсе, заң тағы өзгереді. Сондықтан бұл бір діни қатаң қағида емес, заң ол уақытқа қарай қоғамның дамуы мен сұранысына қарай бейімделіп кете береді. Бүгінгі заңдағы тыйымдар ертең тыйым болмай қалуы әбден ықтимал.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста