ЖАҚСЫ ДОСҚА ТӘН 5 ҚАСИЕТ
1. Оның бір ғана көзқарасының өзі саған Алланы еске түсіріп тұрады;
2. Оның өмір сүру дағдысы Алланы еске салады;
3. Оның сөзі де, ісі де сенің біліміңді жоғарылатып, иманыңның артуына себепкер болады;
4. Ол сенен қателік көрсе, міндетті түрде жөнге салады;
5. Сенің қайырымды істер жасағаныңа куә болса, қандай амалмен болсын қолдау көрсетуге асығады.
Бұл – нағыз достың сипаты. Алла разылығы үшін жақсы көретін бауыр-дос дұғамен де келеді, сол себепті, Алладан тілеңіз. Мұндай досты асықпай таңдаған жөн. Ол да күтіп, аялауды, бағып-қағуды керек етеді. Сонда ғана құнарлы жерге егіп, ауық-ауық топырағын қопсытып, уақытымен су құйып, арам шөбін жұлып өсірген жас көшеттен көп бұтақты, қалың жапырақты, саялы алып дарақ өсіп шықпақ.
Достықтың нәрі – оның қадіріне жете білу. Ол үшін Абай атап көрсеткендей, «Достыққа достық – қарыз іс» екендігін әрдайым жадымызда ұстаған жөн.