ЗЕЙНЕТАҚЫДАН ЗЕКЕТ БЕРУ КЕРЕК ПЕ?

ЗЕЙНЕТАҚЫДАН ЗЕКЕТ БЕРУ КЕРЕК ПЕ?

Зейнетақы – мемлекет тарапынан зейнеткерлік жасқа жеткен адамға заңнамада көрсетілген нормаға сай тұрақты берілетін төлемақы, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Мazhab.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл әлем елдерінде қолданылынып жүрген әлеуметтік қамсыздандырудың (әт-тәкәфул) бір түрі болып саналады. Бұған көпшілік ғалымдар рұқсат берген[1].

 

Зейнетақы қорында жиналған ақшадан зекет беру мәселесіне келсек, салымшының жинақталған қаражатты толықтай қолдана алуына немесе пайдалана алмауына байланысты үкімі өзгереді.

 

Егер салымшы зейнетақы қорындағы жинақталған ақшасын қалаған уақытта қолдана алса, оны өзінің мүлкіне қосып, зекетін береді.

 

Ал зейнетақы жинағынан қаражатты зейнеткерлік жасқа жеткенде ғана алу мүмкіндігі болса, бұған қатысты ғалымдардың арасында үш түрлі көзқарас бар[2]:

 

Зейнетақы жинағындағы қаражат нисаб мөлшеріне жетсе, оны алу мүмкіндігі болмаса да әр жылы одан зекет беріледі. Өйткені бұл «мулку тәмм» (мүлікті толық иелену) әрі «қайтарылу мүмкіндігі жоғары қарыз» (дәйну мәржу әл-әда) үкіміне кіреді. Егер зекеттің шарттары толық болып, қарызы немесе басқа да зекет беруге кедергілер орын алмаса, зекет беріледі[3], – деген.

 

Зейнетақы қорында жиналған ақшадан зекет берілмейді. Тек жинақталған ақшасын толық қолына алып, ол қаражаты нисаб мөлшеріне жетсе әрі бір жыл айналса ғана одан зекет беріледі[4]. Зейнетақы қорында жиналған ақшаны қолына алмайынша зекет берілмейді.

 

Ислам фиқһ академиясының Дубай қаласында өткен 16-отырысындағы №143 қарарында: «Қызметкер жұмыс мерзімі аяқталып, зейнетке шыққанға дейін зейнетақы қорында жиналған ақшасынан зекет беруі міндетті емес. Өйткені мүлікті толық иелену шарты (мулку тәмм) амалға аспайды. Ал мүлікті толық иелену зекеттің негізгі шарттарының бірі. Егер зейнетақы қорындағы ақшаның бәрін немесе бір бөлігін алса, оны қолындағы дүниесіне қосып, зекетін береді»[5], – делінген.

 

Үшінші көзқарастың екінші көзқарастан айырмашылығы мұнда зейнетақы қорынан алған қаражатты бір жыл айналмаса да қолындағы нисаб мөлшеріне жеткен ақшасына қосып, зекетін шығарады.

 

ҮКІМ:

 

Зейнетақы қорында жиналған ақша нисаб мөлшеріне жетіп, бірақ оны алу мүмкіндігі болмаса, одан зекет беру міндеттелмейді. Егер зейнетақы қорындағы ақшаның бәрін немесе бір бөлігін алуға мүмкіндігі болса, оны қолындағы дүниесіне қосып, зекетін береді. 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста