Жер сілкінісінің қалай болатыны ғылымнан бұрын Құранда айтылған

Жер сілкінісінің қалай болатыны ғылымнан бұрын Құранда айтылған

Қасиетті Құран Кәрімде жер сілкінісі жайында көп айтылған. Жалпы, жер сілкінісі жайындағы аяттарды екі негізгі топқа бөлсе болады. Мәселен, жер сілкінісі Хақ Тағаланың кәпірлерді жазалау жолы ретінде баян еткен аяттар бар. Басқа бір аяттарда жер сілкінісі Қиямет басталудың ғаламаты ретінде көрсетілген. Осы жер сілкінісі ең күшті әрі опатты болады. Мәселен, «Зәлзалә» сүресінде Хақ Тағала былай деген: «Жер сілкініп қозғалған сәтте. Жер ішіндегі жүгін шығарған кезде. Адам баласы: «Бұған не болды?», - деген сәтте». («Зәлзалә», 1-3 аят) Бұл аяттарда нақты Қияметтің ғаламаты болған жер сілкінісі жайында баян етілген.

Бұл сүренің әуелгі аятындағы «иза» сөзі «сәтте, кезде» деген мағынаны білдіреді. Араб тілінің грамматикалық қағидасына сай, бұл сөз шартты мағынаны айқындайды. Яғни, осы сөз арқылы Хақ Тағала Қияметтің міндетті түрде болатыны жайында айтып жатыр. Басқа ұғымы – Қиямет ескертусіз, кентеттен басталады. Осы себептен біздің нанымымыз бойынша мұсылмандар ешқашан Қияметтің нақты басталу уақыты жайында сөз етпейді. Осының өзі Ислам – хақ дін екеніне айқын дәлел!

Өзге дін өкілдері қанша рет Қияметтің басталуы жайында айтқан болатын. Ал, мұның соңы не болды? Дәлелсіздіктің нәтижесінде «Қиямет пәленше күні басталады» деп жар салып, соған өзгелерді сендіруге бар ынта-жігерін жұмсағандардың өздері-ақ Қияметтің басталуын басқа күнге ауыстырып жатты. Осының өзі олардың адасқандығын көрсетпей ме?!

«Зәлзалә» сүресінің екінші аятында Хақ Тағала: «Жер ішіндегі жүгін шығарған кезде», - деген. Яғни, қатты сілкіністің нәтижесінде жер жүзіне оның қойнауында ғасырлар бойы адам баласының назарынан жасырын нәрсенің бәрі шығады. Сонымен қатар, ғалымдардың айтуынша бұл жерде өлген адамдардың тірілуі жайында айтылған.

Жер сілкінісінің нәтижесінде жер қыртысы өзгеретіні ғылыми ақиқат. Сонымен қатар жер сілкінісі адам өліміне алып келеді. Осының бәрі ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан әдеттегі жер сілкіністің нәтижесі. Ал, енді көз алдыңызға ең ақырғы әрі ең күшті жер сілкінісін елестетіп көріңіз! Ол кезде таулар тозаңға айналып, су тасқыны болады. Жер жай қалаларды ғана емес, бәлкім бүтін елдерді жұтады.

Ақиқатына келер болсақ, «Зәлзалә» сүресі тым үлкен ғылыми ақиқатқа ишара етуде. Яғни, ондағы айтылған геология заңдылығына дәлме-дәл келеді.

Геологтардың пікірінше жер тартылысы күшейген сайын жердің әр қыртысының салмағы да ауырлай түспек. Осыған сай жердің әр қыртысындағы темірдің де салмағы ауырлай түседі. Нәтижеде салмағы жеңіл заттар жер бетіне итеріліп шығарылады. Бұл айтылғанға жер ядросындағы темір мен оксидтердің (FeO и Fe2О3) үлкен мөлшері дәлел. Бұл өз кезегінде жер бетімен салыстырғанда жер ортасының салмағы ауыр екенін көрсетеді. Ал, Қиямет басталғанда соңғы қатты жер сілкінісінің нәтижесінде осы ауыр салмақтың бәрі жер бетіне қопарылып шығады.

Осы жерде кез келген жер сілкінісінің реті жайында айтып кетсек артық болмайды. Алдымен болмашы діріл пайда болады. Оны геология саласында «форешок» деп атайды. Көп жағдайда форешоктан соң қатты сілкініс болады. Сонымен қатар әдетте бірінші қатты сілкіністен соң белгілі уақытқа тыныш болып, содан соң қатты сілкініс орын алады. Геологияда мұны «афтершок» деп айтады. Дәл осы ғылыми заңдылық «Назиғат» сүресінде баян етілген.

Алла Тағала айтады: «Ол күні қатты сілкініс болады. Оның артынан тағы бір сілкінеді». («Назиғат», 6-7 аят)

Бұл сүренің алты аятындағы «ражифа» (қатты сілкініс) форешокқа, ал жетінші аяттағы «радифа» (тағы бір сілкініс) афтершокқа ишара.

Жер сілкінісін осылай дәйекті түрде баяндауы Құранның ақиаттығына дәлел.

islam.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста