«ЖЕТІ КҮНӘНІҢ» ЕҢ АУЫРЫ...
Құдай Тағаланың адам баласы маңдайына тумай жатып жазып қойған «жеті күнәсінің» ішіндегі ең ауыры, қауіптісі, зымияны, зияндысы, озбыры, абыройдан жұрдай ететіні-КҮНШІЛДІК.
Кез келген адамның бойынан табылатын (рас, біреуде аздау, біреуде көбірек) «жеті күнәнің» бірі әрі бірегейі-күншілдік сезім екені дау тудырмайды. «жеті күнәнің» қалған алтауын білесің бе? Білмесең жетеуін де айтайын.
Олар:
1.Күншілдік,
2.Қызғаншақтық,
3.Тәкаппарлық,
4.Ашушаң-ызақорлық,
5.Жалқаулық,
6.Қанағатсыздық,
7.Сезім құштарлығы.
Әлемнің дәстүрлі діндерінің көпшілігі дерлі осы «жеті күнәға» адам бойындағы «жеті қайырымды» қасиетті қарсы қояды.
Олар:
1.Ақыл-парасат,
2.Сабырлылық,
3.Әділдік,
4.Шыдамдылық,
5.Сенім,
6.Үміт,
7.Мейірімділік.
-Бұған қазақ қауымы қалай қарайды екен?
-Қазақ жұрты да соларға жақын пікірде болған. Мәселен, атақты Бөлтірік шешен бұл туралы:
Күншілдік деген бар, содан сақтан,
Кекшілдік деген бар, содан сақтан.
Астамшылдық деген бар, одан алыс жүр,
Сараңдық деген бар, одан қалыс жүр.
Қараулық деген бар, одан таза бол,
Бәлеқорлық деген бар, одан ада бол.
Ынсапсыздық деген бар, содан аман бол,-деген екен.