ЖЕТІ НӘРСЕ БОЛМАЙ, ЖЕТІ НӘРСЕДЕН ПАЙДА ЖОҚ
قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِنَّ مِنْ أَسْوَأِ النَّاسِ مَنْزِلَةً مَنْ أَذْهَبَ آخِرَتَهُ بِدُنْيَا غَيْرِهِ. (ط)
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Расында басқалардың дүниесі үшін өз ақыретіне зиян келтіргендер (қиямет күні Aлла алдында) дәрежесі жағынан адамдардың ең жаманы”. (Мүснәд Тайалиси)
Хикметті жанның бірі былай деген:
Жеті нәрсе істеп, жеті нәрсені істемегеннің амалынан пайда жоқ.
Күнәдан бой тартпайтын адамның сөйте тұра “Aлла Tағаланың азабынан қорқамын” дегенінен пайда жоқ.
Салих амал жасамаған адамның “Мен Aлла Tағаладан сауап тілеймін” дегені пайда бермейді.
Ғибадат және қайырым жасауға жүрегімен ниет етіп, бірақ қайыр жасамаған адамның ол ниетінен пайда келмейді.
Өзіне қайырым жасайтындай мүмкіндік сұрап Алла Тағалаға дұға қылғанмен, еңбектенбегенге дұғасының пайдасы тимейді.
Жасаған күнәсіне өкінбеген адамға, тек аузымен сұраған кешірімі; “Әстағфируллаһ” дегеннен пайда жоқ.
Басқалардың көзінше салих, қайырлы амалдар жасап, ешкім көрмейтін жерде жаман амал жасағанға салих амалдарынан пайда жоқ
Құлшылық жасауды бұлжытпай атқарғанмен, амалдарын ықыласпен; бір Aлланың ризашылығы үшін жасамаған адамға ықылассыз амалдарының пайдасы тимейді.