«Зина жасамаңдар. Өйткені, ол арсыздық және жаман жол» (Исра сүресі, 32-аят)

«Зина жасамаңдар. Өйткені, ол арсыздық және жаман жол» (Исра сүресі, 32-аят)

Құранда, хадисте де келтірілген үлкен күнәлардың бірі зина, елімізде қоғам дертіне айналып отыр. Тарихымызға үңілсек бабам қазақ «дін – діңгегім, шариғи заңым» - деп тірлік кешкенін көреміз. «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе, қара күңнен тыю»деген қазақ аталы сөзі сөз күйінде қалып отыр. Зинақорлыққа жастар арасында түнгі клубтармен кафе, мейрамхана сияқты харам саналатын арақ -шараптың әсері, телеарналарда көрсетіліп жатқан зинаға итермелейтін фильмдер арқау болып отыр. Бір- екі күндік көңіл қосып жүрген жастар қандай қатерлі күнә, орны толмас қателік жасап жатқандарына есеп бермей жатады. Себебі оның діннен хабары аз, немесе иманы әлсіз адам. Алла берген бұл ғанибет өмірді қалай өткізу керектігіне бойламағандығын аңғартады.
Харам болған жерде тазалық, береке қайдан болсын. Сол бір харамнан болған ләззаттан жетім бала дүниеге келіп балалар үйінің жетімдерін арттыра түседі. Үйленіп жатқан жастарымыз да қыз – жігіт болып 4 – 5 жылдап некесіз жүріп барып той жасап кейіннен некесін қидырып жүр. Сол некенің не екенін ойы жетіп түсіне бермейтіндер де көп, әйтеуір бәрі қидырып жатыр бізде қидырып естелік ретінде куәлік ала салайық деп жатады.
Әрине, бұл білімсіздік. Себебі жақсы көріп сүйсеңде, күйсең де Алланың заңы заң, некесіз қатынас харам болады. Мұны бала балиғат жасына жеткенше ата -ана түсіндіріп білдіріп қоюлары керек. Бірақ олардың көпшілігі өздері де біле бермейді. Керек десеңіз жасы орта белге келген аға деп, ата деп, жүргендеріміздің өзі зинаның түбін түсіретін арсыз болып шығып жатады. Ақыретке сенімі жоқ мұндай ағаларымыздан қандай ғибрат, нендей қайыр бар.
Алла Тағала Құранда Исра сүресінің 32 – ші аятында «Зина жасамаңдар. Өйткені, ол арсыздық және жаман жол» (Зинаға жуымыңдар: соған бейімдейтін әр түрлі әрекеттерден аулақ болыңдар) деген мағынада айтылады. Ал Пайғамбарымыз(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Егер пенде зина істесе иманы көтеріліп төбесінде көлеңке секілді тұрады. Ал, тәубе етсе қайта оралады» деген. Зинақордың жүзінде нұры, ісінде береке, отбасында татулық, жүрегінде тыныштық болмайды.
Құранда «Жамандықтардың (фауаһиш) ашық, жасырын болғанына да жақындамаңдар» («Әнғам», 6/151) деген аят күллі күнәларды қамтумен қатар зинадан да аулақ болыңдар деген мағынаға да саяды. «Нұр» сүресінің 33-аятында: «Үйлене алмағандар, Алла Өз кеңшілігімен байытқанға дейін, (суық жолдан) өздерін таза ұстасын...», деу арқылы оларды ар-намысын сақтауға шақырған. Құран Кәрімнің «Нұр» сүресінің 30 – 31 – аяттарында: «(Ей, Мұхаммед!) Мүміндерге айт: бөгде әйелдерге сұқтанып көз сүзбесін, абұйырларын (ұятты жерлерін) ашпасын. Олардың осылай еткені жақсы. Шынында, Алла олардың бар қылықтарын байқап тұрады. Мүмін әйелдерге айт: жат еркектерге көз сүзбесін, абұйырларын жапсын...», - деп бұйырады.
Исламның алғашқы жылдарында,мұсылмандықты қабылдағанымен, қараңғылық дәуірде бойына сіңіп қалған жиіркенішті зинақорлық әдетінен арыла алмаған бір жас жігіт Алла Елшісіне (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келіп:- Ей, Алланың Елшісі, маған зина жасау үшін рұқсат берсеңіз – дейді. Хазреті пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жанында отырғандар жігіттің орынсыз өтінішін естіген сәтте оған бірден ашулана бастайды. Сонда Алла Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сабырлы қалпынан айнымай одан былай деп сұрады:- Осындай нәрсенің сенің анаңа жасалғанын қалар ма едің?
- Әке-шешем Сенің жолыңда құрбан болсын, ей, Алланың Елшісі, әрине, қаламаймын!
- Ешқандай адам анасына мұндай жиіркенішті қылықты қаламайды. Егер сенің қызың болса, оған да осыны қалар ма едің?
- Жаным Саған құрбан болсын, ей, Алла Елшісі, еш қаламас едім!
- Ешбір жан да қызына мұны тілемес еді. Ал әпкелеріңе осындай нәрсе жасалғанын қалар ма едің?
- Жоқ, пайғамбарым, мұны да қаламаймын!
- Ешкім де әпкелеріне мұндай сорды қаламайды. Қарындастарыңа ше, оларға осындай жамандық жасалғанын қалар ма едің?
- Жо-жоқ, қаламаймын!
- Ешкім де қарындастарын қасіретке душар еткісі келмейді, – деген Алла Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қолын әлгі жігіттің жүрек тұсына қойып: «Алла Тағалам, мұның күнәсін кешір, жүрегін жамандықтардан тазала, намысын сақтауға жәрдемші бол!» - деп дұға етеді. Міне, осылайша, жігітке ашуланбай, оның өрекпіген көңілін басып, зинақорлықтың жиіркенішті екенін осындай мысалдармен түсіндіріп, әкелік мейірім танытып, жанын жегі құрттай жеген әлгі күнәдан құтылуы үшін дұға етеді. Жас жігіт сол сәттен бастап өмірінің соңына дейін иманына кір түсірмеді.
Ардақты елші (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер де әйелдеріңіздің арлы, намысты болғанын қаласаңыз, бөгде әйелге құмарта қарамаңыз» деп өсиет ету арқылы қоғамдағы дерттің алдын алуға шақырады. Ар-намысын ойлаған пенде өз шаңырағындағы қызына, әйеліне, әпке-қарындасына, басқа да жақындарына, бейтаныстарға да мұндай жамандықты тілемейтіні анық. «Зина және өсім бір қалада жайылған кезде, олар Алланың азабын өздеріне уәжіб еткен болады.»
Зина Исламда және одан бұрынғы Алладан келген Хақ діндердің барлығында харам және өте жаман әрекет болып белгіленген. Шын мұсылман Алланың тура жолымен жүруге тырысып, харамдарға жоламай, күмәнді нәрселерден қашса, Алла оған екі дүниесін жарық етері сөзсіз.
Арсыз іс зинаны жол еткен бауырларымызға Алладан дұға етіп, оларды арсыздықтан қайтарып, хидаят бер, харамнан бұрылып халалға беттесін. Елімізді зинадан, маскүнемдіктен күллі жамандықтардан арылтып, үлгілі ислами мемлекет болуымызды нәсіп етсін.

Нұрсейіт Омаров
Павлодар қаласы «Қасым қажы»
мешітінің имамы
mazhab.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста