Жұбайлардың интимді өмірі

Жұбайлардың интимді өмірі

Аса Қамқор, Ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!
Барлық мақтау бүкіл әлемдердің Раббысы Аллаһқа болсын! Аллаһтың игілігі мен сәлемі пайғамбарымыз Мұхаммәдқа, оның отбасы мүшелеріне, сахабаларына және олардың ізінен ергендерге болсын! Құрметті оқырмандар! Аллаһ сіздерді мейіріміне бөлесін! Бұл мақаладағы кейбір мәселелер бізге, яғни қазақтарға жат және ұят көрінгенімен, пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Расында, Аллаһ ақиқаттан ұялмайды», деген хадисін еске ала отырып, біз осында жұбайлардың интимді, яғни жыныстық қатынасқа байланысты мәселелерге тоқталып өтуді жөн көрдік. Жұбайлардың интимді өмірінің кейбір мәселелерінде ғұламалар арасында бірнеше таластарды көре аламыз. Дегенмен, бізге түсіну керек бір маңызды қағида, ол: дәлел ғұламалардың көптеген пікірлерінде емес, тек Құран мен Сүннетте! Құлшылық мәселелеріндегі негіз – харам, яғни Аллаһқа жақындау мақсатында құлшылықтың бір түрін жасауға тыйым салынған, тек Аллаһ және Оның елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) заңдастырған құлшылық түрінен басқа. Ал, тұрмыстық мәселелердегі негіз – халәл (адал), яғни тұрмыстық, күнделік тіршілігімізде біз кез-келген нәрсені жасаймыз, ішеміз, жейміз, тек Аллаһ және Оның елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тыйым салған нәрселерден басқа. Бұл жөнінде пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Аллаһ Өз Кітабында адал (рұқсат) еткен нәрсе, адал болып табылады, ал Ол тыйым салған нәрсе, тыйым салынған болып табылады. Ал Ол үндемеген (ескермеген) нәрсе, ол да адал болып саналады. Осыны Аллаһтан қабыл етіңдер, расында Аллаһ еш нәрсені ұмытпайды!», осыдан кейін пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келесі аятты оқыды: «Раббың сенің ұмытпайды» («Мәриәм», 65). әл-Хаким 2/375, әл-Баззар 123. Хадис «сахах» (сенімді) дәрежесіне жеткен. Демек, жыныстық қатынас тұрмыстық мәселелерге жатқандықтан, сонымен байланысты бір нәрсені тыйым салу үшін дәлел көрсету керек. Егер Құран және Сүннетке қайтатын болсақ, жыныстық қатынасқа байланысты біз тек екі тыйым салынған нәрсені табамыз, олар: орынға және уақытқа байланысты тыйымдар.
Орынға – яғни әйелдің арты арқылы жыныстық қатынас, арты жағынан емес, дәлірек айтсақ анал тесігінен болатын жыныстық қатынас.
Уақытқа – яғни әйелдің хайыз кезінде, Рамазан айының күндізгі оразасы уақытында, және Қажылық немесе Ұмра жасағандағы ихрам уақытында.
Бұл аяттар және хадистерде келген тыйымдар. Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Расында, Аллаһ ақиқаттан ұялмайды. Әйелдеріңмен арты жағы (анал тесігі) арқылы жынысқа түспеңдер!» Ахмад 5/213, Ибн Мажә 1924. Хадис «хасан» (жақсы) дәрежесені жеткен. Сондай-ақ пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Кімде-кім әйелімен оның хайыз кезінде, немесе арты жағынан (анал тесігі арқылы) жынысқа түссе, немесе көріпкелге келсе, ол (адам) Мұхаммәдқа түскенге күпірлік жасаған болып саналады» Әбу Дауд 3904, әт-Тирмизи 135. Хадис сахих. Қараңыз: «Сахих әл-жәми’» 5942. (Хадисте кіші күпірлік жайлы айтылып отыр, бірақ егер адам бұл нәрселерді харам екенін біле тұра өзіне халәл деп сеніп жасаса үлкен күпірлік болады) Бір уақытта, пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабасы ибн Мас’удқа бір кісі келіп: «Мен өзімнің әйеліммен қалай қаласамда, қашан қаласамда, және қай жерінен қаласамда жыныстық қатынасқа түсе аламын ба?», – деп сұрағанда, ибн Масуд «Иә», – деп жауап берді. Сонда басқа бір кісі: «Ол артынан қалайды», – дегенде, ибн Масуд: «Арты жағы (анал тесінен) болса, ол харам», -деп жауап берді. Ибн Әбу Шәйба 3/530, әд-Дәрими 1/259. Иснады сахих. Осыдан түсінетініміз, күйеуі мен әйелінің интимді қатынасындағы негіз – халәл (адал), тек шариғат харам (тыйым салған) нәрселерден басқа. Күйеу жігіт әйелімен кез-келген екеуіне ыңғайлы, қалаған қалыпта (позада) жыныстық қатынасқа түсе алады, егер ол жыныстық мүшеге болса. Аллаһ айтты: «Әйелдерің егіндіктерің. Егіндіктеріңе қалай қаласаңдар келіңдер». («Бақара», 223) Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Әйеліңмен алдынан да, артынан да жыныстық қатынасқа түссең болады, егер ол жыныстық мүшеге болса» Әт-Тахауи 3/41, Иснады сахих (сенімді), хадистің негізі әл-Бухари және Муслимда да келеді. Күйеуінің немесе әйелінің жалаңаш денесені, немесе бір-бірінің жыныс мүшелеріне қарауға (көруге) болады ма? Бұл сұраққа тыйым салған ғалымдардың көптеген пікірлерін мазхаб кітаптарында кездестіре аламыз, бірақ жоғарыда айтылғандай, ақиқат көптеген пікірлерде емес, Құран мен Сүннетте! Бұл сұрақта бір нәрсені тыйым салу үшін, тыйым салушы дәлелін көрсету керек. Аллаһ айтты: «Айт: «Егер сөздерің шын болса, дәлел келтіріңдер»» («Бақара», 111) Бұл тыйымға ең кең таралған дәлел, ол Айшаның (Аллаһ оған разы болсын) айтқаны: «Мен ешқашан Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) аурат жерін көрмедім» Әт-Табарани, Әбу Ну’айм және басқалар. Бұл хадистің санатында (жеткізген адамдар тізімінде) Барака ибн Мұхаммәд әл-Халәби деген адам бар. Ол өтірікші болған, әрі өтірік хадистерді жеткізетін. Сол себепті Хафиз ибн Хажәр, әл-Бусайри, әл-Әлбани және басқалар бұл хадисті сахих емес (сенімді емес) деп шешкен. Дегенмен, егерде бұл хадис сахих (сенімді) болғанның өзінде, бұл хадисте жұбайыңның жыныс мүшесіне қарау харам немесе макрух екеніне белгі жоқ! Одан бөлек, бұл сенімсіз хадис Айшаның өзінен сахих (сенімді) иснадпен келген хадиске қарсы келіп тұр. Айша айтты: «Біз пайғамбармен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жүніп кезімізде бір легеннен су алып, бірге ғұсыл құйынатынбыз» Әл-Бухари және Муслим. Хафиз ибн Хәжар айтты: «Бұл хадисте күйеуінің және әйелінің жыныс мүшелеріне қарауы жөнінде рұқсат бар. Және бұл рұқсат ибн Хиббан келтірген хадисте «Әйеліңнің жыныс мүшесіне қарауға болады ма?» деген сұраққа Айшаның осы оқиғаны еске алып жауап бергенімен күшейеді» Қараңыз: “Фатх әл-Бәри” 1/290. Бұдан басқа, жыныс мүшеге қарауға тыйым салатын хадистер бар, бірақ олар жоғарыда айтылған хадистен де әлсіз. Олардың арасында: «Әйелдеріңмен жыныстық қатынасқа түскенде жамылыңдар». Ибн Мажә. Бұл хадис әлсіз (дайф), бұл жөнінде ән-Насаи, хафиз әл-Бусайри және әл-Ирақи айтты. Ал мына: «Ешқайсыларың жыныс мүшелеріне қарамасын, өйткені ол соқырлыққа алып келеді», деген хадис тіпті өтірік, жалған, ешқандай негізі жоқ болып табылады. Бұл жөнінде көптеген имамдар айтты: Әбу Хатим, ибн Хиббан, ибн әл-Жәузи, Абдул-Хақ, ибн Дақиқ әл-Ид және тағы басқалар. Имам әл-Касаи және шейх әл-Әлбани айтты: «Жыныстық қатынас жай қарағаннан (көруден) әлде қайда жоғары. Егер Аллаһ әйеліңмен жыныстық қатынасқа түсіду рұқсат етсе, қарау (көру) тіпті рұқсат» Қараңыз: «әл-Бадаи’» 2/231, «Адабу зифаф». Жыныстық қатынас уақытында сөйлеуге болады ма? Тағы бір кең таралған пікір, ол – жыныстық қатынас кезінде тіпті немесе көп сөйлеуге болмайды. Осы тақырып жайлы ибн Асакирдің келтірген: «Жыныстық қатынас кезінде көп сөйлемеңдер» – деген хадис сахих емес (әлсіз) болып саналады. Және кейбір ханбалиттердің жыныстық қатынасты кіші немесе үлкен дәрет сындырумен жасаған салыстырмалары дұрыс емес болып саналады. Шейх Сыддық Хасан Хан айтты: «Бұл салыстыру өтірік, әрі дұрыс емес!». Қалайша жыныстық қатынасты дәрет сындырумен салыстыруға болады?! Оралды секс тыйым салынған ба? Бұны, яғни оралды сексті тыйым салатындар, Аллаһтың: «Әйелдерің егіндіктерің. Егіндіктеріңе қалай қаласаңдар келіңдер». («Бақара», 223), деген сөзін дәлел ретінде алып келіп, жұбайлардың жыныс мүшелерінің қанағаттануы, тек жыныстық қатынас арқылы болады деген тұжырымға келеді. Құран тәпсірлеушілердің айтуы бойынша, бұл аятта жыныстық мүше жайлы айтылып отыр, және дән жерден өсіп-өнгендей, бала да жыныс мүше арқылы туылады. Біз бұнымен ешқандай дауласпаймыз, иә бұл аятта расында кез-келген ыңғайлы, қалаған қалыпта (позада) жынысқа түсудің рұқсаты көрсетілген, ЕГЕР жыныс мүшеге болса. Дегенмен, осында бір сұрақ туындайды: «Осы түсіндірмеден: әйел өз қолымен күйеуін қанағаттандыруға болмайды, өйткені қол бала туылатын жер емес деуге болады ма?!» Егер біреу: «Иә» десе, ол ғұламалардың бір ауыздан келіскен пікірлеріне қарсы келеді, өйткені олардың ешқайсысы күйеуі әйелін немесе әйелі күйеуін қолымен қанағаттандыруға болмайды деп айтпаған. Сондай-ақ, бұндай (тек жыныстық мүше арқылы қанағаттану керектігі туралы) тұжырым, әйелмен хайыз кезінде сүйіп аймаласуға болады дегенге заңды іске қарсы келеді, олай дейтін болсақ егіндік бос емес. Әйелің хайыз кезінде тек жыныс мүшесі арқылы қанағаттануға тыйым салынған және осымен болды. Имам әс-Сан’ани айтты: «Әйеліңмен хайыз кезінде жыныс мүшесінен басқа нәрсемен ләззаттану туралы рұқсат, басқа дәлелдерден алынады» Қараңыз: «Субуль-әс-Саләм» 3/239. Анас ибн Малик (Аллаһ оған разы болсын) яхудилердің өз әйелдерімен хайыз кезінде бірге тамақтанбайтынын айтатын, сондай пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Жыныстық қатынастан басқа, қалаған нәрселеріңді жасаңдар». Муслим Айша айтты: «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір әйелінде хайыз болған жағдайда, ол оған изар киіп алуды бұйырып, кейіннен әйелін аймалайтын» әл-Бухари және Муслим. Сахб бинт Қурайм бір күні Айшадан сұрады: «Әйелінің хайыз кезінде күйеуіне не рұқсат етілген?» Сонда Айша айтты: «Барлық нәрсе, тек жыныстық қатынастан басқа». Ибн Са’д 8/285. Шейх әл-Әлбани иснадын сахих деді. Оң қолмен жыныс мүшені ұстауға болады ма? Жауап: Жыныс мүшені оң қолымен ұстау, тек дәрет сындырғанда ғана тыйым салынған. Кімде-кім бұл тыйым салыну барлық жағдайға жатады десе, дәлелін көрсетсін, өйткені пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Ешқайсыларың кіші дәрет сындырғанда жыныс мүшесін ұстамасын» аль-Бухари153, Муслим 267. Сәлман әл-Фариси айтты: «Бізге (дәрет сындырғанда) оң қолымен жуыну және сүртіну тыйым салынды» Ибн Мажә 678, ән-Насаи 1/45. Хадис хасан. Енді, «жыныс мүшесін оң қолымен дәрет сындырған уақыттан басқа тіпті болмайды» дейтін адам дәлелін көрсетсін! Жоғарыда айтылған сөздерден, кейбіреулердің: «Егер қарауға болмайтын болса» немесе «Егер оң қолымен ұстауға болмайтын болса, қалай оны аузымен тиюге болады» дейтін сөздерінің қате екенін түсінеміз. Кейбір адамдардың «ол заманда арабтарға оралды секс таныс емес еді» деген сөздері, сол кездегі имамдардың айтқан сөздеріне қарсы келеді. Қади Әбу Я’ля айтатын: «Әйеліңнің жыныс мүшесін жыныстық қатынасқа дейін сүю рұқсат, бірақ кейін қажетсіз» Қараңыз: «Кашаф әл-кана’». Және бұл сөзді табиғидардан болған, яғни сахабалардың көзін көрген ‘Атадан жеткізетін. Қараңыз: «әл-Инсаф» Сондай-ақ Қади Әбу Я’ля айтты: «Әйеліне күйеуінің жыныс мүшесін сүю рұқсат» Қараңыз: “әл-Инсаф” 8/33. Одан басқа ибн Ақил және имам ибн Қудама, олар айтатын: «Күйеуі ұйықтап жатқанында әйелі оның жыныс мүшесін өзіне кіргізуі қажет емес, бірақ ол оны қоздыру үшін ұстап және сүюге болады» Қараңыз: «әл-Икна’» 3/156. Имам Маликтен «Күйеуі әйелінің жыныс мүшесін қарай алады ма?» – деп сұрағанда, ол айтты: «Ол тіпті, оны тілімен жаласа да болады» Қараңыз. “Ахкәму ән-назар” 302. Сіздер сенбеулеріңіз мүмкін, бірақ бұл сөзді имам әл-Қуртуби өз Құран тәпсірінде де айтады. Қараңыз «Тәфсир әл-Қуртуби» 12/231. Егер оралды секс арабтарға сол уақытта таныс емес болғанда, бұл сұрақтар имамдарға жетер ме еді?! Нәжісті (кір, лас нәрсені) жұтуға тыйым салынған Имам ибн Хазм айтты: «Ғұламалардың бір ауыздан келіскені – нәжісті (лас, кір нәрсені) ішу және жеу харам (тыйым салынған)». Қараңыз: «Маратиб әл-ижма’» 39 Нәжістерге келетін болсақ, оған ердің мәзисі (қозу кезінде шығатын сұйықтығы) жатады. Мәзи – ғалымдардың бір ауыздан келіскені бойынша нәжіс болып саналады. Ал әйелден шығатын ифразат немесе рутуба деп аталатын сұйықтық турасында ғалымдар арасында таластар бар, мүмкін осы себепті, яғни сұйықтықтың көптігінен Қади Әбу Я’ля әйелдің жыныс мүшесін сүю жыныстық қатынасқа түсуден кейін қажетсіз деген шығар, Аллаһ жақсырақ біледі. Бірақ, дегенмен, бұл таластағы ең жақсы пікір ол – әйелден шығатын сұйықтық нәжіс емес, өйткені Айшаның өзі осындай пікірді ұстанған еді. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзімен жыныстық қатынасқа түскен Айшадан (Аллаһ оған разы болсын) артық ненің нәжіс, ненің нәжіс емес екенін кім білуі мүмкін?! Одан әйелінен шыққан сұйықтық киіміне жағылған ер жайлы сұрағанда, ол айтты: «Бұда тұрған еш нәрсе жоқ». Әд-Дәрими, Ибн Хузәйма 1/142.Иснады сахих. Бұл пікірді Ибн Қудама, Ибн Хәжәр және басқа имамдар ұстанады. Ал, ердің мәни (сперма) сұйықтығына келетін болсақ, ол таластарға қарамастан нәжіс болып саналмайды. Өйткені ибн Аббас айтты: «Ол сілекей сияқты». Әд-Даракутни. Иснады сахих. Және бұл мәселеде сахабалардың ешқайсысы оған қарсы айтқан жоқ. Алайда, мәни (сперма) нәжіс емес болғанымен, әйелдің оны жұтуы қажет емес, өйткені шейх Абдур-Рахман әл-Баррак айтты: «Еті халәл болған малдардың зәрі мен тезегі нәжіс емес болып саналады, алайда, оларды жеуге рұқсат берген бірде-бір ғұламаны мен білмеймін» Осымен, иншәә-Аллаһ, бұл тақырыпты жабуға болады. Аллаһ мейірімімен барлығы түсінікті. Барлық нәрсе рұқсат, тек шариғат тыйым салған нәрселерден басқа. Олар үшеу: 1) Хайыз кезіндегі жыныстық қатынас, 2) Әйелдің арты жағы арқылы болатын жыныстық қатынас, 3) Нәжісті жұту. Ал Аллаһ барлығын жақсырақ білуші!
Сөзіміздің соңында, бүкіл әлемдердің Раббысы болған Аллаһқа мақтау болсын! 

kz.islamic.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста