Жүкті әйелге қажет 5 дұға

Жүкті әйелге қажет 5 дұға

Бала – Алла Тағаланың нығметі. Жүктілік жағдайы тек әйел баласына ғана бұйырылған бақыт. Осы туралы Құранда:  «Ерінен бала көтеріп, ері оған риза болғанда әрқайсыларың қуанбайсыңдар ма? Сонда оған (әйелге) жүктілігінің әр күні үшін күндіз ораза тұтқанның, түнде Аллаға құлшылық еткеннің сауабы жазылады»-делінген.

 

Жүкті әйел өзінің құрсағындағы баласының денсаулығын, жарық дүниеге аман-есен келуін ойлап көп уайымдайды. Төмендегі Құран дұғаларын әр жүкті әйел жадына тұтса жөн:

 

Жақсы ұрпақ сұрайтын дұға

 

هُنَالِكَ دَعَا زَكَرِيَّا رَبَّهُ ۖ قَالَ رَبِّ هَبْ لِي مِن لَّدُنكَ ذُرِّيَّةً طَيِّبَةً ۖ إِنَّكَ سَمِيعُ الدُّعَاءِ ﴿٣٨﴾

 

«Жаратушы ием! Маған жақсы ұрпақ сыйлай гөр. Дұғаны қабыл етуші Өзің ғана» (3:38).

 

Алла құрсақтағыны біледі

 

اللَّهُ يَعْلَمُ مَا تَحْمِلُ كُلُّ أُنثَىٰ وَمَا تَغِيضُ الْأَرْحَامُ وَمَا تَزْدَادُ ۖ وَكُلُّ شَيْءٍ عِندَهُ بِمِقْدَارٍ ﴿٨﴾

 

«Алла әр әйелдің не көтеріп жүргенін, әр құрсақтың қаншалықты тарылып немесе кеңейетінін біледі. Барлық нәрсе Оның өлшемімен» (13:8).

 

Көз қуаныш болар бала сұрау

 

وَالَّذِينَ يَقُولُونَ رَبَّنَا هَبْ لَنَا مِنْ أَزْوَاجِنَا وَذُرِّيَّاتِنَا قُرَّةَ أَعْيُنٍ وَاجْعَلْنَا لِلْمُتَّقِينَ إِمَامًا ﴿٧٤﴾

 

«Жаратушы ием! Жұбайларымыз бен ұрпағымызды көз қуанышымыз ете гөр және бізді тақуалардың қатарынан ет» (25:74).

 

Бой ұсынатын ұрпақ сұрау дұғасы

 

رَبَّنَا وَاجْعَلْنَا مُسْلِمَيْنِ لَكَ وَمِنْ ذُرِّيَّتِنَا أُمَّةً مُسْلِمَةً لَكَ وَأَرِنَا مَنَاسِكَنَا وَتُبْ عَلَيْنَا إِنَّكَ أَنْتَ التَّوَّابُ الرَّحِيمُ

 

«Жаратушы ием! Бізді Өзіңе бой ұсынатындар қатарынан ет. Ал біздің ұрпағымызды Өзіңе бойұсынатын қауымнан ете гөр. Бізге құлшылық салтын көрсет және біздің тәубемізді қабыл ал. Расында, Сен – тәубені Қабыл алушы, Мейірімдісің» (2:128).

 

Тақуа ұрпақ сұрайтын дұға

 

رَبِّ هَبْ لِي مِنَ الصَّالِحِينَ

 

«Жаратушы ием, маған тақуалардың қатарынан болар ұрпақты нәсіп ет!» (37:100).

 

 

 

 

ihsan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста