«Жұма» сөзінің мағынасын білесіз бе?
«Жұма» сөзі жинау, бас қосу, жиналу деген мағыналарды білдіреді.
Мұсылмандар бұл күнді қуанышпен қарсы алып, мешітке жиналады, насихат тыңдап, жұма намазын оқиды. Адамзат тарихындағы ең ұлық әрі маңызды оқиғалар осы жұма күні болған.
Бұл жайлы Әбу Һурайрадан (р.а) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Жұма – күн шуағы шашылған күндердiң ең жақсысы. Адам (а.с) осы күнi жаратылған және жұма күнi Жәннатқа кiрген, әрі жұма күнi Жәннаттан шығарылған. Қиямет күні де осы жұма күнi болмақ», - деген.
(Муслим) Ал Алла Құранда: «Әй, мүміндер! Жұма күнi жұма намазына азан шақырылса, Алланы еске алуға (намазға) асығыңдар да, сауданы тоқтата тұрыңдар. Біле-білсеңдер, сендер үшін осы қайырлы», – деп бұйырады.
(«Жұма» сүресi, 9-аят)