Жұманың ұмытылған сүннеті

Жұманың ұмытылған сүннеті

Жұманың қасиеті жайлы ардақты пайғамбарымыз (с.а.у.) көп айтқан. Соның бірі, «Шындығында, жұма – мереке күн. Сендер мереке күндеріңді ораза тұтатын күн етпеңдер.

Тек жұмадан алдын немесе кейін ораза тұтыңдар[1]», - делінген. Жұма – күндердің төресі. Тіпті, кедейлердің қажылығы деп айтылған риуаят да бар. Әрине, Құран Кәрімде: «Әй, мүміндер! Жұма күні намаз үшін азан айтылған кезде дереу Алланы еске алуға (намазға) ұмтылыңдар және сауданы қойыңдар, егер білген болсаңдар, сендер үшін жақсы[2]», - деп айтылғандай бұл күнгі ең маңызды құлшылық – жұма намазы. Басқа амалдар осы жұма намазы төңірегінде топтасады. Ал енді, жұмада көпшілігіміз ұмытқан бір сүннет бар.

Ол сүннет - жұма күнінің бар мән-мағынасын бойына қамтыған амал. Ол - жұмаға ертерек келу сүннеті. Міне, осы сүннетті басым көпшілік түрлі себептермен ескермей келеміз. Әрине, бұл парыз амал емес. Дегенмен де, үнемі болмаса да, аракідік осы сүннетті орындап тұру қажет. Аталмыш сүннет жайлы: «Кімде-кім жұма күні жүніптікпен кейінгі ғұсыл сияқты ғұсыл алып барса, құрбандыққа түйе шалғандай болады, ал екінші сағатта (уақытта) барған сиыр құрбан еткендей, үшінші сағатта барған мүйізді қошқар құрбан еткендей, төртінші сағатта барған тауық садақа еткендей, ал бесінші сағатта барған жұмыртқа садақа еткендей болады. Ал, имам шықса періштелер де келіп зікірге құлақ салады[3]», - деп айтылған. Хадисте айтылған уақыт күн шыққаннан бастап, имам құтпаға шыққанға дейінгі аралықты қамтиды. Кәдімгі сағатпен есептемей, осы аралықты теңдей беске бөліп қарастырған жөн. Өйткені, жаздың уақыты қыс мезгілінен қарағанда әлдеқайда ұзақтау келеді.

Ескерусіз қалған сүннеттің маңыздылығын мына бір хадис аттыра түседі, Әбу Һурайра (р.а.): «Жұма күні болғанда мешіттің әрбір қақпасына періштелер тұрып бір-біреуден жазып тұрады. Егер имам құтпаға отырса парақшаларын жауып, зікір тыңдауға келеді...[4]» және тағы бір хадисте: «Жұма күні болғанда періштелер мешіттің қақпаларына отырып алып келген адамдарды мәртебесіне қарай кісі түйе берді, сиыр берді, қой берді, тауық берді, жұмыртқа берді деп жазып тұрады. Азан айтылып, имам мінберге отырса парақшаларын жауып, зікір тыңдау үшін мешітке кіреді[5]», - делінген.

Әрине, жұмаға ертең барудан кешікпей келу маңызды. Кейбір жағдайда құтпа оқылып болған соң, тіпті парыз басталғанда келіп жатады. Бұл жұманың маңыздылығын кемітетін жайттар. Жұманың бар қасиетін сезініп, намазды мейлінше ықыласпен оқу үшін айда бір рет болса да ертерек келуді әдетке айналдырған дұрыс.

Бұл сүннетің ойдағыдай орындалуына ықпал ететін екінші бір сүннет жайлы Салман Фариси (р.а.) мынадай риуаят келтіреді: «Жұма күні адам ғұсыл құйынып, мейлінше тазаланып, иіс суы мен майларын жағып үйінен шықса, мешітке келіп намазын оқып имамның сөзіне құлақ салса осы мен әуелгі жұма арасындағы қате-күнәсі кешіріледі[6]». Демек, жұмаға толығымен шомылып, мисуак пен қош иіс қолданып, ең жақсы киімдерін киіп бару мұсылманның жұма намазына және Хақ Тағаланың әміріне деген құрметі мен тақуалығын көрсетеді. Басқаша сөзбен айтқанда, біз қонақ ретінде шақырған жерге үй иесіне құрмет ретінде мейлінше ертерек баруға әрекет етеміз. Бұл - шаңырақ иесіне деген құрмет. Шақырған жерге үнемі кешігіп баратын кісінің ағайын-туыс пен жора-жолдас ортасында да абыройы сынға түседі. Сонымен бірге, қонаққа барарда күнделікті тазалық пен киімнен бөлек әдеткіден қарағанда сыртқы көрінісімізге ерекше мән береміз. Жұма намазы – барша мұсылмандарға арнайы жайылған рухани дастархан. Ал, шақырушы – Хақ Тағала. Қонаққа шақырушы Алла Тағала алдында өз абыройыңыз бен беделіңіз жоғары болсын десеңіз, осы сүннеттерге аса мән бергеніңіз жөн.

 

 

[1]Ахмед

[2]Жұма сүресі, 9-аят

[3]Бұхари

[4]Муслим

[5] Ахмед

[6] Бұхари

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста