Жұмақтың бауырсағы

Жұмақтың бауырсағы

Әжесі төсек тартып жатып қалғалы Еркебұланнан маза кетті. Үнемі күбірлеп, сөйлеп жататын әжесі тып-тыныш болып қалса, қасына барып жүрек тұсын тыңдап, әбден уайымдайтын болды.
Күнде кешкілік әжесі жатар алдында: «Е, Жасаған ием! Ойдағы-қырдағы балаларымды пәле-жаладан, ауру-сырқаудан, тіл-көзден, өсек-өтіріктен, уайым-қайғыдан, барлық жамандық атаулыдан сақтай гөр! О, Тәңірім, енді жұмақтың бауырсағынан дәм татар күнге аман-есен жеткізгейсің, - деп күбірлеп, бетін сипайды. Кішкентай бала да әжесінен көргенін жасайды. Бірақ жұмақтың бауырсағын қайдан алуға болатынын түсінбейді. «Ол қандай болады? Кәдімгі бауырсақтан қандай айырмашылығы бар?» – деген сұрақтарды анасына да қойып көрді. Бірақ анасы: «Балам, ол бауырсақ еш жерде жоқ, ертең тәтай апаң бөпе сатып әкелген күні әжең ол бауырсақтың дәмін тататын болады» - дегеннен басқа түк айтпады. Қызық. Тәтай апаның ішінде өсіп жатқан бөпені олар неге сатып алады? Түсініксіз.
Бұрын күн ұзағына тыным таппай жыбырлап жүретін әжесінің төсекке таңылғанына үйдегілердің еті әбден үйреніп кетті. Тек Еркебұлан ғана әжесін жалғыз қалдырмауға тырысып, оның көңілін көтереді. Биыл бірінші сыныпқа барған ол мектептен үйге жеткенше асығатын болды. Өзі жоқта әжесі жалғызсырап, мұңайып қалатындай. Музыка қосып, екеуі ән тыңдайды, теледидар қарайды. Ертегі кітабын ашып, ертегі оқып береді. Әжесі күннен-күнге бала секілді боп барады. «Қасқыр әлгі қойды жеп қойды ма? Обал болды-ау» деп кәдімгідей күрсініп, қамығып қалады.
Бір күні тәтай апасы ауырып, «Жедел жәрдем» машинасымен ауруханаға алып кетті. Ертеңіне Еркебұланның әкесі: «Шөберелі болдыңыз» деп әжесінен сүйінші сұрады. Көптен төсектен тұрмаған әжесі басын көтеріп, сол күні асүйде отырып, қатармен шай ішті. Сосын сарайда шаң басып қалған бесікті үйге алдырып, жуып-сүртіп, аластап, шөбересіне дайындап қойды. Тәтай апасы бөпені үйге алып келген күні әжесі қатты қуанды. «Иттің күшігі, бар бол, бар бол» деп түкіріп, шарананы қолына алды. Сол сәтте Еркебұлан әжесін бауырынан аздап қызғанып қалды. Бірақ ақылды бала әжесінің төсектен тұрғанына, көңілі көтерілгеніне қуанды. Ертеңіне үйдегілер көптен күткен бесік тойға дайындала бастады. Апасы мен тәтай апасы қазанға май құйып, бауырсақ пісіруге қамданды. Кіп-кішкентай шар секілді қып-қызыл болып піскен бауырсақтарды апасы тегешке салып жатыр. Еркебұланға қарап: «Міне, жұмақтың бауырсағы» деп жымың-жымың етеді.
Көптен күткен бесік той да басталды. Әжесінен біраз жас үлкендігі бар көрші әже бөпені бесікке салды. Ойнап жүрген балаларды шақырып, бесіктен алып, бәріне бауырсақ пен тәттілер үлестірді. Әжесі ерекше көңілді. Айналасындағыларға қарап: «Осы күнге жеттім, шөбере сүйдім, жұмақтың бауырсағынан дәм таттым, енді арманым жоқ» – деді. Бағанадан бері әжесін мұқият бақылап жүрген Еркебұлан әжесінің төсектен тұруының сыры жұмақтың бауырсағында деп түсінді. Ерекше жылдамдықпен асүйге барып, бір уыс бауырсақты өзі ұйықтайтын бөлмедегі шкафтың суырмасына салып қойды. «Алда-жалда әжесі ауырып қалса, таптырмайтын «дәріні» сақтап қойған дұрыс» – деп ойлады ол.
Әжесі жазылып, кішкентай бөпеге қарап, үй тірлігіне араласқалы Еркебұланның да көңілі көтерілді. Бұрынғыдай мектептен үйге асықпайтын болды. Сабаққа да құлшына кірісіп, күнде «бес» алуда. Математика сабағында апайы: «Балалар, мен бүгін анамның сырқаттанып қалуына байланысты сұранып барамын. Бүгінше менің орныма Айнұр апаларың сабақ береді», – деп үйіне кетіп қалды.
Өзі кішкентай болса да сезімтал Еркебұланның есіне әжесі ауырған кез түсті. Апайының да дәл өзіндей қиналғанын сезіп, аяп кетті. Үйге келген соң Еркебұлан суырманы ашты. Әжесі тағы ауырып қалса, беремін деп сақтап қойған алты түйір бауырсақтың үшеуін орап, сөмкесіне салып қойды. Ертеңіне балалардың көзінше бауырсақты беруге ұялды. Сабақ біткен соң, аялдамада тұрған апайының қасына жақындады.
– Апай, мен сізге бірдеңе берейін деп едім.
– Иә, Еркебұлан, не берейін деп едің?
– Менің әжем де өткенде қатты ауырды. Бірақ жұмақтың бауырсағын жеген соң сауығып кетті. Сіздің мамаңыз да осы бауырсақты жесе, жазылып кетеді, – деді сенімді түрде.
Шәкіртінің періште тілегіне риза болған ұстазы мейірлене кішкентай ораманы ашты. Ораманың ішінде әбден тоңазып, қатып қалған үш түйір кәдімгі бауырсақ бар екен. Жұмақтың бауырсағы...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста