ЖҮРЕКТІ КҮЙРЕТЕТІН ТӨРТ НӘРСЕ
Жүректі күйрететін төрт нәрседен сақ болу қажет, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі mazhab.kz-ке сілтеме жасап.
1. Ақымақтармен таласу.
2. Күнәлардың көп болуы.
3. Харам болған әйелдермен үнемі араласып, олармен қоян-қолтық болу (бұл әйелдерге де қатысты).
4. Көңілі өлі адамдармен бірге болу.
Шайтанның ең үлкен арманы көңілге маза бермеу. Егер, жүрек зікірмен шұғылданса, шайтан оған жақындай алмайды, бұл да шайтанның күйреуі. Бірақ керісінше болып, жүрек Алланы зікір етуден алыстаса, шайтан оның мазасын оп-оңай алады. Сондықтан аят кәримада былай айтылады:
"Иман келтіргендердің жүректері Алланың зікіріне (Құранға) жұмсап, әрі түскен ақиқатқа жібімей ме?..." (Хадид, 16)
Зікірден алыс болып, нәпсісіне жеңілген адам балшыққа түскен асыл тас сияқты. Нәпсісімен күресу - құлдың балшыққа былғану сияқты жамандықтардан өзін тазартып, негізіндегі гауһарды ортаға шығаруы деп аталады.
Уәһб бин Мүнәббих былай дейді:
"Алладан қорық! Адамдардың арасында шайтанды лағынеттейсің, ал жалғыз қалғанда оған мойын иіп, онымен дос боласың".
Осман Нури Топбаш "Құран және сүннет аясында Ислам Иман Ғибадат"