Ислам діні
Дінтанушы: Қыздың күйеуінің тегіне өтуі исламға қайшы
Жастар отбасын құрғанда қыз бала өзінің тегінде қалу керек. Өйткені Құранда әр адам баласы өз тегімен аталсын деген аят бар. Бұл туралы дінтанушы Қабылбек Әліпбайұлы айтып берді деп хабарлайды Baq.kz.
Халал өнім туралы айтылмаған деректер
Алла Тағала барша құлдарына тура жолды нұсқаушы етіп Құран Кәрім мен Пайғамбарымызды ﷺ жіберді.
Қаралы үйде тамақ пісіру исламға қайшы келмей ме?
Адам о дүниеге аттанғаннан кейін жыртыс, теберік беру, киім тарату сияқты үрдістер орын алып жатады. Бұл шариғатқа қайшы емес пе? Ал қаралы үйде тамақ пісіру исламға қайшы келмей ме?
Құлпытас орнатудың әдебі мен тыйымдары қандай?
Бұрынғы кесенелерді қарасақ, қам кесектен, топырақтан тұрғызылған екен. Ал қазіргі кесенелерге қарасаңыз сарай, қамалдар секілді биік, үлкен. Құлпытас орнатудың әдебі мен тыйымдары қандай?
Жат ағымдар деген кімдер, олардан қалай қорғануға болады?
Қазіргі ата-ана баласы «Алла» атын аузына алып, намазға жығыла бастаса кәдімгідей қорқып, қобалжитын жағдайға жеткен. Мұндай жайт ата-бабамыздың үш ұйықтасада түсіне кірмеген болар.
1-сәуірде өтірік айтып, алдау күнә ма?
Ассаламу алейкум! 1-сәуірді "Алдау күні" деп көптеген адамдар бір-бірін алдап, өтірік айтып жатады. Осы ретте сұрайын дегенім, шариғатымызда өтірік айтып, алдаған күнә ма?
Дәстүрлердің орындалуы күнәға алып бара ма?
Соңғы кездері беташар, сәлем салу сияқты атам заманнан бері келе жатқан жөн-жоралғыларға қарсы тұратындар бой көрсетуде. Сонда осы дәстүрлердің орындалуы күнәға алып бара ма?
Қасиетті жұма күнә әр мұсылман атқаруы тиіс амалдар
Жұма күнінің қасиетті екенінен барлық мұсылман хабардар. Алайда ол күні атқарылар сауапты істер туралы барлығы біле бермеуі мүмкін. Соларды бір еске түсіріп кетейік:
Нан үлкен бе, Құран үлкен бе?
Қасиетті Құран – бүкіл әлемді жоқтан бар етуші, оны әсем түрде шеберлікпен жаратқан Алла Тағаланың пенделерге жіберген теңдесіз қазынасы, баға жетпес асылы, таусылмас байлығы. Оған еш нәрсені салыстыруға келмейді. Оның қаншалықты қымбат дүние екендігін
Ережеп айында қандай амалдар істеген дұрыс?
Қасиетті айлардың бірі ражаб (ережеп) айы да келіп жетті. Қасиетті деуімнің себебі Пайғамбарымыз (с.а.у.) ражаб айы кірісімен: «Аллаһым, бізге ражаб пен шағбанда береке бер және рамазан айына жеткере гөр» деп тілейтін. (Ибн Хаббан. Әлсіз).
Дінімізде ақ шашты неліктен жұлуға болмайтыны айтылған
Ханафи мәзхабында әдемі көріну үшін болмаса, аз көлемде (бір-екі тал) ақ шашты жұлудың ағаттығы жоқ. Көп мөлшердегі ақ шашты жұлу – мәкруһ.
Құран оқылғанда пышақты жасыруға қатысты пәтуа бар ма?
Үлкендердің Құран оқылғанда пышақты жасырып қоятыны бар. Исламда оған қатысты пәтуа бар ма?
Қызымның намаз оқымайтын жігітке тұрмысқа шығуына бола ма?
Менің қызым қазір бой жетіп келеді. Өзі намазын үзбей оқиды. Араласатын достарының бәрі намаз оқымайды. Қазір қызымызға бір отбасы құда түсіп жатыр. Алайда балалары намаз оқымайды. Біз қызымызды ондай жігітке бергіміз келмейді. Қызымның намаз оқымайтын жі
Ислам руға қалай қарайды?
Үйленбекші болып ем. Бірақ мен сүйген қыз өз руласым болып шықты. Ата-анамыз қарсы. Ал намаз оқитын кей бауырлар «исламда бір анадан тумаған болсаңдар, сүт бауыр болмасаңдар үйлене беруге болады» дегенді айтады. Не істеген жөн? Ислам руға қалай қарайды?
Жыннан қалай сақтануға болады?
Ата-бабаларымыз жын мен шайтанның сиқырын ертеден білген. Сонау көне ғасырлардан жеткен аңыздар мен әңгімелерден аталарымыздың қиялының ұшқыр болғандығын, таным көкжиегінің кең болғандығын байқаймыз.
Жыртыс, теберік тарату шариғатқа қайшы емес пе?
Адам о дүниеге аттанғаннан кейін жыртыс, теберік беру, киім тарату сияқты үрдістер орын алып жатады. Бұл шариғатқа қайшы емес пе? Ал қаралы үйде тамақ пісіру исламға қайшы келмей ме?
Отпен аластау дұрыс па?
Үйленетін болдық. Үлкендер жағы отқа май құю, отпен аластау салтын жасаймыз деп айтты. Шариғат мұндай дәстүрлер туралы не дейді?
Бейбіт МЫРЗАГЕЛДИЕВ: ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТ БЕРУДЕГІ МАҚСАТ НЕ?
Адамзатқа Жаратушының пайдалануға рұқсат еткен нәрселері «Халал» болып табылады. Раббымыз Құран Кәрімде: