Ән салшы, Роза!

Ән салшы, Роза!

Кеше Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында әнші-сазгер Роза Әлқожаның үш бірдей үн таспасының тұсауы кесілді.
1-маусым  Халықаралық бала­лар­ды қорғау күніне орай алғаш рет Астана аспанын әнмен көмкеруді жоспарлаған ол тек жаңа әндері шыр­қалатын кештің алдында тың­дармандарына үлкен сый жасады. Екі күн бұрын ғана «Қазақ толқыны» студиясынан  басылып шыққан «Ән салшы, Роза!» деген атаумен әншінің өз орындауындағы және әншілердің орындауындағы авторлық әндерінің МР3 жинағының, 2010 жылы Қа­зақстан Жазушылар одағында өткен «Мына өмір ғажап қандай!» атты ән-жинағының тұсаукесер рәсімінің видеотаспасы  мен 2011 жылы Ал­ма­ты қаласындағы Студенттер сара­йында өткен «Мен сыйға тартқан орамал» деп аталатын кештің таспа­сының, «Ақберен», «Ол көктем орал­майды», «Жүрек назы» әндері­нің бейнебаяндарының DVD жина­ғы, «Жүрек назы» деген атаумен шық­қан өлеңдерінің аудио нұсқа­сы­ның тұсаукесер рәсімі өтті.
Шараның шымылдығын Ұлттық кітапхана директорының орынба­сары Ғалия Бөкейқызы тамаша тіле­гімен ашып  берді. Ол сөз арасында Оралхан Бөкейдің «Жылымық» әңгі­месінің желісі бойынша түсірілген «Жүрек назы» әнінің бейнебаяны — қазақ әдебиеті үшін де, қазақ ән өнері үшін де маңызды екендігін тілге тиек етті. «Тақтайды тақтайға соққан композиторсымақтардың ішінде «Мен сыйға тартқан орамал» атты әнін радиодан тыңдап, осы бір сіңлімді сырттай жақсы көруші ем. Бұл өзі жақсы ақын да екен», — деп бағалаған Халық жазушысы Фариза Оңғарсынова соңынан ерген сіңлісі­не жүрекжарды тілегін жеткізе оты­рып, жыр жинағының лентасын қиды. Сондай-ақ лента қию рәсімін Ғалия Бөкейқызы мен Қазақ радио­сының әдеби-саз бағдарламалар редакциясының жетекшісі Ләззат Қапышовалар жалғастырды.
КСРО Халық әртісі Асанәлі Әшімов: «Менің жанрым – күнделік» десе, Роза: «Менің жанрым – смс» деуші еді. Бұлай деуіне негіз бар. «Ғұмырымдағы сәйкесім» деп ата­ған, өнерде орны бөлек апасы Ақма­рал Леубаевамен жыл бойы жазыл­ған смс хаттары өлең боп өрілді. Өзгеге білдірмей, өзім деп бір-біріне сыр айтқан қос өнер иесінің бұл тәсілі көпшілікке ұнады. Осы арқылы Розаға әдебиет өкілдері ақын деп  баға бере бастады. 
Жарас СӘРСЕК, ақын:
— Халықтың сүйікті әншісіне айналған Розаның жоғары білімі бар екендігін растайтын дипло­мында «Журналист» деген жазу бар. Қағаздағы жазу – маңдай­дағы жазу емес екен... Ана жүрегі әнді қалапты. Қалауы — «Мен сыйға тартқан орамалдан» бас­тал­ған ғажайып туындыларды жаратты. Сазгерлігі мен әншілігі үйлесім тапқан осы бір өжет те өнерлі жаратылыстың жан қатпа­рында басқа да өнердің бұғып жатқандығын біреу білсе, біреу біле бермейді. Ол – оның ақын­ды­ғы, сөз патшалығына құмар­лығы. Талғамы мықты талант иесінің жырлары да ән сияқты, сағыныш сазы секілді...

Иә, музыка мен ақындық сөз бір-бірімен жымдаса отырып, жүрекке жылы, ұнамды бірлік жасайтыны секілді, Розаның орындаған әрбір әні тыңдаушы жүрегінен орын алып, ғашықтардың сезім пернесін шертті. Оның орындауындағы «Мен сыйға тартқан орамал», «Іздемейсің», «Ақберен», «Ол көктем оралмайды», «Мына өмір ғажап қандай», «Жүрек назы» әндері әрбір көрермен қосыла шырқайтын әнге айналды.
Ақындар өзара ұқсастығымен емес, өзгешелігімен де қызық. Расы­мен де, Розаның жырларына көз жүгіртіп көрсеңіз, шынайы өмірді аңғарасыз. Оның тіршілігін, мұңын, күйін, қуанышын өлеңнен таба аласыз. Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Розаға замандасы, сің­лісі ретінде тілекші екендігін жеткізе отырып, оның өлеңдерінде жиі кездесетін көне сөздер мен тілінің шұрайлылығын алға тартты. Жоғары бағасын берді.  Розаның ең таңдаулы өлеңдері еніп отырған жинақ сазгер­дің ақын апасына деген махаббатын, құрметін өн бойына сыйдырған «Фариза» әнімен басталады. 
Айта кету керек, жуырда белгілі ақын Бақытгүл Бабаштың  Атырау қаласында жеке шығармашылық кеші өткен болатын. Сол кеште ақын өлеңдерінің аудиотаспасын сыйға тартқан Роза кешегі шара барысында Бақытгүлдің де «Сағыныш қалды көзімде» деп аталатын жыр жинағы­ның таныстырылымын жасап, тұ­сауын кесті. Қос құрбының бүгінде шығармашылық бірлестігінен туған «Туған күн», «Фариза», «Сағыныш қалды көзімде», «Ұмыта алар емес­пін» әндері тыңдаушыға жол тартып үлгерді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста