Анығы – осы

Анығы – осы

«Алаш айнасы» газеті ел ішінде жиі айтылып, жиі жазылса да, көп адам мән-мағынасын біле бермейтін кейбір сөздерге талдау жасайтын болады. «Анығы – осы» айдары арқылы газетіміздің әр санында мән-мағынасы беймәлім сөздердің түбірі неден шыққаны, «халық арасында тез тарап кетуіне не себеп» деген сұрақтарға жауап іздейміз. Мәселен, қазіргі уақытта қазақ тілінде кірме (әсіресе орыс, парсы және араб тілінен енген) сөзден көп нәрсе жоқ. Бүгінгі санда біз «иншалла» және «ақым-ақырет» сөзін алып отырмыз.

ИНШАЛЛА. Діни сөз (араб тілінен енген). Қазақшадағы аудармасы «Алла қаласа», «Құдай қаласа», «Алланың қолдауымен» деген мағына береді. Бұл сөз бір нәрсеге таңғалысқанда, іс оңы­нан туып қуанғанда, бір жұмысты бастар алдында айтылады. «Иншалла» сөзін айтқан адам қысқа дұға оқығандай болады. Әр елдің мұсылмандары бұл сөзді «Машаллах, Иншаллах» деп те айта береді. Мұсылмандар бұл сөзді бөтен ортаға тап болғанда өзінің мұ­сылман екенін білдіру үшін, өзге мұ­сылман бауырлармен жылы қауы­шып, танысу, білісу және пікірлесу мақ­са­тында айтады.
АҚЫРЕТ. Бұл сөз – «соңғы» деген ұғымды білдіріп, тіршіліктің соңғы уа­қыты келгенін аңғартатын діни тер­мин. Аят пен хадистерде ақырет, қия­мет, ақырзаманның күмәнсіз бола­тыны жазылған. Қиямет-қайым Ис­рафилдің (а.с.) бірінші рет Сурға (сүр) үрлеуімен басталып, екінші Сурға үріліп, Аллаһтың құзырына барғанға дейінгі аралықты қамтитын кезең. Қиямет күнінің қашан келіп, қалай болатындығы тек Аллаға ғана аян.
АҚЫМ. Жан ақымның құдығы әдет­те оңтүстіктен солтүстікке қарай ұзын төрт бұрыш формасында болады (ұзын­­­дығы 2.5 метр, ені 1.8метр, те­рең­дігі 2 метр болуы тиіс). Батыс ке­регесінен адам сыятындай ішкі жаққа қарай тесік қазылады. Ақымға бір кісі көсіліп жатса – басы мен аяғы, ал мал­дас құрып отырса төбесі тимей­тіндей етіп қазылуы керек. Төбесі бесік формасына келті­ріледі. Ақыммен құ­дықтың арасындағы керегенің диаметрі 0.5 метр болуы керек. Кей жерлерде ақым мен құдық арасындағы кереге берік болуы әрі мәйітті алып кіруге қолайлы болу үшін құдық шығыстан батысқа, ұзын төрт бұрыш болып та қазы­лады.

Құрметті оқырман!
Газетіміздің келесі санында «ақшам» және «құбыла» сөздерінің мағынасын ашып беруге тырысамыз.
Жарияланған сөздерге қатысты айтар ой, қосар пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз болса, хабарласа жүріңіздер!
Байланыс телефоны: 8 (727) 3 888 062

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста