Анығы – осы

Анығы – осы

«Алаш айнасы» газеті ел ішінде жиі айтылып, жиі жазылса да, көп адам мән-мағынасын біле бермейтін кейбір сөздерге талдау жасайтын болады. «Анығы – осы» айдары арқылы газетіміздің әр санында мән-мағынасы беймәлім сөздердің түбірі неден шыққаны, халық арасында тез тарап кетуіне не себеп деген сұрақтарға жауап іздейміз. Мәселен, қазіргі уақытта қазақ тілінде кірме (парсы және араб тілінен енген) сөзден көп нәрсе жоқ. Бүгінгі санда біз «жаннат-тозақ» және «сал-сері» сөзін алып отырмыз.

ЖАННАТ-ТОЗАҚ. Жаннат пен то­зақ туралы ұғым барлық дінде бар. Ұғым бір болғанымен, бұл тұрғыдағы түсінік, таным, ұстанған жол әрқилы. Мәселен, дін исламда өмір сүру, өлу, қабір өмірі, тірілу, жиналу мен есеп беру сияқты бөліктерден тұратын ұзын саяхаттың аяғы не жаннат, не тозақ болып аяқталады. Бұл екеуінен басқа барар жер жоқ. Және болмайды да. Осы дүниеде тура жолмен жүрген мұсылман Аллаһтың рақымымен жаннатқа кіреді. Олар жайлы Аллаһ тағала Құранда былай деген: «Күдіксіз сондай иман келтіріп, түзу іс жасаған­дар – адамның жақсысы. Олар мәңгі жа­сайды. Аллаһ оларға разы, олар Ал­лаһ­қа разы. Осы сыйлық Раббысынан қорыққан кісі үшін» (Бәййнә сүресі, 7-8-аяттар). Ал Аллаhқа иман келтір­ме­ген, күпірлікке бой алдырып, Аллаһ­қа қарсы шыққандар мен адасқан қауымның барар жері – тозақ. Осыған байланысты Аллаһ тағала былай дейді: «Расында, Аллаһ кәпірлерге лағнет етті. Және оларға лаулаған тозақ отын әзірледі. Онда олар мәңгі қалады. Не дос, не көмекші таба алмайды. Олардың беттері от ішінде аударылатын күні: «Әттең! Бізге не болды? Аллаһқа бой ұсынып, пайғамбарына көнген болсақ еді», – деді.
САЛ-СЕРІ. Дәстүрлі қазақ қоға­мын­да ерекше өнерпаздықпен байла­ныс­ты ұғым. Сал сөзінің этимологиясы серіктес жігіттерімен ауылға таяғанда әдейі аттан құлап, ауыл қыздары үйге көтеріп алып кіргенше сал болған адамша тырп етпей жата беретін іс-әрекеттен туындаған. Сал айрықша киімдерімен ерекшеленуі тиіс. Эт­нограф-ғалым Әбубәкір Диваев өзінің шығармаларында сал-серілерге қатысты былайша сипаттама берген: «Салдың үстіне киген киімі халық кимеген түрден болады. Егер ол киген киімді халық кисе, оны кимей, қарақұрым киізден киім қылып киеді». Ел аузында салдардың паң жүрісі, тәкаппарлығы, киім киістері, сән-салтанаты туралы аңыз-әңгімелер өте көп. Мысалы, Жетісу өңірінде «Дәурен салдың белбеуіндей» деген теңеу қалыптасқан. Ол Ілені (Іле өзені) кешіп өткенде белбеуінің бір ұшы арғы жағада екінші ұшы бергі жағада қалады екен деген аңыз бар. Арқадан шыққан Қаспақ сал атын шәйі шүбе­рекпен тұсаса, кей салдар мінген тұлпа­рына шөп орнына мейіз, су орнына бие сүтін бергені туралы да дерек бар. Қазақ халқының ежелгі салттары­ның бірі – салдық салыстыру. Бәсекеге түскен салдардың іс-әрекет, қылықтары басқа адамдар үшін ақылға сыйымсыз, ерсі, ессіз де көрінуі мүмкін. Бәсеке ке­зін­де астындағы атын әп-сәтте бауыз­дап тастау т.б. іс-әрекеттер орындалған. Салдық салыстыру кезінде кісілік, жо­март­тық, мәрттік т.б. өнер түрлері сы­на­латын болған. Сал-серілердің іс-қимы­лы халықтық драма өнеріндегі ойын-сауықтың бір түрі қызметін ат­қаратын болған. Сал-серілер ақын, ком­­позитор, әнші болумен қатар, әр­тіс­тік, бишілік, сиқыршылық т.б. қа­сиет­терді бойына жинақтаған өнерпаз болған.

Құрметті оқырман!
Газетіміздің келесі санында «жұрт» және «сайқал» сөздерінің мағынасын ашып беруге тырысамыз.
Жарияланған сөздерге қатысты айтар ой, қосар пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз болса, хабарласа жүріңіздер! 

Байланыс телефоны: 8 (727) 3 888 062

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста