Анығы – осы

Анығы – осы

«Алаш айнасы» газеті ел ішінде жиі айтылып, жиі жазылса да, көп адам мән-мағынасын біле бермейтін кейбір сөздерге талдау жасайтын болады. «Анығы–осы» айдары арқылы газетіміздің әр санында мән-мағынасы беймәлім сөздердің түбірі неден шыққаны, халық арасында тез тарап кетуіне не себеп деген сұрақтарға жауап іздейміз. Мәселен, қазіргі уақытта қазақ тілінде кірме (парсы және араб тілінен енген) сөзден көп нәрсе жоқ. Бүгінгі санда біз «халал» және «харам» сөзін алып отырмыз.

ХАЛАЛ. Бұл араб тілінен аударғанда «рұқсат етілген» дегенді білдіргенімен, жалпы алғанда Ислам әлеміне ортақ сөз. Алла Тағаланың: «Сендерге Алла өлексені (арам өлген малды), доңыз етін және Алладан басқаның атымен бауыздалғанды арам қылды» деген Құранда айтқан үкіміне байланысты мұсылмандар астың халал не халал еместігіне қатты мән береді. Бүгінде бүкіл әлем бойынша халал өндірісі ерекше қарқынмен даму үстінде. Бұл жақсы үрдіс қазақ елін де айналып өтіп жатқан жоқ. Алайда кейбір елдердің тұрғындары халал дүние тағаммен ғана шектеледі деген қате түсінікте жүр. Ал, шын мәнінде, бұл ұғымның аясы өте кең. Әлемдік өнім өндірушілер түсер табысты арттыру, әрі Алла ал­дында атқарған қызметіне орай сауап алу мақсатында азық-түліктен бастап, жеңіл өнеркәсіп, парфюмерия, фармацевтика және т.б. салаларда халал өндірісіне айрықша ден қоюда. Тіпті күнделікті амандығымыздың өзі түзу ниет пен ақжарқын пейілден басталса, ол да халалға жатады. Сайып келгенде, мұсылмандардың өмір сүру салты осынау мәні зор түсінікпен тамырласып жатыр. Демек, халал ұғымының өзі тұтас бір индустрия, белді ғылым деген сөз. «Халал стан­дарты» дегеніміз – бірінші кезекте өнімнің шариғат үкімдеріне сай болуы. Ал, шариғат, барлық ислам қауымының қалай жүріп-тұруын, жалпы алғанда өмірлік қағидаларын айқындап көр­сететін жол», – дейді дінтанушы Ди­дархан Құрманғазыұлы.
ХАРАМ. Бұл да Құранда бар сөз. Біздің дінімізде «харам» деп тыйым салынған іс-әрекет, лас нәрсені айтады. Кез келген іс-әрекет өз сипатына қарай үш түрге бөлінеді: а) батил – мүлдем тыйым салынған (бұған шариат заңдарын, діни жораларды сақтамау, міндеттемелік келісімшарттарды, сауда-саттық талаптарын бұзу, күш көрсету, озбырлық жасау, нақақтан қан төгу, зинақорлық, діннен безу жатады); б) фасид – яғни ішінара арамдық араласқан, бірақ түзетуге болатын іс-әрекеттер; в) сахих – арамдық жоқ, бірақ моральдық тұрғыдан қолдап-қуаттауға жатпайтын іс-әрекеттер (қылмыскерлерге қару-жарақ сату, т.б.). Харам ас – шошқаның еті, майы, мас қылатын ішімдіктер, қан, жыртқыш аңдардың еті, қысқасы Алланың атымен сойылған еттен басқасы. Харам деп тағы да үлкен күнәларды да атайды: зина, риба, құмар ойнау, адам өлтіру, жала жабу т.б. Харамнан сақтану адам­ды тақуалық мәртебеге жеткізеді. Харам жасалса ауыр күнәға батып, жүректер қарайып, иман әлсірейді, адамның көңілі кірлеп, ибадаттардан ешқандай рахат ала алмайды. Қиямет күні келгенде ондай адамдар ауыр азапқа тартылады.

Құрметті оқырман!
Газетіміздің келесі санында «ажал» және «адам» сөздерінің мағынасын ашып беруге тырысамыз.
Жарияланған сөздерге қатысты айтар ой, қосар пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз болса, хабарласа жүріңіздер! 

Байланыс телефоны: 8 (727) 3 888 062

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста