Анығы – осы

Анығы – осы

«Алаш айнасы» газеті ел ішінде жиі айтылып, жиі жазылса да, көп адам мән-мағынасын біле бермейтін кейбір сөздерге талдау жасайтын болады. «Анығы – осы» айдары арқылы газетіміздің әр санында мән-мағынасы беймәлім сөздердің түбірі неден шыққаны, халық арасында тез тарап кетуіне не себеп деген сұрақтарға жауап іздемек. Мәселен, қазіргі уақытта қазақ тілінде кірме (парсы және араб тілінен енген) сөздерді айтпағанда, арамызда қазақтың кейбір сөздерінің мағынасын түсіне бермейтін қандастарымыз баршылық. Сондықтан біз бүгінгі санда қазақтың салт-дәстүрі, ұлттық өнерінің бірқатарын тізбектеп шықпақпыз.

ҚАРА ТІГУ (салт). «...өлік үстіне тіккен ақ үйдің оң жақ белдеуіне өз қолымен әкеп қара тікті. Сүйіндік жас кісі өлсе туы қызыл болатынын, кәрі кісі өлсе ақ болатынын айтып келді де, «Өжейдің орта жасты кісінің туы – бір жағы ақ, бір жағы қызыл болуы керек дегенді айтқан» (М.Әуезов). Кісі өлген үйді бір сөзбен қаралы үй деп те айта береді. Қара тігілген үйді көргендер ол үйге соғып, дұға жасап өтетін болған. Мұндай үй кісі күтуге де дайын отырады. Жыл бойы жоқтау айтылады. Бұл халықтық рәсім марқұмның жылы өтіп, асы берілгенге дейін жалғасады.
Қайтыс болған кісінің құрдасы, наға­шы-жиендері, іліктері, сыйлас­тары, ауылдастары оның от басын үйіне арнайы шақырып, дәм береді. Көңіл білдіріп қол ұшын созады. Бата жасайтындар, көңіл айтушылар келе­тін болса, олармен бірге болып, қара­лы үйдің шаруасына араласып, көмек көрсетеді. Қысқаша айтқанда, жаны ашитын адамдар сол үйдің көңіліне қарап, олардың қайғы-мұңын жеңіл­де­­туге тырысады. Бұл ата-бабамыздан қалған адамдық жол әрі тәртіп, бұл­жымас заң бүгінге дейін қалпын бұз­ған жоқ. Қазақ елі, жұрты, азамат­тары тұрғанда ол бұзылуға да тиіс емес.
ҚАРА ЖЫҒУ (салт). Кісі қайтыс болған күні тігілген қараны жығу сал­ты. Ол шара марқұмның жылы беріліп, ас өткен соң жасалады. Яғни қара жалауды алып сындырады да, отқа жағып жібереді. Бұдан кейін жақын-жуықтары, әйелі, балалары мен ауыл ақсақалдары құран бағыштайды. Соң­ғы жоқтау айтылады. Бұл – қаралы жыл өтті, азалы күндер аяқталды деген сөз.
Өлім, қаза сөздері: арыздасу, ба­құл­дасу, иман, иман су, аманат, естір­ту, жоқтау, көңіл айту, жаназа, бата, дұға, аза, ақ жуып арулау, кебін, дауыс қылу, қара дауыс, тұл көрісу, жерлеу, үші, жетісі, қырқы, жылы, садақа, құ­ран шығару, дәуір айналдыру, қаралы ақирет, қаза, өлім т.б.
Өлімнің астарлы сөздері: көзі жұ­мылды, жан тәсілім етті, жүрегі тоқ­та­ды, қайтыс болды, қайтпас сапарға аттанды, келмеске кетті, опат болды, қаза болды, шейіт болды, о дүниелік болды, марқұм болды, фәниден өтті, бақиға кетті, ажал жетті, демі бітті, дә­мі таусылды, дүние салды, ата-баба ізімен кетті, ажал оғы тиді, дүниеден озды, о дүниеге көшті, күні бітті, күні батты, жамбасы жерге тиді т.б.
Көңіл айту, тілек сөздер: «иманды болсын», «топырағы торқа болсын», «жаны жәннатта болсын», «қалған­дар­ға ғұмыр берсін», «жасамаған жасын ұрпақтарына берсін», «өлмектің соңынан өлмек жоқ», «арты жақсы­лық­қа жалғассын», «құдайға да жақсы керек», «өлмейтін пенде жоқ», «желеп -жебеп жатсын», «өзі өлсе де, сөзі өлмесін», «өзекті жанға өлім бар», «құдай өзі берді, өзі алды», «жақсының аты өлмейді», «қазаның қайырын бер­сін» т.б.

Құрметті оқырман!
Газетіміздің алдағы сандарында да қазақтың әдет-ғұрып ишараларын бөлім-бөлімімен назарларыңызға ұсынатын боламыз.
Жарияланған сөздерге қатысты айтар ой, қосар пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз болса, хабарласа жүріңіздер!

Байланыс телефоны: 8 /727/ 3 888 062

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста