Анығы – осы

Анығы – осы

«Алаш айнасы» газеті ел ішінде жиі айтылып, жиі жазылса да, көп адам мән-мағынасын біле бермейтін кейбір сөздерге талдау жасайтын болады. «Анығы – осы» айдары арқылы газетіміздің әр санында мән-мағынасы беймәлім сөздердің түбірі неден шыққаны, халық арасында тез тарап кетуіне не себеп деген сұрақтарға жауап іздемек. Мәселен, қазіргі уақытта қазақ тілінде кірме (парсы және араб тілінен енген) сөздерді айтпағанда, арамызда қазақтың кейбір сөздерінің мағынасын түсіне бермейтін қандастарымыз баршылық. Сондықтан біз бүгінгі санда қазақтың салт-дәстүрі, мифологиялық түсінігі мен ырым-тыйымдарының бірқатарын тізбектеп шықпақпыз.

ЖЕТІ ҚАТ КӨК — қазақ халқының көне заманнан келе жатқан мифо­ло­гия­лық түсініктерінің бірі. Айқын мифтік мәнге ие бола тұра, бүгінгі қазақ тілінде «шырқау биік, шексіз аспан» дегенді білдіретін жай ғана астарлы, орнықты сөз тіркесі ретінде сақталып қалған. «Жеті қат көк» ұғымының үш мағыналық сипаты бар.
Біріншісі – мұсылмандық мифо­ло­гиясында аспанның жеті қабатты болып түсіндірілетіндігі. Алла тағала аспанды жеті қабаттан тұратын етіп жаратқан, бұл туралы Құран Кәрімде: «Алланың жеті аспанды қабат-қабат жаратқанын көрмедіңдер ме?» (72-сүре, 14-аят), Алла тағала аспанға «айды нұр, күнді шам қылды» (72-сүре, 15-аят) деп ай­ты­лады. Мұсылмандық түсінік бойын­ша, Алла тағаланың тағы жетінші аспан­ның үстіне орналасса, жетінші аспанның өзінде жұмақ — джанна, бірінші аспан­нан төменірек тозақ — жаһаннам орна­лас­қан делінеді. Аспанның басқа қабат­тарында нұрдан жаралған, Алла таға­ланың еркін адам баласына жет­кі­зу­ші мәлеиктер мен періштелер тұрады.
Екінші, кітаби түсіндірме бойынша, жеті қат көк дегеніміз — жалпы мұсыл­мандық астрономиялық танымдағы белгілі жеті жұлдызға байланысты атау. Олар — Ай, Меркурий (Ғұтрад), Шолпан (Зуһра), Күн, Марс (Миррих немесе Қызыл жұлдыз), Юпитер (Мүштари), Сатурн (Зұхал).
Үшінші мағынасы ежелгі түркілік мифологиясындағы түсінікке негіз­де­ле­ді, бірақ ол кейінгі мұсылмандық ұғым­дар­дың астарында қалып қоюына бай­ла­нысты, толықтай ұмытылып кеткен. Ол түсініктердің қандай сипатта бол­ған­дығын басқа мифтік дәстүрлердегі, ең алдымен түркі, моңғол мифо­ло­гия­сын­дағы аспан қабаттары туралы аңыздарға қарап аңдауға болады. Аспан әлемін үш, жеті, тоғыз қабатты етіп көрсету жер бетіндегі халықтардың басым көпші­лігінің мифологиялық дәстүріне тән. Аспан қабаттарын жетіден де көп деп түсіну мысалдары да жеткілікті, мәселен, үнділік джайн мифологиясында аспан қабатының саны 63 болса, лама­шыл­дықты қабылдағаннан кейінгі моңғол халықтарының түсінігінде аспан 99 қабатты болып та кейіптеле бастаған. Ал Орталық Америкадағы науа, майя мен ацтек тайпаларының мифологиясында көк 13 қабатты болып, оның әр қабаты әлдебір құбылыстың, не тәңір-иенің тұрағы ретінде бейнеленеді. Көне түркі және моңғол мифологиясында аспан күмбез немесе төңкерілген қазан түрін­де, оның жиектері жер бетіне тақалып тұрады делінеді. Аспанның тесігі болады, ол тығынмен бекітіліп тұрады деп түсіндіріледі және оны Темірқазық деп атайды. Аспан тесігі — Темірқазық арқылы аспанның барлық қабаттарына өтуге болады. Түркі мен моңғол мифо­логиясын зерделей келе, қазақ халқы мұсылмандықты білмей тұрған дәуірде де аспан туралы осыларға ұқсас түсініктерге ие болғандығын аңғаруға болады.

Құрметті оқырман!
Газетіміздің алдағы сандарында да қазақтың әдет-ғұрып ишараларын бөлім-бөлімімен назарларыңызға ұсынатын боламыз.
Жарияланған сөздерге қатысты айтар ой, қосар пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз болса, хабарласа жүріңіздер!

Байланыс телефоны: 8 /727/ 3 888 062 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста