Анығы – осы

Анығы – осы

«Алаш айнасы» газеті ел ішінде жиі айтылып, жиі жазылса да, көп адам мән-мағынасын біле бермейтін кейбір сөздерге талдау жасайтын болады. «Анығы – осы» айдары арқылы газетіміздің әр санында мән-мағынасы беймәлім сөздердің түбірі неден шыққаны, халық арасында тез тарап кетуіне не себеп деген сұрақтарға жауап іздемек. Мәселен, қазіргі уақытта қазақ тілінде кірме (парсы және араб тілінен енген) сөздерді айтпағанда, арамызда қазақтың кейбір сөздерінің мағынасын түсіне бермейтін қандастарымыз баршылық.

Хадис бойынша, қасиетті жұма күнінде бір сәт бар, сол сәтте не тіле­сеңіз де тілегіңіз қабыл болады, себебі періштелер «әумин» деп тұра­ды. Ал періште «әумин» десе болды, жаман сөз де, теріс тілек те қабыл болып кетуі әбден мүмкін. Сондықтан ауыздан шығатын сөзге де сақ қара­ған жөн. Ең бастысы – жөнсіз айтыл­ған сөзді көңі­ліңізге алмағаныңыз дұ­рыс. Көңілге алғаныңыз өзіңіз соған жол ашқаны­ңыз болып шығады. Дін бойын­ша, үзілді-кесілді кесіп айтуға болмайды. «Алла қаласа», «Құдай бұйырса» деп айту керек. Пайғам­ба­рымыз сәбиге ат қоярда да мағыналы, мәнді есім қою­ды бұйырған. Кейбір есімдерін ұнат­паған адамдардың аттарын өзгерткен. Мәселен, Әсия деген есім араб тілінде «бас көтеруші», «қарсылық білдіруші» деген мағына береді. Сондықтан Пайғамбарымыз Әсия деген есімді ұнатпай, оны Жәмила, яғни «көркем мінезді» деген мағына беретін есім­мен ауыстырған. Сондай-ақ сахаба­лардың өрісі мен жайлаулары­ның да атын өзгертіп бер­ген. Әрине, айнала­мыздағы жоғары­дағыдай кездейсоқ оқиғалар мен тосын көріністер тектен-тек бола салмайды. Өмірде кездейсоқ ештеңе жоқ. «Құдайсыз қурай да сын­байды», «Бұйырған кетпейді, қуған жет­пейді» дейді ата-бабамыз. Табиғат­т­ағы кез келген қимыл-қоз­ғалыс тіпті, мәсе­лен, сынған стақан, төгілген шай, та­бан­ға кірген шөңге болсын, оған жайбарақат қарауға болмайды, яғни ғайып әлемі сізге өз тілімен хабар, белгі беріп тұр. Яғни мұны «дұрыс, түзу жүр, тәубеңе кел» деген ескерту деп білген жөн. Ал мұның бәріне қиыннан қиыстырып сәуегейлік айту діннің ру­хы­на қайшы, дін мұны хош көрмейді.
Мәселен, сіздің балконыңызға қарға қонып, қарқылдады дейік. Бұл бекер емес. Қарға сізге өз тілімен бір­деңе айтып тұрғаны аян. Бірақ мұны еш уақытта жамандыққа жорымаңыз. Мүмкін, бұл үлкен жақсылықтың белгісі шығар, сіз оны нақты білмейсіз ғой. Сондықтан да жақсылыққа жоры­ңыз. Қара мысық жолыңызды қиып өтсе де солай. Ал сіз оны дереу жаман­дыққа жорып, үрейге берілсеңіз, онда шайтанның соңынан салпақтап ерге­ніңіз. Соған сай, шынымен де, қара мысықтан жолыңыз болмауы әбден мүмкін. Егер зер салып қарасаңыз, жүй­ке жүйесі бұзылған, ақыл-есі ауыт­қыған адамдардың, негізінен, бұрын осындай ырым-жырымға қатты мән беретін кісілер болғанын бағамдар едіңіз. Осы жайттың өзі де көп нәрсе­ден хабардар етеді.

Құрметті оқырман!
Газетіміздің алдағы сандарында да қазақтың әдет-ғұрып ишараларын бөлім-бөлімімен назарларыңызға ұсынатын боламыз.
Жарияланған сөздерге қатысты айтар ой, қосар пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз болса, хабарласа жүріңіздер!

Байланыс телефоны: 8 /727/ 3 888 062

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста