Мұраларға қатысты мереке Ықылас мұражайында тойланды

Мұраларға қатысты мереке Ықылас мұражайында тойланды

18 мамыр –  Халықаралық мұражай күніне орай Алматыда Ықылас Дүкенұлы атындағы музыка­лық халық аспаптар мұражайында қала­лық мәдениет басқармасына қарасты мұражайлар бірлесіп «Мұражай – тарих мұрасы» атты мәдени шара өткізді. Осы жиында Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыка­лық аспаптар мұражайының қасы­нан құрылған «Сазген» фольк­лор­лық-этнографиялық ансамблінің алғашқы құрамы, ардагер өнерпаздар 30 жыл­дан асқан соң қайта бірігіп сахнаға шықты. 
Ықылас атындағы музыкалық халық ас­пап­тары мұражайы 1980 жылдары белгілі қо­ғам қайраткері, өнертанушы-этнограф Өзбе­кәлі Жәнібековтің ұйытқы болуымен ашылған. Ол кісі мұражайдың тұңғыш ди­рек­торы етіп қазіргі белгілі өнер зерттеушісі, күйші Жарқын Шәкәрімді қояды. Жарқын Шәкәрім ағамыз қылшылдап тұрған шағын­да құрған «Сазген» фольклорлық-этногра­фиялық ансамблінің алдында толқи сөйлеп, шараны ұйымдастыру­шыларға алғыс айтты. «Ұлттық өнерді дәріптеу бағытында Ықылас атындағы мұражайда, яғни Медеу ауданын­да жүргізіліп жатқан шаралар қаланың өзге аудандарына да үлгі болуы тиіс», – деп түйіндеді ойын өнертанушы ғалым.
Жанна ДОСАНОВА, Алматы қалалық Медеу ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы:
– Биылғы жыл Алматы қаласында «Мәдениет жылы» деп белгіленді. Сон­дықтан біздің ауданымызда тарихымызды түгендеуге, мұра-жәдігерлерімізді жаң­ғыртуға, ұлттық өнерімізді өрістетуге айрықша көңіл бөлінуде. Жуырда Респуб­лика сарайында Майра Ілиясованың «Алтын домбыра» атты концертін бірлесіп ұйымдастырдық. Енді, міне, Ықылас атындағы музыкалық халық аспаптар мұражайына да қолдау көрсетіп отырмыз. Бабаларымыздан қал­ған бай мұрамызды, ұлттық классикалық музыкамызды бүгінгі жас ұрпақ білсе екен деген ниетіміз бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста