Қазақта түк жоқ деген күпiршiлiк
Газетiмiздiң алғашқы сандарынан берi үзбей жарияланып келе жатқан жазба айтысымыздың бiрiншi жұбы – ақындар Балғынбек Имашев пен Айтбай Жұмағұлов, екiншi жұбы – Айтақын Бұлғақов пен Серiкзат Дүйсенғазиндер болғанын қайыра естерiңiзге сала кетейiк. Үшiншi жұп ретiнде сөзтартысқа түскен Айбек Қалиев пен Рүстем Қайыртайұлының айтысы алдағы апта басында аяқталады. Жобамызды жүзеге асырушылардың бiрi Жүрсiн Ерманов көпшiлiк пiкiрiн ескере отырып жүйрiктердi өзi анықтайды. Төртiншi жұпты кiмдердiң құрайтыны әзiрге жария етiлмейдi. Бүгiн назарларыңызға Рүстемнiң Айбекке айтқанын ұсынып отырмыз.
Қазақта түк жоқ деген күпiршiлiк,
Кешегi кезеңдерден шүкiршiлiк.
Отандық өндiрiстiң ошағынан,
Тұрғанын жасырмайық түтiн шығып.
Басқа жұрт бөзiн сатып базарыңа,
Үй салып жатыр дейсiң қазағыма.
Тәубам осы, Тәңiрiм сақтаса екен,
Көршiнiң көз сүзгеннен қазағыма.
Күнгейден көп айтсақ бiз көлеңкенi,
Түзелсе деген ниет ел ертеңi.
Қазақтың бар мен жоғын жырлай берем,
Көмейден таусылғанша өлең кенi.
Ал, Айбек, бұл айтысты мен бастағам,
Екпiнiң емес едi кем басқадан.
Арнаған сөзiңдi айтшы Алашыңа,
Арнадан дұрыс болар ендi аспаған!
Жазба айтыстан көз жазбайтын құрметтi Алаш оқырмандары! Сiздердiң пiкiрлерiңiз мiндеттi түрде ескерiледi. Ақындарға қатысты талап-тiлектерiңiздi телефон қоңыраулары және хат арқылы бiлдiруге болады.
Газет бетiнде күнделiктi жарияланып тұратын сөз сайысын қалт жiбермей, қадағалап отырыңыздар!
Еңсемiз биiк, сөзiмiз түзу, рухымыз мықты болсын!
e-mail: alash_ainasy@mail.ru Факс: 8(727) 388-80-61. Тел: 388-80-64
Редакция