«Сәт» триосы – Керекуде

«Сәт» триосы – Керекуде

Көз жанарынан айырылған үш әнші баланың басын қосқан «Сәт» триосы халық арасында танымал. Топ құрамындағы Азат Әбілдаев, Сапарбай Алтыбай мен Тұрар Тұрмысов Шымкент қаласындағы көздері нашар көретін балаларға арналған «Үміт» мектеп-интерна­тында білім алады. Балалардың бойындағы ерекше қасиетті байқап, оны әрі қарай дамытуға музыка пәнінің мұғалімі Тамара Шілдерханова үлес қосқан.
Ұжымның құрылғанына аз уақыт өтсе де, дарынды ұлдар бірқатар халықаралық, республикалық байқауларда топ жарды. Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен «Кастальский ключ» атты жетім балалардың халықаралық фестиваліне қатысқан олар бас жүлдені қанжығаға байлады. Сонымен қа­тар режиссер Руслан Байтөлешовтің «Тағ­дыр» атты фильміне түсіп, әртістік қырлары­нан көрінген.
Қазіргі таңда өнерпаздар еліміздің түкпір-түкпірін гастрольдік сапармен аралауда. Өнер сапары ертең, яғни 3 маусымда Ертістің Кере­ку өңірінде де жалғасын таппақ. Концерттік кеште өмір бойы ән айтуды армандайтын жеткіншектердің жұртшылық сүйіп тыңдайтын туындылары шырқалады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста