Тәуелсіздік – балалар көзімен

Тәуелсіздік – балалар көзімен

Кеше Алматы қаласындағы №56 гимназияда Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – егемендігі­міздің айғағы» атты концерттік бағдарлама өтті. Бастауыш пен жоғары сынып оқушылары сахналық көріністерде ойнап, ұлттық аспаптардың үнін әуелетті.
Оқушыларын отансүйгіштікке, адамгершілікке, халқына адал қызмет етуге, қазақ жерінің тарихын жаттап өсуге баулыған ұстаздар қауымы биылғы іс-шараның мазмұнын түбегейлі өзгерттік деп отыр. Сахналық көріністерді Құрманғазының «Сарыарқасы» мен С.Тұрысбековтың «Секеннің саз отауы» күйлерімен көркемдеген ұйымдас­тырушылар өскелең ұрпаққа «Тәуелсіздікті» дұрыс ұғындырудың ең сара жолы қазақтың дәстүрлі күйлерін санасына сіңіріп, ата дәстүрін жаттату дейді. Кеш барысында шашу шашылып, Қазақ­станның табиғаты ең бай өңірлері бейнеленген видеокөріністер қонақтардың назарына ұсыныл­ды. Оқушылар хорға қатысып, ұлттық би өнерін паш етті. Шара соңында «Қазақстан жетістіктері» тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, мектептің биылғы түлектері Отанына деген ыстық сезім-лебіздерімен бөлісті.
Айман НҰРПЕЙІСОВА, ұйымдастырушы ұстаз:
– Біз жастардың болашаққа деген сенімін оятуымыз керек. Себебі болашақ иесі сол – жастар. Оның орнына салт-дәстүрімізді дәріп­теп, ұлттық құндылықтарымызды өсіп келе жат­қан ұрпақтың жадына жаттатқанымыз дұрыс деп ойлаймын.

Аида ЖҰРМАҒАМБЕТОВА, 11-сынып оқушысы:
– Тәуелсіздік десе менің көз алдыма бірден мемлекеттік нышандар елестеп, Әнұранымыз құлағымда сайрап тұрады. Қазақстан жас мемле­кет болса да бүкіл әлемге танылып үлгер­ді. Мемлекетіміз жастардың әлем ағымынан қалыс қалмауы үшін барлық жағдайды жасап отыр. Және біз оны бағалап, құрметтеп, нық сеніммен Тәуелсіздік туын биіктерде желбірете беруге міндеттіміз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста