АДАМНЫҢ ЖАҚСЫ ЖӘНЕ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУІНЕ ЕЛДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСИ ЖАҒДАЙЛАРЫ ДА ӘСЕР ЕТЕДІ

АДАМНЫҢ ЖАҚСЫ ЖӘНЕ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУІНЕ ЕЛДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСИ ЖАҒДАЙЛАРЫ ДА ӘСЕР ЕТЕДІ

1900-1940 жылдар аралығындағы АҚШ-та ерлер мен әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығы мысалында АҚШ-та ерлер мен әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығында 1900-1914 аралығында баяу өсім байқалады, 1914-1918 жылдары болған бірінші дүние жүзілік соғысқа АҚШ 1917 жылға дейін қатысқан жоқ, ел нейтралитеттік саясат ұстанған бірақ өмір сүру ұзақтығының төмендегенін байқаймыз, елдің ішкі әлеуметтік-экономикалық және саяси-экологиялық жағдайдың қиындауымен түсіндіреміз. Соғыс жылдары саяси деректерге сүйінсек, АҚШ қаруды Антанта одағының құрамындағы елдерге экспорттап отырған. Яғни, денсаулыққа зиянды жұмыс орындарында қызмет еткендердің саны көбейген. Өлім деңгейі жоғарылаған, осы жағдайға байланысты елде ереуілдер мен бір қатар өндіріс орындарында көтерілістер өткен. Мысалы, 1914 жылы Ладлоуда 13 айға созылған қанды көтеріліс болды. Қозғаушы күштері сол жерде жұмыс атқарған шахтерлер. 1917 жылы АҚШ соғысқа қатысты. 1918 жылы бірінші дүние жүзілік соғыс аяқталды. Осы жылдары елдің орташа өмір сүру ұзақтығы өз қалпына оралғанын көре аламыз. 1920-1940 жылдары елде кері әсерін тигізетін оқиғалар болған емес. Ел 1945 жылға дейін жоғары экономикалық өсім мен саяси тұрақтылыққа қол жеткен. Жылдар бойынша талдайтын болсақ: 1900 жылдары ерлердің өмір сүру жасы 47 жас, ал әйелдер 51 жасқа дейін болған. 1907 жылы ер адамдардың жас ұзақтығының кему себебі – америкалық көмір өнеркәсібінің тарихындағы қайғылы жыл болғандығы. Мононга шахтасында бiр ғана апаттың өзі 3242 кеншiлердің өмiрін алды. Ал, жалпы 1910 жылға дейін көмір шахталарында 21000 шахтер қаза тапты. Ең төменгі көрсеткіш 1918-1919 жылдарға сәйкес, бұл жылдары ерлер мен әйелдердің өмір сүру жасы өте төмен болған. Мұның негізгі себебі дүние жүзін шарлаған қара оба «испан тұмауы» болды. Испандық тұмау немесе «испанка» (фр. La Grippe Espagnole) адамзат тарихындағы ең қатерлі де қауіпті тұмау пандемияларының (індет) бірі болып саналады. 1918-1919 жылдары жер бетінде шамамен 50-100 млн адам қайтыс болды, ол жер шарындағы адамдардың 2,7-5,3% құрайды. Жер шарындағы 550 млн. адам кеселге шалдыққан, яғни ол адамдардың 29,5 % құрады. Эпидемия 18 айға созылды. Тұмау бірінші дүние жүзілік соғыстың соңғы жылдарында пайда болып жер бетін тез жаулап алды. АҚШ-та Испандық тұмаудан 675 000 адам, яғни халқының 0,6% қайтыс болған. 1918-1919 жылдары, 18 ай ішінде әлемде 50-100 миллиондай адам, яғни жер шарының 5,3 % қаза тапты. Америка Құрама Штатында 106 021 600 халықтың 675000 адамы, яғни, мемлекеттің 0,6 % халқы қаза тапты. Кейіннен 1921-1923 жылдар аралығында адамдардың өмір сүру жасы ұзарған, бұл жылдары ер адамдардың өмір сүру ұзақтығы 58 жас, ал әйел адамдарың жасы 60-қа дейін ұзарған. Жалпы 1920-1929 жылдар аралығында адамның өмір сүру ұзақтығы тұрақты өсіп келген. Бұған Америка Құрама Штаттарындағы қаржылық тұрақтылық әсер етуі мүмкін. Біз білетіндей, адамның жақсы өмір сүруіне елдің экономикалық саяси жағдайлары да әсер етеді. 1930-1940 жылдар аралығында, нақтысы 1937 жылы адамдардың өмір сүру жасы төмендеп кеткенін байқауға болады. Ғалымдардың айтуынша бұған себеп – 1937 жылы орын алған ашаршылық. Статистика мәліметтеріне жүгінетін болсақ, АҚШ мемлекетінде 1920 жылы – 106 млн., 1930 жылы – 123 млн., 1940 жылы – 132 млн., 1950 жылы – 152 млн. адам болған. Яғни, халықтың өсу деңгейі келесідей дамыған: 1920-1930 жылдары – 17 млн., 1930-1940 жылдары – 9 млн., 1940-1950 жылдары – 20 млн. бұдан көріп тұрғанымыздай, 1930-1940 жылдар аралығында халық саны 8 миллонға кеміген. 

Ләззат Сейтқазықызы СПАНКУЛОВА,

экономика ғылымдарының докторы, профессор

Нархоз Университеті

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста