Африка плазасы экзотикалық әсер сыйлайды…

Африка плазасы экзотикалық әсер сыйлайды…

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің көрігін қыздырып тұрған павильондардың бірі – Африка плазасы. Соңғы статистикалық мәліметтерге сенсек, қара құрлық атынан келіп қатысып жатқан 21 бірдей елдің басын біріктіріп отырған бұл павильон келушілердің саны жағынан үздіктер қатарында тұр. Бұл туралы Африка плазасын көзімен көрген «Жас алаш» газетінің тілшісі жазды.


Қолөнер жәрмеңкесі
Африка плазасы келушілер саны жағынан ғана емес көркемдік әрі көлемі жағынан да көш бастап тұрған павильондардың біріне жатады. Қашан барсаң да көтеңіңкі көңіл күй мен экзотикалық әсер сыйлаудан тынған емес. «Африка әлі толық зерттелмеген, жұмбаққа толы, қызықты материк саналады. Соған сәйкес бұл елдердің павильоны да дәл солай болып отыр. Келушілердің қарасы күннен күнге артып келеді. Ең үлкен рекорд өткен жұма күні тіркелді - 20 мың 500 ге жуық адам келді. Жалпы павильонымыз көпшіліктің қызығушылығын тудырып отырған орындардың бірі болып отыр. Келушілердің барлығы да өте жақсы әсер алуда. Барлығы да қара құрлық елдерінің дәстүрі, өмір салты туралы барынша біліп қалуға тырысып жатыр» дейді Африка павильонының қызметкерлерінің бірі Зумрят есімді бойжеткен.
Зумряттың айтуынша, аталмыш павльонның атағын аспандатып тұрған жайттардың бірі – қолөнер жәрмеңкесі. Ашылған күннен бері сауда өте жақсы жүріп жатыр. Өйткені мұндағы заттың барлығы табиғи, шынайы. Тіптен сырғаларының өзі табиғи тастардан жасалған. «Африка елдерінің төл мәдениеті мен табиғаты еш бүлінбеген. Қолөнері де солай. Шынайы әрі ешкімге ұқсамайды. Оны келушілер мен алушылардың ынтасынан-ақ байқауға болады. Шәй, кофе дегендер әп сәтте-ақ өтіп кетіп жатыр. Қолтырауын, питон терісінен жасалған сөмкелер мен киім кешектер үлкен сұранысқа ие» дейді ол.
Мұны африкалық імбір, қара бұрыш, мускатты жаңғақ секілді экзотикалық өнімдер сатып тұрған Диляра есімді қызметкер де растап отыр. Ол Комор аралы павильонында аудармашы әрі көмекші қызметін атқарады екен. Айтуынша, өнімдердің барлығы сол Комор аралынан әкелінген өнімдер. Сұраныстың көптігіне байланысты әкелген тауарлар бітуге шақ қалыпты. «Әр түрлі азықтық қоспалар мен дәмдеуіштердің, жемістердің көбісі өтіп кетті. Барының өзі бір екі данадан ғана қалды. Бірнеше күнде үлкен партия тауар келе жатыр» дейді Диляра.
Айтпақшы, мұнда Сенегалдық өнім - Карите майы да үлкен сұранысқа ие екен. Ешқандай қоспасыз майдың бұл түрі карите деп аталатын ағаштан алынады. Мадагаскар павильонының сәнін келтіріп тұрған бұл өнім аллергияға, әр түрлі қышытпалар мен жәндіктердің шағуына қарсы дәрі ретінде пайдаланылады екен. Күнделікті крем ретінде қолдануға болады. Теріні жұмсартып, ылғалдандырады деп сендірді ондағылар. Кейін ғаламторды ақтарып отырып расында да бұл табиғи майдың үлкен сұранысқа ие екеніне көз жеткіздік. Еуропа елдерінде құны алтынмен пара пар екен. Ал ЭКСПО ғимаратындағы бұл өнімнің бір құтысы небары 3500 теңге. «Басында жұрт түсіне қойған жоқ. Қатардағы көп жақпа майдың бірі деп ойлады. Сосын келушілерге құтыларды ашып пайдаланып көруді ұсындық. Кейін көбі расында да пайдалы екен деп сатып алып жатыр. Бұл жерде сонымен қатар әр түрлі кәдесыйлар мен экспонаттарды, табиғи тастар, інжу маржандарға сұраныс көп екен» дейді Мадагаскар павильонының комиссары Секоу Трауэре.


Ең үлкен павильон Африка плазасы
Мұнда да Африка плазасына қатысушы елдердің ұлттық күндері болып болып тұрады. Нәтижесінде қалың жұртқа 21 елдің таңғажайып шоу қойылымдары мен сан қилы өнері, ешкімге ұқсамайтын билері таныстырылып ұлттық тағамдарынан ауыз тию мүмкіндігі жасалған. Келушілер арасында әр түрлі байқаулар ұйымдастырылып Африка елінен әкелінген бағалы кәдесыйлар тарту етіледі. Мәселен, 12 шілде күні Гана Республикасының мәдениет күні болды. Wheels музыкалық театр ұжымы өнер көрсетіп, «Ghana Business and Investment Forum» форумы болып өтті


Нельсон Мандела айлығы

Қазіргі уақытта плаза аумағында ең айшықты шара - саналы ғұмырының 67 жылын бейбітшілік пен адамгершілік ісіне арнаған, ОАР-дың демократиялық жолмен сайланған алғашқы президенті, халықаралық деңгейдегі бітімгер, адам құқықтарының қорғаушысы, өз халқының қамқоршысы ретінде дүниежүзіне танымал болған тұлға Нельсон Манделаның айлығы өтіп жатыр. Ол кісі 1993 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты, 1994 пен 1999 жылдар арасында Оңтүстік Африканың президенті. Адам құқығын қорғау жолындағы күрескер. Ел қаһарманы. Апартеидке қарсы шыққан халық батыры. 27 жылға бас бостандығынан айырылып түрмеге тоғытылғанына қарамай елінің болашағы үшін күрескен адам.
Аялық аясында ұлы тұлғаның өмір жолына арқау болған көптеген кітаптар, суреттер мен фотолар көрмесі ұйымдастырылып жатыр. Бұл шараға Астана қаласының № 1 өнер мектебінің оқушылары да ат салысып, «Оңтүстік африка қазақстандық балалар көзімен» атты көрмесін ұйымдастырып отырғанын айта кету керек. Бұл көрме шілде айы бойы өтеді. Сонымен қатар, бұл көрмеден Манделаның өмінінен сыр шертетін фото суреттер мен күрескердің қанатты сөздерімен қанығуға болады.
Сонымен Африка павильонына бара қалсаңыз, қайталанбас қолөнер бұйымдары мен экзотикалық өнімдерді сатып алып қана қоймай, Н.Мандела сынды тарихи түлғаның өмірімен танысуға мүмкіндігіңіз бар. Қара құрлыққа табаныңыз тимеген болса, Астанада-ақ Африканы көру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.

Жас алаш

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста