Аймақтық біркелкі даму – ел тұтастығының кепілі

Аймақтық біркелкі даму – ел тұтастығының кепілі

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 жарлығымен 2020 жылға дейінгі еліміздің аймақтық-кеңістік дамуының болжам кестесі қабылданды.
Бұл кесте тұрғындардың әл-ауқатын көтеруге, елдің әлеуметтік-эконо­мика­­лық әлеуетін тиім­ді орналастыруға бағыт­тал­ған. Соның нәтижесінде үзд­ік экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу көзделіп отыр.
2009 жылғы мәлімет бойынша, Қазақстандағы экономикалық тығыздық 40,4 мың долларды құраған. Бұл көрсеткіш Венгрия (1466 мың доллар, Польша – 1322 мың доллар), сондай-ақ ТМД-да Ресеймен (75,4 мың доллар) салыстыр­ғанда біршама кенжелеп қалғанымызды көрсетеді. Сондықтан елімізде экономи­калық жағынан болашағы зор аудандарда және табиғи-климат жағдайы өмір сүруге қолайлы аймақтарда экономикалық бел­сен­ділікті жандандырып, біртұтас ішкі экономикалық кеңістік құру өзекті бола түсуде.
Жыл сайынғы статистика біздегі аймақ­тар­дың экономикалық дамуы да біркелкі емес екендігін көрсетеді. 16 аймақтың ішін­дегі төртеуі - оның ішінде респуб­ли­калық маңызы бар Алматы, Астана, Атырау мен Қарағанды облыстары – 2009 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ-нің 47,2 пайызын құрады. Осы аймақтарда инвес­тиция да, өзге де экономикалық ресурстар барынша шоғырланған. Екінші жағынан, аймақтық дамудың әркелкі болуы жалпы әлемдік үрдіс екенін де ескерген жөн. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қарқынды дамыған елдерде өндірістің, капитал мен адам ресурсы қалаларда шоғырлануы жағдайында өткенін дәлелдейді. Сөйтіп қазіргі заманда кеңістік пен жайғасу мәсе­лесі мемлекеттік саясаттағы әлеуметтік-эко­номикалық дамудың маңызды фак­торы­на айналды. Қалалардың өсуі мен шоғыр­лануы, сауда мен қызмет көрсетуді дамыту соңғы жиырма жылдың ішінде дамыған ел­дердің катализаторы болса, бүгінде да­мушы елдердің қозғаушы күшіне айналды. Сондықтан күні кеше қабылдан­ған аймақтық-кеңістік дамудың Болжам кестесі бірқатар міндеттерді қамтиды. Олар:
- «өсім орындарында», яғни экономи­калық келешегі бар және өмір сүруге қолайлы аудандарда өндірістік және еңбек ре­сурстарын шоғырландыруды ынталан­дыру;
- урбанизация процестерінің реттелуі мен шоғырлануын ынталандыру ірі қала­ларда өндіріс ауқымын ұлғайту және инно­вациялық экономиканың негізін қалып­тастыру мақсатында жүргізіледі;
- әр аймақтың, жалпы елдің ресурстық әлеуеті мен артықшылықтарын тиімді пай­далану;
- республикалық еңбек бөлінісінде ай­мақтардың бәсекеге қабілетті экономи­ка­лық мамандануын құру;
- инженерлік инфрақұрылым нысанда­рын (көлік, энергетика және сумен жаб­дықтау), өндіріс күші мен тұрғындардың орна­ласуын реттеу;
- жұмыссыздарды болашағы бар ай­мақ­тарға бағыттау, тұрғындардың (әсіресе, шал­ғайдағы елді мекендердегі) мем­ле­кеттік кепілдендірілген әлеуметтік қызмет­терге қолжетімділігін қамтамсыз ету.
- шекара маңындағы аймақтарды өркен­дету;
Болжам кестесі төрт бөліктен тұрады.
Біріншісі - аймақтар дамуының әлеу­меттік-экономикалық дамуының жалпы сипаттамасы, демографиялық әлеуеті, еңбек ресурсымен қамтамасыз етілуі, тұр­ғындар санының өзгеруі көрсеткіштерінің кешенді талдауына негізделеді. Екінші бө­лігінде 2020 жылға дейінгі кеңістік-аймақ­тық дамудың міндет-мақсаттары белгі­ленген. Үшінші бөлікте индустриалдық са­ла мен агроөнеркәсіп кешенін дамытудың болжамдық кестесі келтірілген. Төртінші бөлікте алдағы он жыл ішінде аудандардың даму көрсеткіштері – оның ішінде жалпы аудан өнімі өсімін қамтамасыз ету, өңдеуші сала үлесін арттыру бар. Сондай-ақ сала­лық өндіріс болжамы, оның ішінде 2020 жылы газ конденсатын қосқанда мұнай өндіруді 163,5 млн тоннаға, көмір өндіруді 152 млн тоннаға жеткізу жоспарланған. Еңбек өнімділігін арттыру да қамтылған.
Тұтас алғанда Болжам кестесі барлық дең­гейдегі мемлекеттік органдардың стра­те­гиялық және бағдарламалық құжаттарын дайындауға негіз болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста