Ала сиырға алып ескерткіш орнатылды

Ала сиырға алып ескерткіш орнатылды

Қостанай облысында биіктігі 5 метр, салмағы 800 келі сиыр пайда болды. Мұндай дәу сиырдан қанша сүт шығатынын ойлай беріңіз...
Әттең, металлопластиктен жаратылған сиыр сауыл­майтыны өкінішті. Есесіне, елді емізген түліктің құрметіне тұрғызылған ес­керт­кіш сәнді де салмақты шыққан. Ірі қа­раның арқасында табысқа кенелген ша­­руа қожалығы Зеңгі бабаға деген риза­шы­лығын осылай білдірген екен.
Денисов ауданындағы серіктестіктің жұ­мыскерлері сүті сусын, еті тамақ, терісі киім-кешек және төсеніш бо­латын төрт түліктің бірі – сиырға үнді халқындай сыйын­баса да, қатты құрмет тұ­та­тынын жа­рия етті. 90-жыл­дардағы қысылтаяң ке­зең­де жұрт жа­нын сақтау үшін малын сатып, туған жерінен үдере көш­кен­де, «Са­ры­ағаш» ЖШС осы ірі қараның күшімен, дәлірек айтсақ, сүтімен ша­руа­шы­лықты құтқарып қал­ған болатын. Сол өтпелі ке­зеңнің ауыртпалығын сиырдың ақ сүті­мен жеңіп шық­қан бақташылар мен сауын­шы­лар өздерінің алғысын метал­ло­плас­тик­тен құйылған еңгезердей ес­керт­кіш­пен ай­шықтады.
Өтеген Мұртазин, «Сарыағаш» ЖШС  ди­рек­то­ры:
– Қиын уақыттың өзінде де ферманы сақтап қалуға тырыстық. Қазір ер адам­дар­мен қатар әйелдер де тұрақты түрде жұмыс істейді. Қазіргі мақсатымыз – мал басын көбейтіп қана қоймай, әр сиыр­дан алынатын сүт мөлшерін де көбейту. Биылғы жылы 45 мың келі сүт алуды көздеп отырмыз, ал болашақта бұл көрсеткішті 55 мың­ға көтеруді жос­пар­лап қойдық.

Қостанай облысындағы алдыңғы қа­тар­лы шаруа қо­жалықтарының бірі болып табылатын «Сары­ағашта» қазір 1250 бас ірі қа­раға арналған жаңа фер­маның құрылысы қызу жүріп жатыр. Серік­тес­тік­тің символы ретінде сиырдың сұлбасын таңдап, ес­керт­кіш орнатқан «сарыағаштықтарға» деген Зең­­гі бабаның жомарттығы сарқылмаса, жі­герлі жо­ба­ла­рына сәйкес 2014 жылы сүт­тілерінің саны бес мың­ға жетіп қалуы да ға­жап емес.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста