Әлемдегі ең қымбат металл тек Қазақстанда өндіріледі

Әлемдегі ең қымбат металл тек Қазақстанда өндіріледі

Осмий табиғатта жеті изотоп түрінде кездеседі. Соның ішінде ең қымбат тұратын осмий-187 изотопы, білетін адамдардың сөзіне қарағанда, тек Қазақстанда, соның ішінде Жезқазған кен орындарында ғана өндіріледі. Осмий-187 аэроғарыш саласында, ракета жасауда, қазіргі заманғы технологиялар мен көптеген дәрілік препараттарды синтездеу кезінде пайдаланылады екен.

Жалпы, мамандардың пікіріне қарағанда, осмийден де қымбат тұратын тағы бір элемент бар екен. Ол «калифорний» деп аталады. 1998 жылдың қыркүйек айында Ок-Риджск ұлттық зертханасында калифорний-249 изотопының 1 микрограмы (граммның миллионнан бір бөлігі) 180,25 долларға, ал калифорний-252 изотопының 1 микрограмы 56 долларға бағаланған. Яғни, егер микроскоппен қарамасаңыз, көзг­е көрінбейтін зат осыншама ақшаға бағаланған.

Алайда Калифорний табиғатта таза күйінде кез­д­ес­пейді. Арнайы зертханада күрделі реакциялар жо­лы­мен плутонийді жаңа затқа айналдыру арқылы алы­­нады. Мамандар калифорнийдің әлемдік қоры ең әрі кеткенде 5 грамнан аспайды деп болжам жасап отыр. Оның бағасының аса қымбат болуы да осы өте сирек кездесетіндігінен. Демек, АҚШ-тың Ка­­лифорния штатындағы университеттің Гленн Си­борг бастаған ғалымдар тобы 1950 жылы ал­ғаш рет ядролық реакциялау жолымен алған бұл ра­дио­ак­­тивті металды өмірде жоқ зат ретінде ба­ға­лауға да болады.

Сондықтан, біздің ойымызша, дүниеде бар, яғни та­биғатта кездесетін және көзге көрінетін ең қым­бат металдар тобын осмий бастауы тиіс. Осмий – ка­ли­форнийға қарағанда әлдеқайда кең таралған металл.

Осмий платина металдар тобына жатады. Қат­ты­­лығына, бу қысымына беріктігіне және өте жо­­ға­р­ы тем­пературада ғана балқитындығына бай­­ланыс­ты осмий механикалық өң­­деуге оңайлықпен кө­н­ді­ге қой­майды. Ол табиғатта кез­­десетін барлық зат­тар­дың ішін­дегі ең тығызы деп есеп­те­леді.

Осмий осы қасиетіне байланысты өзі қосылған зат­қа ғажайып беріктік береді. Әдетте қымбат қа­ла­м­сап­тардың үшін тозбау үшін алтынмен булай­ты­ны белгілі. Ал егер оған осмийді қосатын бол­са, ол мүлдем тозбайтын болады. Техникалық, ме­­ди­ци­­н­алық, өнеркәсіптік пышақтар, осмий қо­сыл­ға­н жағдайда, барынша өткірлене түседі және жү­зі қай­тпайды. Осы қасиетіне байланысты осмий аэ­ро­ғарыш құралдарын жасаған кезде қолданылады.

Осмийді алғаш рет 1803 жылы ағылшын химигі Смитсон Теннат әріптесі Уильям Х.Уоолластонмен бі­рігіп ашқан. Платинаны «патша арағына» салып еріт­кен кезде ыдыстың түбінде ерімеген күйінде ша­ғын шөгінді қалады. Жаңа элемент осылайша ашы­лады. Ал оған «осмий» деген ат берілуіне оның жа­ғымсыз иісі себеп болған. «Осмий» грек тілін­де «иіс» деген мағынаны білдіреді екен. «Патша ара­ғы» тү­біндегі шөгіндіні жекелеп алған кезде одан хлор­дың немесе сасыған шомырдың (редьканың) иісі шы­ғып, ол өңешті кернеп, қолқаны тұтып қалған.

Біз «патша арағы» деген сөзді екі рет қайталап отыр­мыз. Оны біреулер кәдімгі арақ немесе патша­лар ішетін алкогольді ішімдік екен деп ойлауы мүм­кін. Орыс тіліндегі «Царская водка» терминінен ті­келей аударылып отырған «Патша арағы» – азот жә­не тұз қышқылының қоспасы. Ерте замандарда алхи­миктер оны металл қоспалардан алтын мен күмісті бө­ліп алу мақсатында пайдаланған. Алтынды «пат­ша металы» деп атаған. «Патша арағы» деген сөз де осы­дан барып пайда болса керек.

Жалпы «вода» сөзінен шыққан «водка» термині алғаш рет орыс тілінде ХІІІ-ХІV ғасырларда судың азайтылған түрі ретінде қолданылған көрінеді. Ал спирттік ішімдік ретіндегі нақты мағынасына тек ХІХ ғасырдан бастап ие болған. Яғни «патша арағы» сөзін бұл жерде өзінің қазіргі тура мағынасында емес, ерте замандардағы алхимиктердің бағалы металдарды алу мақсатында жасайтын химиялық әдістерінің негізгі құралы ретінде түсінгеніміз жөн.

Осмий құрамында платина мен палладийі бар полиметалл кен орындарында, сондай-ақ, алтын алынған кен қалдықтарында кездеседі. Оны таза күйінде иридиймен аралас күйде жолықтыруға болады. Кейде жеке-дара да кездеседі. Әсіресе, таза платина құрамында шоғырланады.

Құрамында осмийі бар иридий кен орындары Ресейде (Сібір мен Орал), АҚШ-та (Аляска, Калифорния), Колумбияда, Канадада, Оңтүстік Африка мен Тасмания және Австралия елдерінде орналасқан. Ең ірі қорларының бірі Оңтүстік Африкадағы Бушвельд кен орны деп есептеледі.

Ал Қазақстанда өндірілетін осмий-187 изо­то­пының бағасы туралы әртүрлі ақпараттар бар. Бұл металдың өндірісі мен сатылуы көп жарияла­на бер­мей­тін болса керек. Өйткені, бұл металл жайын­да­ғы ақ­­параттар өте жұтаң.

Осмий сырына қанығу үшін еліміздегі сирек металдар жөніндегі маман, Минералды шикізаттарды кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталықтың бас директоры Әбдірәсіл Жәрменовке телефон ар­қылы хабарласқан едік. Осмий-187 изотопы Қазақстан­да өндірілетіндігін ол кісі де қуаттады. «Жал­пы, әлемде сирек металдардың 14 түрі болса, со­­ның барлығы біздің жерімізден табылып отыр. Бі­рақ оларды негізінен алғанда жеке компаниялар өн­­діріп жатқандықтан, еліміздегі сирек металдар өн­дірісі мемлекеттік бақылаудан тысқары қалып отыр деп айтуға болады», деді ол кісі.

Әлемде көп кездесе бермейтін сирек металдар кен орындарының Қазақстанда молынан шо­ғыр­ла­нуы біздің жеріміздің қасиетінің бі­ре­гей­лігін көр­сет­­се керек. Өкінішке орай, Алла­ның берген осы сый­ын ел игілігіне дұрыс жарата алмай отырған се­кіл­­діміз. Бұл проблема осыдан бірнеше жыл бұрын кө­­теріліп, сирек металдар өндірісіне мемлекеттік мо­нополия орнатуды қамтамасыз ететін арнайы заң жо­басы да әзірленіп, ол Парламентте талқылауға түс­кен тұсы да болған екен. Бірақ пікірталастар ба­рысында Үкіметтің бұл заң жобасын кейін қай­та­рып алғандығын естідік. Мә­селе содан кейін қай­тып қозғалмапты. Неге бұлай болғандығы бізге тү­сініксіз. Әлде лобби араласты ма екен? Егер сирек металдар өндірісі мен саудасына мемлекеттік ба­қылау орнатылса, мұны халық қолдар еді деген пікірдеміз.

Сондай-ақ, осмий-187 изо­то­пы­ның қаншаға бағаланатындығын да ешкім тап басып айта алмады. Бұл жөніндегі деректер де әртүрлі. Бір деректе 1 граммы 10 мың доллар делінсе, екінші бір деректе 200 мың долларға дейін бағаланатыны келтірілген. Үшінші біреулер «осмий-187 изотопының 1 граммы 3 килограмм алтыннан қымбат тұрады», дейді. Ин­тернеттегі жазбаларға қарағанда, осмий-187 изо­топы ашық саудаға шығарылмайтын көрінеді. Бір затқа әртүрлі бағаның айтылатындығы да содан секілді.

Тағы бір білгеніміз, бұрын сирек металдардың әлемдік нарығында көршіміз Қытай белсенді рөл ойнаған. Кейінгі жылдары бұл ел сирек металдарды сыртқа саудалағанды доғарған. Білуімізше, жоғары технологиялардың дамуына байланысты соңғы уақыттары сирек металдардың қолданыс аясы кеңейіп, оларды маңызы арта түскен. Қытайдың оларды сыртқа саудалауды тоқтатуының бір сыры осында болса керек. Сол секілді Қазақстан да осмий-187 изотопын сыртқа саудалап келген екен. Осыдан бірнеше жыл бұрын доғарған. Не себеп? Ол жағы бізге белгісіз. Бірақ қара нарықта саудалау ісі әлі де кездесетін секілді. Мәселен, 2011 жылдың қазан айында Ресейдің Волгоград облысында осмий-187 изотопының бірнеше грамын саудалап жүрген қазақстандықтарды осы елдің федералдық қауіпсіздік қызметі өкілдерінің ұстағандығы туралы хабар таратылған екен. Хабарда Қазақстанның таза осмий-187 изотопын жалғыз экспорттаушы ел екендігі атап көрсетілген. Осындай хабарларды оқыған кезде әлемнің ең қымбат заты болып есептелетін және өте сирек кездесетін қазақстандық бұл металл «тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кетіп жатқан жоқ па екен» дегендей ойға қаласыз. Демек, еліміздегі осмий секілді сирек металдар өндірісін және олардың сақталуы мен пайдаланылуын, сатылуын мемлекеттік тұрғыдан қайта реттеудің кезі келген секілді.

islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста