Алматыда үздік отандық тауар байқауы басталды
Алматылықтар қаладағы үздік отандық тауар өндірушіні анықтап жатыр. Биыл оныншы жыл қатарынан өткізіліп отырған «Қазақстанның үздік тауары» дәстүрлі байқауына отандық брендке айналған компаниялар қатысуда.
Жалпы жұртқа Алматыдағы 83 өндіріс орны мен кәсіпорындарда жасалатын алуан түрлі электр, құрылыс бұйымдары, инновациялық жобалар мен жиһаздар және азық-түлік пен жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің көрмесі ұсынылды. Жоба мақсаты – өндіріс саласындағы азаматтарды ынталандыру, отандық өнімді қарапайым халыққа кең көлемде насихаттап, тұтынушылық қабілетті жоғарылату. Байқау жеңімпазы бүгін белгілі болады. Мақсат Сералиев, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының маркетологы: - Үш номинация бойынша ертең 1,2, 3-орындар анықталынады және де олар Астанада болатын жалпы республикалық байқауға қатысады. Сонда осы Алматы қаласынан 9 команда қатысады деп жоспарланып отыр.