Аннуитеттік зейнетақы дегеніміз не?

Аннуитеттік зейнетақы дегеніміз не?

Қазір ерлер – 63, әйелдер 58 жаста зейнетке шығады. Дегенмен  55 немесе тіпті 45 жастан бастап  зейнеткер атануға болады. Ол үшін зейнетақы аннуитеті келісімшартын бекіту керек.  Мұнымен өмірді сақтандыруға құқығы бар сақтандыру компаниялары айналысады. Зейнетақы қорында қалудың да, сақтандыру компаниясына ауысудың да  артық-кем тұстары бар.
55 жастан бастап зейнетақы алу ерлерге қарағанда әйелдерге қиындау тиеді. Өйткені зейнетақы аннуитеті шартын бекіту үшін бөріктілердің зейнетақы қо­рын­да – 1,9 млн, нәзік жандардың қо­рында  2,2 млн теңге болуы тиіс.  Мұн­дай тең­сіздіктің себебі –  әйел ғұмырының ұзақ­тығында. Демек, компания зейнет­ақыны ұзағырақ төлеуге мәжбүр болмақ.
55-ке толған азамат есебінде 4 мил­лион теңге болса, оның 1,9 миллионын (заңға сәйкес түгелдей немесе 50 пайы­зын) сақтандыру компаниясына аударып, бірден зейнетақы ала беруіне болады. Қаржы неғұрлым көбірек аударылса, зейнетақысы да қомақты.

Мемлекеттік аннуитеттік компания басқарма төр­аға­сы­ның орынбасары Оскар Лер мырзаның айтуынша,  қазір 10 млн теңге аударып, жылына 1 миллион теңге зейнет­ақы алып отырған азаматтар бар. Ең төменгі зейнетақы  – айына 9875 теңге.  Ал зейнетақы қорында қалған қаржыны
58 немесе 63-ке толғанда ала бастайды. Аннуитеттің артықшылығы – зейнетақы адам ғұмырының соңына дейін төленеді.
Кемшілігі – қайтыс болған соң, қалған қаржы кепілдік берілмеген жағдайда мұ­ра­герлерге берілмейді. Зейнетақы қоры, керісінше, зейнетақыны жинақ таусыл­ғанша төлейді, дәм-тұзы түгесілген пенде­ден қалған жинақ мұра ретінде бала­ларына беріледі.
«Қазкоммерцлайф»   сақтандыру ком­­паниясы бас андеррайтері Қар­лы­ғаш Хюбнердің айтуынша,  қазір 58 бен 63-ке келген әйелдер мен ерлер үш жерден зейнетақы ала алады:
1. Аннуитеттік компаниядан
2. Зейнетақы қорынан
3. Мемлекеттік зейнетақы төлеу орта­лығынан (тек 1998 жылға дейін еңбек мерзімі барлар) 

Capital  жинақтаушы зейнетақы қорының аймақтық директоры Лес Оспанова: зейнетақы қорында қалған тиімді деген пікірде. Өйткені салымшылар жылына екі рет қорды ауыстыруға құқылы, ал сақтандыру компаниясымен келісім­шартқа отырған азамат екі жыл бойы өзге компанияға ауыса алмайды.
Шұғыл аннуитет
Шұғыл аннуитет – әйелдер 58 жасқа, ерлер 63-ке толғанша рәсімделетін зей­нет­ақы.  Әскерилер, полиция, қылмыс­тық-түзету жүйесі комитеті, қаржы поли­циясы қызметкерлері, өрт сөндіруші­лер 25 жыл қызмет етсе және зейнетақы қо­рында жеткілікті қаражат жинаса, 50, тіпті 44 жастан-ақ  аннуитет келісімшартын рәсімдеп, зейнетақы ала беруіне болады. Мысалы, «Қазкоммерцлайф»  сақтандыру компаниясынан 42 жастағы бір капитан айына 1 500 теңге зейнетақы алып отыр екен. Зейнетақы жинағының мөлшеріне қарай 5 000 теңге, 7 400 теңге алып жүр­гендер де бар. 
Қазір мемлекетік аннуитеттік компа­ния­дан зейнетақы алып отырған 170 аза­маттың 60 пайызы осы әскерилер  екен.  Бір майор елу жасына дейін зейнет­ақы қорында 800 мың  теңге жинады де­лік, оның тең жартысын, яғни 400 мыңын сақтандыру компаниясына ауда­рып, зей­нет­ақы ала беруіне болады. 63-ке толған­ша айына 3 359 теңге алып отыра­ды. Пай­ғамбар жасына жеткенде зейнетақы қо­рында қалған 400 000 теңгесін ала бастайды.
Қазір мемлекеттік аннуитеттік компа­ния төлеп отырған орташа зейнетақы – 4 666 теңге.

55 жастағы ер-азамат пен әйелдің жинақ мөлшеріне сай аннуитеттік компа­ния­да  тағайындалатын  зейнетақысы

Полигон жеңілдігі
1949-1963  жылдар аралығында  Семей  облысы Абай және Абыралы ау­дан­­дарында кем дегенде 10 жыл өмір сүрген ерлер – 50 жаста, әйелдер 45 жаста аннуитет арқылы зейнетке шыға алады.  Бірақ олардың 25 және 20 жыл еңбек өтілі, әрі кем дегенде 1,5 және 1,8 мил­лион теңгесі болуы керек.   Бес бала тәр­бие­леген 50-дегі аналарға да осындай жеңілдік бар.  Бұл топқа өмір бойы мүгедек деп танылған 1-ші және 2-топтағы жандар да кіреді.  Бірақ азаматтардың көбі зейнет­ақы жинақтары жеткіліксіз болған­дықтан, бұл жеңілдіктерді пайдалана алмайды.

«Республика» жинақтаушы зейне­тақы қоры басқарма төрағасының орынбасары Тимур Изембаев «сақтан­дыру компаниялары төлейтін төлем мөл­шері  әр адамға жеке актуарлық есеп­тер  негізінде анықталады, яғни жария әрекет емес» дегенді еске салады. Бұл жерде болашақ зейнеткердің денсаулық жағ­дайы, жасы түгел есепке алынады.

Андеррайтер – тиімді сақтан­дыру полистерін бекіту үшін тәуе­келді бағамдап, талдау жүргі­зетін тұлға.
Аннуитет – сақтандыру компа­ния­­сы сақтандыру сыйақысы негі­зін­де сақтанушыға зейнетақы тө­леуге міндеттеме қабылдайтын шарт.
Актуарлық есеп –  сақтандыру операцияларында шығынға жол бермес үшін бағамдар деңгейі мен қор мөлшерін анықтауға бағытталған математикалық және статистикалық әдістер жинағы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста