Ақшаны үш валютада сақтасаңыз ұтылмайсыз - экономист

Ақшаны үш валютада сақтасаңыз ұтылмайсыз - экономист

Ресей-Украина арасындағы қанды соғыс әлі жалғасуда. Санкциялар салынып, салдары тиіп жатыр. Осы тұрғыда Қазақстанның экономикасы қай бағытқа қарай өрбуде немесе құлдырауда? Бұл туралы “Адырна” тілшісі экономист Бауыржан Ысқақовпен сұхбат жүргізді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

-Соғыс әлі жалғасып жатыр. Теңгені құлатып, долларды бңр шарықтатып алдық. Тағы да қкйталануы мүмкін бе?

 

-Біздің экономиканың көрсеткішінің бірі теңгенің долларға қатысты бағамы. Наурыздың аяғында доллар тіпті 520-ға дейін көтерілді.

 

Пандемиядан кейінгі экономикамыздың тығырықтан шығу жолындағы кедергілерге қайта ұшырадық.

 

Алайда пандемия кезі дәл мынандай қиындық тудырмап еді. Батыс мемлекеттерінің Ресейге салған қатаң санкцияларының әсерінен біздің валюта ең қатты соққыны көрді.

 

Біздің экономикалық саясат мынадай сырттан келетін қиындықтарға былайша айтқанда, дайын болмады. Аз уақыттың ішінде ұлттық валютамыздың құны төмендеді.

 

Енді оны қайтадан қалпына келтіру шаралары жүзеге асырылып жатыр. Бұл тек қана экономикадағы өсімнің әсері деп айта алмаймын. Наурыз айының өзінде біз 980 миллион долларға валюталық интервенция жасадық.

 

Қысқа қайырғанда, біз 1 млрд долларды теңгені қалпына келтіруге жұмсадық.

 

Біз бұл дүниені үрдіске айналдырып жібермеуіміз қажет. Яғни, ұлттық қорды валютамызды өз бағамында ұстап тұруы үшін қолдана бермеуіміз керек. Ұлттық қордағы 60 млрд доллар әрі кетсе тек 5-ақ жылға жетеді.

 

-Ресейге салынған санкция салдары бізге әсер ету ықтималдығы бар ма?

 

 -Санкция әсері міндетті түрде болады. Басқа елдерге қарағанда Қазақстанның Ресеймен сауда байланысы қаттырақ.

 

Ресейге Қазақстандық нарықтың импорттық тәуелділігі 40 %-ға тең.

 

Санкциялар Ресейдегі біз тауар алмасып отырған кәсіпорын, компанияларына зиянын тигізіп жатыр.

 

Еуразиялық Экономикалық Одақтық мемлекеттерінің ішінде инфляция көрсеткіші ең жоғары – бізде.

 

Қазақстанда 10% болса, Қырғызстанда 6%. Айырмашылық сезіледі. Осы одақ барысындада біздің позициямыз өзімізге тиімсіз.

 

Ресей мемлекеттік банкротқа ұшырайды деген ақпарат айтылып жатыр. Бұл Ресей санкция қарсы өздері де бір шешімдер шығарып қарсылық танытуды білдіреді.

 

Яғни, мұнай алатын болсаңыздар, доллармен емес, рубльмен сатып аласыз дегендей қыңырлық.

 

Бірақ, Ресейдің Батыс мемлекеттерінде сыртқы қарыздары бар. Ол ақша кезінде доллармен алынғандықтан, қазір қиындық тудырып жатыр. Ресей сыртқы қарызын жапқысы келсе де, техникалық жағынан мүмкін емес.

 

 -Экономикамыз Ресеймен тікелей байланысты. Қазір қандай жағдайда тұрмыз? Тығырыққа тіреліп жатырмыз ба әлде дағдарыстан шығып жатырмыз ба?

 

-Экономикада екі мемлекеттің арасында дағдарыс орын алатын болса, үшінші мемлекетке көп мүмкіндік туады. Біз осы жерде өзімізге тиесілі мүмкіндіктерімізді пайдаға асыруымыз керек.

 

Ресейдің ірі кәсіпорындары осы уақытқа дейін Батыс мемлекеттерімен тікелей жұмыс істеп келді.

 

Қазір санкция салғандықтан, басқа көрші мемлекеттер арқылы өз жұмыстарын қайта жандандыруы ықтимал.

 

Қазақстанды таңдауы да әбден мүмкін. Осы ретте біз өзімізді ұсына білуіміз қажет.

 

Бір кездері тауар нарыққа тікелей Батыс арқылы шығатын болса, қазір Қазақстан арқылы шығуы мүмкін.

 

Екінші қарастыратын мәселе, Ресейге импорттық тәуелділігімізден арылуымыз қажет.

 

Қытай, Түркия мемлекеттерімен сауда көзін нығайту керек. Ресеймен біржақты келісімшарттар алдағы уақытта қаржылай қиындық тудыруы мүмкін.

 

 -Сондай-ақ, санкция теңгеге қалай әсер етеді?

 

-Санкция теңгеге біз импортқа тәуелді болғандықтан кері әсерін тигізеді. Көрші мемлекеттің экономикасы нашарлайтын болса, келетін тауарлар да өз сапасын, санын, деңгейін жоғалтады.

 

 -Доллар қайта төмендеп жатыр. Алайда, алдыңғы көтерілгенінде барша жұрт ақшасын долларға айналдырған еді. Оларға қандай кеңес айтасыз? Ақшаны доллармен сақтаған дұрыс па?

 

-Доллар қайта төмендеп жатыр. Ұлттық банк төрағасы айтпақшы, ақшаны үш валютада сақтаған дұрыс.

 

Теңгелей 30%, долларлай 30%, еуромен 30% .

 

Сол кезде біз белгілі бір тәуекелдерден арылу жолдарын шешкендей боламыз.

 

-Сұхбаттасқаныңызға рақмет!

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста