Ақылдастар алқасы құрылады

Ақылдастар алқасы құрылады

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі жанынан Еуразиялық экономикалық кеңістік шеңберіндегі сауда-саттық бойынша тиімді шешімдерді қабылдау үшін Ақылдастар алқасы құрылатын болды. «Ол Еуразиялық экономикалық комиссияға Кеден одағына мүше мемлекеттердің өзара сауда-саттықтағы арыз-шағымдары бойынша бұрынғыдай тек Үкімет арқылы ғана емес, салалық бизнес-қауымдастықтар тарапынан да шығуға мүмкіндік береді»,– дейді осы апта басында елімізде болған ЕЭК-тің сауда министрі Андрей Слепнев.
«Кеден одағы шеңберінде ресми кездесулерден тыс, үш мемлекеттің биз­нес-қауымдастығының қатысуымен тұ­рақты жұмыс істейтін Ақылдастар алқасы құ­рылады. Оған «Атамекен», «РСПП» және са­лалық әмбебап қауымдастықтар енетін бо­лады», – деді министр өз сөзінде.
Бұл құрылымда функциясы өзара мәселелерді реттеуге негізделген кәсіби секциялар да жұмыс істейді деп болжанып отыр. Аталған кеңес қызметінің аясында нарықты қорғау, кедендік салық, тарифтік реттеу секілді бірқатар шаралар жетіл­ді­ріледі деп күтіледі.
Сондай-ақ Кеден одағы үштігінің та­уар­лары сыртқы нарықта қандай да бір ке­дергілер мен мәселелерге тап болған жағ­дайда біріккен инвентаризация жүргізу ісі де жоспарланған екен. Осы мақсатта таяу кезеңде Еуразиялық экономикалық ке­ңістік (ЕЭК) мемлекеттері тағы 50 техникалық регламентті бекітпекші. 
«Техникалық регламент мәселелері рет­теліп қойды, қазірдің өзінде біздің инте­грациялық бірлестік оның 20 шақ­тысын қабылдады. Өздеріңізге белгілі, қа­зір барлық әлем техникалық кедергілерге ба­сымдық береді. Сондықтан біз барлық ке­дендік аймақты қамтитын бірыңғай тех­никалық регламентті құру жолын түзіп жатырмыз. Бүгіндері осы бағытта көп жұмыс істелді, меніңше, біз басымдық берілген позициялар бойынша шамамен 50 регламентті бекітуге қол жеткізе алатын секілдіміз. Бұл шара ішкі сауда-саттықта қандай да бір мәселелер туындатпас үшін керек», – дейді Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда министрі Андрей Слепнев.
Ал Кеден одағы іске қосылғаннан бергі жетістіктерге министр былайша тоқталды:
– ЕЭК аясында бірыңғай теміржол тасымалы нарығына қатысты келісімге қол жеткіздік, бұл арада барлық тауарларға қатысты бірыңғай тариф қолданылады, яғни одақ мемлекеттерінің тауарларына импорт немесе экспорттық тариф деген бөлініс жасалмайды. Сыртқа тауар та­сымал­дайтын қазақстандық компаниялар үшін Ресейдің ішкі тарифін қолдану өте тиім­ді және қолайлы болады деп ой­лаймын.
Бірыңғай техникалық реттеу жүйесі мен ауыл шаруашылығы саласындағы рет­теу жайына тоқталсақ, бұл арада өнім сапа­сын анықтаудың бірыңғай тәртібі жұ­мыс істейді. Ал сыртқы нарықтағы жұ­мыс­тарға келсек, біз сәйкестендірілген саясатты енді ғана қолға алдық. Сондықтан бұл ара­да қандай да бір жетістіктер туралы айту ерте. Қазір біз әділетсіз бәсекелестіктен қорғану бойынша шешімдер қабылдауды бастадық, бұл ретте қант және кондитерлік өнім­дерге қатысты сәйкестендірілген ше­шім­дерді қабылдадық, Мәселен, ҚХР дем­пин­гімен байланысты Украинаның метал­лургия өнімдері бойынша бірқатар ше­шім­дерді даярлап жатырмыз.
Осы жағынан алғанда, ЕЭК елдерінің сау­да-саттық қарым-қатынасына ешқан­дай кедергі жоқ,  олар қарыштап дами бе­руі секілді көрінеді. Алайда...
ЕЭК-тің сауда министрі Андрей Слеп­невтің қазақстандық бизнес қауым­дас­тықпен болған кездесуінде бірталай мә­се­ле­­нің басы ашылды. Мәселен, Ресей на­­­рығында қазақстандық алкогольдік өнім­дерді өндірушілерден қамсыздандыру тө­лемі алынады екен. Осы мәселені шешіп беруді министрден сұраған «ҚазАлко» бас­шысы Әміржан Қалиев: «Былтыр бұл тө­лем 1 литрге шаққанда 401 рубльді құ­раса, биыл ол 412 рубльге дейін қымбат­таған. Мұны акциздік салықтың 4/1 бөлігі деп айтсақ та болады. Бірақ бұл сома та­сы­малданған өнім құнынан 3-3,5 есеге қым­бат», – деді. Өз кезегінде А.Слепнев: «Бұл мәселе ЕЭК кеңесінде қаралып, алко­голь­дік өнімдер айналымы саласындағы үй­лестіру істері бойынша  үш жақты ке­лі­сім­ді әзірлеу бойынша жұмысшы топ құ­рыл­ды», – деді.
«Былай қарасаңыздар, қамсыздандыру тө­лемі деген бұл арада артық секілді кө­рі­неді. Бірақ қадағалаушы органдар бұған қарсы. Егер қамсыздандыру шара­сын алып тастасақ, мұндай мүмкіндікті пайдаланған ресейлік алаяқтар қазақстандық өнім тү­рін­де заңсыз спиртті оңды-солды тасы­мал­­дай бастайды. Өйткені бастапқы ке­зең­де өндіріс есебі жүргізілмейді. Ал қам­сыз­дандыру төлем жүйесінде толық­қанды есеп жүргізіледі: спирт өндірісінен бас­тап, оны бөлшек саудаға шығаруға де­йінгі. Сон­­дықтан халықаралық келісім жа­сап, осы мәселені кешенді түрде реттеу ту­ра­лы шешім қабылданды. Бұл істі Ақыл­дас­тар алқасында сіздердің тарапыңыздан аталған коллегияның экономика және қар­­жылық саясат министрі Тимур Сүлей­ме­­нов басшылыққа алады», – деді ми­нистр.
Сондай-ақ Павлодардағы жоғары са­палы қағаз өнімдерін өндіретін «Ka­zakh­stan Project» ЖШС сырттан тасымалданатын шикізаттың кедендік салық мөлшер­ле­месінің демде қымбаттап кеткенін сынға ал­ды. «Мұндай шикізаттың сапалы түрі Ресейде де, Белоруссияда да өндірілмейді екен. Сон­дықтан бұл арада қандай да бір жеңілдіктер қарастырылса», – дейді биз­нес­мен.
Отандық автокөлік өндірісі бойын­ша да бірқатар мәселелер көтерілді.  Атал­ған мәселелерді асықпай қарау ке­ректігін айт­қан А.Слепнев мырза бола­шақ­та жа­са­луы мүмкін деген жеңілдік шар­ала­рын тіз­бе­леп, отандық бизнес қауымдастық өкіл­де­рін демеп кетті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста