Астанадағы Жеңіс даңғылы енді қазылмайды

Астанадағы Жеңіс даңғылы енді қазылмайды

Көше бойы самаладай жарқыраған әдемі шамдар, тақтайдай даңғыл асфальт жолдың жиегінде тас кесектерден (брусчатка) төселген жаяу жүргіншілер сүрлеуі, оның жиегінде көк-жасыл көгал. Көше қиылыстарында жаңадан орнатылған бағдаршамдар мен заманауи құралдармен айшықталған жол белгілері. Міне, осы игіліктердің бәрі Астана қаласының ескі бөлігіндегі ең үлкен көшелердің бірі – Жеңіс даңғылында да көз сүйіндірмек.
Рас, елорданың Жеңiс даңғылын бұрын көрмеген жұрт: «Мұның несі қызық, Астана көшелерінің бәрі солай болуы тиіс қой», – деп таңдануы мүмкін. Бірақ, өкінішке қарай, елорда Астана болғалы осы Жеңіс даңғылының бағы ашылған емес. Мұны қала тұрғындары ғана емес, Астанаға жиі келіп тұратын қонақтар да әбден біліп алғаны анық.
Жеңіс даңғылы емес, «Геологтер көшесі»
Асфальтын жаңартып төсеп тұрғанымен, оның игілігі ұзаққа бармайды. Осы көшенің астында құдды бір Кубрин көпестің баға жетпес қазынасы тығылып, сол табылмай жүргендей-ақ, жыл сайын әр жерден бір қопарыла қазылып жатқаны. Сол себепті де Жеңіс даңғылы жұрт аузында «Геологтер көшесі» атанып кеткен. Ол турасында елорда газеттерінде талай сықақтар мен сыни мақалалар да жазылды. Бірақ одан қайран болған емес, Астана астана болғаннан бері Жеңіс даңғылының қазылмай қалған жылы жоқ. Елорданың ескі бөлігіндегі көлік қатынасында күретамыр іспетті қызмет атқаратын екі көше болса, соның бірі осы – Жеңіс даңғылы. Әр қазған сайын көшенің сол бөлігі ұзақ мерзімге жабылып, жол-көлік қатынасы шектелетіндігін ескерсек, оның қала тұрғындарына қаншалық жайсыздықтар тудыратынын шамалай беруге болар. Ал бұл көшенің жыл сайын қазылуының ең басты себебі – оның астында жатқан сумен, жылумен қамтамасыз ететін құбырлар мен кәріздердің әбден тозуы. Сонау кеңес заманында төселіп, пайдалану мерзімінен 15-20 жыл, тіпті 30-40 жыл асып кеткен инженерлік желілердің жылда бір жерінен апаттық ақау шығып жатуы да, бір жағынан, заңдылық. Алайда соны біле тұра, қала бюджетінің көше бойындағы бүкіл инженерлік-коммуникациялық желілерді түгел жаңартуға шамасы да жеткен емес. Сондықтан «геологиялық қазба» жұмыстары жол астындағы құбырлардың жарамсыз болып қалған тұстарын ғана ауыстырумен шектеліп келді. Сол Жеңіс даңғылы биыл тағы жаз шыға қазыла бастаған еді. Осының бәрін тәптіштеп айтып жатуымыздың себебі не дейсіз ғой? Оның да себебі бар. Жеңіс даңғылын қазу осы биылғы жұмыстармен түбегейлі бітіп, тұрғындар жыл сайын тап болатын жайсыздықтарды енді кемінде 15-20 жылға дейін ұмытпақ, Құдай қаласа.


Өткен ғасырдың 40-жылдары салынған
Әлқисса, соры ашылмаған Жеңіс даң­ғы­лы биылғы жаз шыға тағы қазыла бастағанын жоғарыда айттық. Бірақ бұл жолы қала әкімдігі осы көшенің пробле­ма­сын біржола, түбегейлі шешуді ойластыр­ғаны көшені қазу жұмыстары басталған сәттен-ақ байқалды. Алдымен Ақжайық кө­шесінен Әлия Молдағұлова көшесімен қиы­лысқа дейінгі бөлікті толық жауып, қопа­ра қазған мердігер компаниялар жол астын­дағы барлық инженерлік-коммуни­кациялық желілерді – су құбырларын, кә­різ­дер мен өзге де коммуникациялық же­лі­лердің бәрін түгелдей жаңартып шықты. Осылай үш ай бұрын басталған жұмыс, Жеңіс даңғылын көлденең қиятын Мәскеу – Бөгенбай батыр – Ә.Жангелдин – С.Сей­фуллин – Абай даңғылы аралықтарында көлік қозғалысын кезең-кезеңімен тоқта­тып, жөндеу-жаңарту жұмыстарын толық­қан­ды атқара отырып, Абай даңғылы мен Ке­несары көшесі аралығындағы бөлікке де келіп жетті. Бұл жұмыстар екі ауыз сөзге сыйғанымен, іс жүзінде күні-түні тоқтаусыз қимыл мен қауырт еңбекті, сондай-ақ ас­қан ыждақаттылықты қажет еткеніне өзіміз де куәміз. Ойлай беріңіз, Жеңіс даңғылы­ның астында жатқан инженерлік-коммуни­ка­циялық желілердің кейбір материалдары өткен ғасырдың 70- жылдарына тән болса, кәріздік құбырлардың кейбір тұс­тары әуелі одан да әрі, 40-жылдары ағаштан салынған екен. Осыдан кейін бұл құбырлар жарылмай қайтсін?! Соңғы үш жылдың өзінде ғана Жеңіс даңғылының астында жатқан желілерде 35 рет техни­калық апат болыпты. Ал мұндай жағдайдың әрқайсы­сы да жолдың асфальт-бетон қыртысын бұзып, қазуды қажет ететіндіктен, бюджетке миллион теңгелеп шығындар әкеліп отырды. Енді инженерлік желілердің бәрі жол бойындағы көгалды жиектің ас­тына шығарылғандықтан, ақау бола қал­ған күннің өзінде тұтастай жолды қопару­дың қажеті болмайды.
Күрделі жұмыс келісіп-пішілген кешенді жоспармен атқарылады
Қандай нәрсе болсын ұзақ қызмет етуі үшін мықты сапа керек. Ал әңгіме жол құ­ры­лысы мен оның астында жататын инже­нер­лік-коммуникациялық желілерге қа­тыс­ты болса, онда материалдардың өте бе­рік, ұзақ мерзімге жарайтын жоғары са­па­лы болуымен қатар, жұмыс та өте ыж­да­қатты жоспармен ұйымдастырылуы қа­жет. Сондықтан күні-түні істеген мер­дігерлер сапаны да мейлінше қамта­ма­сыз еттік деп отыр. Оны уақыт көрсетер. Деген­мен олар осы жұмыстарында ескі-құс­қыны пайдалану мерзіміне 50 жылдық ке­піл­дік берілген жоғары сапалы материал­дар­мен алмастырып шықты. Ал бұл жұ­мыс­тарға 300-ге тарта заманауи құрылыс тех­никалары мен 2500-ге жуық түрлі ма­мандықтағы жұмыскерлер тартылды. Ал жұмыс барысы инжинирингтік қызмет өкіл­­дері мен түрлі сараптамалық зерт­ха­налардың бақылауында болды. Соның ар­қасында жөндеу-жаңарту жұмыстарының дені үш ай мерзімде аяқталды деуге бола­ды. Қазір негізгі жұмыстар Жеңіс даң­ғы­лының Кенесары мен Абай көшелері ара­лы­ғында жүріп жатса, көшенің өне бойын­да­ғы үйлерге жылу, су, кәріз және басқа да жаңа желілерді қосу, асфальттың тағы екі қабат қыртысын төсеу, абаттандыру секілді жұмыстар қалды. Бұл жұмыстарды жылыту маусымына дейін бітіру жоспарланып отыр. Асфальтқа қатысты сөз қозғалғанда, былтырдан бастап Астанада үш қыртысты күрделі жабын қолданыла бастағанын да айту керек. Жолдың ең астыңғы қабатында құм және қиыршық тас үстінен бетон құ­йылып, оның үстіне ірі түйіршікті асфальт, оның бетіне қиыршықтасты-маститті асфальт-бетон төселетін болады. Бұл әдіс жол сапасын екі-үш есе арттыруға мүм­кіндік береді.
Жаңарған дүние – инвестициялық тартымдылық
Жеңіс даңғылының бойында тұрғын үй қоры айтарлықтай ескі екені белгілі. Алай­да оларды жаңғыртып, жаңа құрылыстар салуға жеке инвесторлар құлықты болған емес. Оған басты себеп – инженерлік-ком­муникациялардың әбден ескіруі, соның сал­дарынан жиі болатын апаттық жағдай­лар. Ендігі жерде осы проблеманың бәрі тү­бегейлі шешіліп қана қоймай, 15-20 жыл бойына қайта жөндеу жұмыстары ма­заны алмайтын болады. Демек, тұтастай көше­нің де жаңа құрылыстар үшін инвес­ти­циялық тартымдылығы артатыны анық.
Айтқандай, Астанада биыл Жеңіс даңғылымен қатар, А. Иманов көшесі де толық күрделі жөндеуге жабылған (Жеңіс даңғылындағыдай кезең-кезеңмен) болатын. Мұнда да жол астындағы барлық инженерлік желілер түгелдей жаңартылуда. Жолдың ені кеңейтіліп, жол бойындағы көлік тұрақтары да ескерілуде. Бұл көшені толығымен абаттандыру жұмыстары 2012 жылы аяқталмақ.
Жалпы, Астанада жол-құрылысы жұ­мыс­тарының маусымы басталғаннан бері 23,7 шақырым жол салынып, 10 шақырым жол  жабыны жөнделсе, 18,5 шақырым жол қайта жаңғыртылыпты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста