Атырау облысында 223 800 тонна қысқы мал азығы дайындалды

Атырау облысында 223 800 тонна қысқы мал азығы дайындалды

Атырау облысында 223 800 тонна қысқы мал азығы дайындалды. Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, биыл өңірде 553 мың тоннадан астам мал азығын жинау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазір өңірге қажетті мал азығының 40,5 пайыз дайындалды. Бұл жұмыстарға 1769 адам, 604 трактор, 158 жүк көлігі, 401 тіркеме, 296 шөп шапқыш, 178 шөп тайлағыш жұмылдырылған.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірде 194 413 бас ірі қара, 600 477 бас қой және 103 355 жылқы бар.

Мал азығының бағасын тұрақтандыру мақсатында облыс әкімдігі мен "Карат" ЖШС арасында меморандумға қол қойылды. Қазір ауыл шаруашылығы өнімдерін тиімді бағамен сатылып жатыр. Қала мен аудандарда 1 келі кебек жемінің орташа бағасы 75-80 теңге. Қажетті құрама жем Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарынан тасымалданып жатыр. 

Сонымен қатар 1 рулон шөп тасымалдануына байланысты әр ауданда әр түрлі. Мысалы Қызылқоға, Құрманғазы аудандарында – 6 мың теңге, Индер, Исатай, Махамбет, Жылыой, Мақат аудандарында – 8-12 мың теңгені құрайды.

“Атырау облысының барлық аудандарында жем-шөп дайындау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл ауа райы қолайлы болды”, деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Рүстемов. 

Айта кетейік, 2021 жылы 563 мың тонна шөп дайындалды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста