Аудан басшысы кәсіпкерлік нысандардың тыныс-тіршілігімен танысты
Түлкібас ауданының әкімі Әуелхан Тұрғымбеков Рысқұлов ауылдық округіндегі «Түлкібас ата» мал сою бекеті мен «Майлыкент сүт» ЖШС-де болып, кәсіпкерлермен кездесті. Бұл туралы аталған аудан әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-Бүгінде жұмысы қарқынды жүріп жатқан кәсіпорындардың алдағы мүмкіндігі мол. Таза табиғи өніммен аудандағы білім, денсаулық нысандарын қамтамасыз етіп отырған кәсіпорындарды қолдап, өнімін арттыруға көмек беру қажет,- деді аудан басшысы.
Аудан әкімі кезекті жұмыс кестесіне орай Жабағылы ауылдық округінде болып, округіндегі "Курс" ЖШС-нің тас ұнтақтау цехы, "Авеню" ЖШС-нің веркулит өндіру зауытында болды. Вермикулит руданың бір түрі, яғни құмнан табиғи пластинканы ажыратып, оны мың градус ыстықта қыздыру арқылы дайындалады. Ол авиация мен көлік жасау саласында изоляциялық материал ретінде, құрылыста, ғимараттарда жылу сақтау жүйесі үшін пайдаланылса, ауыл шаруашылығында жылыжайға таптырмайтын материал. Зауыттың тыныс-тіршілігімен танысқан аудан басшысы алдағы атқарылатын жұмысымен тыңдады.
Сондай-ақ, аудан әкімі кезекті жұмыс кестесіне орай Рысқұлов ауылдық округіне қарасты Тастыбұлақ, Шұқырбұлақ, Азаттық, Жаңаталап ауылдық округтерінде болып, бірқатар кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандарды аралап, ауыл халқымен кездесті.Алдымен Тастыбұлақ және Шұқырбұлақ ауылдарындағы білім ошақтарында болып, білім саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты. Кездесуде Тастыбұлақ ауылының тұрғындары жаңа мектеп салынса деген ұсыныс білдірді.
Аудан басшысы сонымен қатар Азаттық ауылындағы мектеп пен балабақшада, күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан әкімшілік ғимаратымен мәдениет үйінде болып, құрылыс жұмыстарын аралады. Кездесуде ауыл тұрғындары жаңа көшелерге электр энергиясымен қамтамасыз ету, жол мәселесін көтерді.
Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бойыншаТүлкібас ауданында екі жоба іске асырылды. Бағдарламаның екінші бес жылдығында (2015-2019 ж.ж) аудан көлемінде жалпы құны 31 млрд. 366 млн. теңгелік 6 жоба әзірленіп, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы қаулысымен бекітілген.
rgmedia.kz