Ауыл халқының азаюы дағдарыс па, даму ма?

Ауыл халқының азаюы дағдарыс па, даму ма?

Парламент депутаттары халқы азайып бара жатқан ауылдарды қайта дамытуға шақырды. Ал кей сарапшылар «инфрақұрылымы жоқ, өркениеттен алыс ауыл халқын қалаға көшірген дұрыс» дейді.
Ресми статистика бойынша, биылғы қаңтар-маусым айларында-ақ 25 мыңнан астам қазақстандық ауылдан қалаға көшкен.
Ауыл халқының азайып бара жатқанын парламент отырыстарында жиі айтып жүрген парламент мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильяновтың есебінше, кейінгі жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауылдардан 6,4 мың, Жамбыл облысы ауылдарынан 2,8 мың, Шығыс Қазақстан облысынан 2,7 мың адам қалаға көшіп кеткен. Маңғыстау облысындағы ауылдардың халқы 2,4 мыңға, Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарының ауылдарында адам саны 2,3 мыңға азайған.
Депутат қыркүйектің 8-і күні Астанадағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Соңғы бес жылда Шығыс Қазақстанда 70 мектеп жабылған. Демек 70 жуық елдімекен иесіз қалды деген сөз. Бұл мәселені жедел түрде қолға алу керек. Мәселенің бір шешімі - мемлекет оралмандарды ауылды жерлерге көшіріп, сол аймақтарды дамыту керек. Көшіп барған оралмандарға мемлекет көмектескені жөн» деп мәлімдеген еді.
Әлеуметтанушы Гүлсара Қадірова депутат Нұртай Сабильяновтың ауылдарды жаппай қалпына келтіру туралы сөзімен келіспейді. Оның пайымдауынша, кез келген азамат өркениетті қоғамда өмір сүруге құқылы.
«Ауыл халқында таңдау жоқ. Дүкен аз, бір аурухана, бір мектеп. Сондықтан ауыл халқы көмбіс өмірге үйреніп кеткен. Қазақстан үкіметі болашағы жоқ ауылдардың халқын қалаға көшіріп, оларға жағдай жасаса, бюджетке өте тиімді. Облыс, аудан орталығынан шалғай жатқан ауылдың халқы жылдам интернет, жылдам ақпарат алуы қиын. Сондықтан Совет Одағы кезінде совхоз, колхоз болған, кейін ауылға айналған шалғай ауылдардың халқын қалаға көшіруге мемлекет мүдделі болуы керек. Ауыл жастарының өркениетке ілесуіне де кедергі қоймаған жөн» дейді әлеуметтанушы.
Ауыл халқын тек Алматы сияқты ірі қалаларға емес, шағын қалаларға көшіру арқылы сол аймақтардың экономикасын дамытуға болады деп есептейтін сарапшылардың бірі – саясаттанушы Әзімбай Ғали.
«Өндіріс күштерін тиімді орналастыру жағын қайта қарау керек. Әрине, депутаттардың ауыл халқының азаюына алаңдауы орынды. Ол жаққа оралмандарды көшіру арқылы дамытуға болады. Бірақ оралмандарға үкімет жағдай жасауы тиіс. Бір шетінен ауыл жойылып бара жатыр деп айта беруге болмайды. Қазір қазақтың алтын бесігі – қала. Халықтың жұмыс орындары бар, өркениетті аймаққа ұмтылуы заңды. Оған шектеу қоя алмаймыз. Қазақстанға ауыл халқын шағын қалаларға көшіру арқылы ондағы экономиканы да дамытуына болады» дейді сарапшы.
Әзірше ішкі миграцияның жүйесіз жүріп жатқанын билік те мойындайды. Қазақстан президентінің кеңесшісі Ербол Орынбаев жыл басында орталық коммуникация қызметіндегі брифингінде «Қазақстанда қазір көші-қон жүйесіз жүруде. Ауыл халқы Астана, Алматы және Алматы облысына көп көшіп жатыр. Алдағы 20 жылда Қазақстанда урбанизация көлемі тағы 10 пайызға өсуі мүмкін» деп мәлімдеген еді.
Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілі Лаура Әбжанова жаппай Алматыға көшкен ауыл халқының әлеуметтік бейімделуі мен жұмыс табуы үшін іс-шаралар қарастырылғанын айтады.
«Алматыдағы сегіз ауданда жұмыспен қамту орталығы бар. Кез келген азамат сол бөлімге барып, тіркеуге тұрады. Сол жерде мамандар ол кісімен жұмыс жасайды. Алматыны дамыту бағдарламасы аясында қалаға келген азаматтарды тұрақты жұмысқа орналастыру, қоғамдық жұмыстарға тарту, біліктілігін көтеру, жастарды практикаға жіберу жұмыстары жүргізіліп жатыр» деді маман.
Статистика агенттігінің дерегі бойынша, Қазақстан халқының 56 пайызы қалада, 44 пайызы ауылда тұрады.

azattyyq.org сайтынан алынған

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста