Ауылды биотехнологияға бейімдеуден не ұтамыз?

Ауылды биотехнологияға бейімдеуден не ұтамыз?

Биыл елдегі лауазымды орындардың ықыласы ауылға ауып-ақ тұр. Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев «құрал-сайманы, техникасы тозып, ат-арбаға күні қарап қалған шалғай ауылдарды жандандыруға күш салуымыз керек. Шалғай ауылдарға дағдарыстың салмағын түсірмеуіміз қажет» деп күн сайын есеп берсе, күні кеше ғана Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мырза «шалғай елдердегі су тапшылығын жойып, егістік дақылын гүлдендіру үшін германиялық нарықта кеңінен қолданатын биотехнологиялық әдісті қазақстандық ортаға жаппай енгізу қажеттігін» қаузады.
Дерек пен дәйек
Егер Егін шаруашылығын зерттеу инс­титуты мамандарының есеп-қисабына жү­гі­нетін болсақ, жыл сайын біздің ди­қандарымыздың еккен егінінің жартысы ит-құсқа жем болады немесе су тап­шы­лығына ұшырайды.
Ресми деректер соңғы жылдардағы егiстiктiң жалпы алқабы 2006 жылғымен салыстырғанда 2008 жылы 1,5 есе қыс­қарғанын көрсетеді. Мәселен, біздің елі­міздің егістік алқаптарының негізгі құры­лымының 65 пайызы бидай алқабына тиесілі. Дәндi дақылдардың құрылымында бидайдың үлес салмағы өсуiне байланысты бұршақ тұқымдас, жарма, жемдiк дән және жемшөптiк дақылдардың егiс алқап­тары тағы сол 2006 жылмен салыс­тыр­ғанда 2008 жылы күрт азайыпты. Сондай-ақ былтырғы жылы қант қызылшасының егiс алқабы 1,6 есе азайса, күнбағыс егiс алқабы, мал азығын дайындайтын егiстiк алқаптарының сапасы 1,7 есеге дейін тө­мендеген. Ал жағдайдың бұлай қалып­та­суына не себеп? Бұл тағы да сол мал бақ­қан қазақтың егін егуге епсіздігін көрсете ме?
Қарым мен қабілет
Жалпы, бізде ауыл шаруашылығы са­ла­сын дамыту үшін бірқатар шаралар ат­қарылып жатыр. Соңғы уақытта агро­биз­несті жетілдіру үшін Аг­ро­хол­­­динг­термен қатар Агробанктер ашу қажеттігі жайлы ұсыныстар да арагідік естіліп қалуда. Ал енді Үкімет басшысының өзі қызығушылық танытып отырған биотехнология әдісіне бейімделіп көрсек ше? Бұл әдіс ауыл ша­руа­­­шылығы саласының бабын келістіре ала ма?
Бұл ретте биолог-ғалым профессор Мұрат ҒЫЛМАНОВ:
– Саралап көрсек, бізде биотехнология өндірісін кеңі­­­нен пайдаланатын ауыл-аймақ жоқтың қасы. Тек Солтүстік Қазақ­стан облы­сының диқандары 9 мың гектар жерге биотех­но­ло­гиялық әдіспен егін егіпті. Нәти­жесі жаман емес. Бұл әдіс әр­түр­лі химиялық реакт­ивтерді қосып жерді өң­деген­нен әлдеқайда тиімді. Бір басым­дық беріп айта ке­терлігі осы әдіспен өң­делген 2 грамм ғана бидай дәніне ар­найы жасалған капсула қосып, ол бидайды био­технологиялық әдіспен езіп, өңдеген кезде бұл бидай дәні сапалылығы жағынан 100 гектар жерге жететініне көз жеткізіп отыр­мыз. Міне, осы құндылықты ұғынған өзге елдер биотехнологияның тілін біліп, тетігін табуға ұмтылып бағуда. Қазір осы әдіс арқылы Германияның, Украинаның, қажет десеңіз, көршілес Түрікменстанның фер­мерлері өздерінің егіс алқаптарын жай­қал­тып, сапалы өнім алып, шаруасын дөң­гелетіп отыр, – дейді.
Біз неге бейқамбыз?
Сонда мұндай тиімділікке басқа ай­мақтардың қызығушылығы артып отыр­ғанда, біз неге бейқамдық танытып отырмыз? Бұл тұрғыда «Агробизнес» кон­­­­­­­­­­­­саль­­­­тин­гтік ғылыми-зерттеу инсти­ту­ты­­ның директоры Ғалижан МӘДИЕВ:
– Біздегі фермерлердің басым бөлігі жаңашылдыққа үйір болғаннан гөрі, тоз­ған технологиясының жыртығын жамап, жоқ-жітігін түгендегенді жөн санайды. Қа­жет десеңіз, маңдайға біткен жалғыз кө­лікпен бір шаруа қожалығының шығы­нын әрең жауып, мал-жанын асырап отыр­ған­дар да баршылық. Қолында бар техни­касының ақауын әрең танып, жоқты бар қылып ұқсатып отырған ауыл баласына биотехнологияның тілін ұғындыру қиынға түсетіні бесенеден-белгілі. Бұл кө­рініспен ауыл шаруа­шылы­ғын мандыта ал­май­­ты­нымыз анық. Егер био­­­тех­­нологиялық әдіс­пен өнім өндіруді тәжі­рибемізге енгізіп алсақ, дамыған елдермен иық тірестіруге жүрек­сінбес едік. Қаншама жылдан бері химиялық заттармен уланған жері­мізден са­па­­лы өнім алуға мол мүм­­кіндік туар еді. Сон­дай-ақ жерді тыңайту үшін жұм­салатын реак­тив­тер ш­ы­ғы­­нын да азай­туға болар еді, – дейді.
Не істеу керек?
Сөйтіп, біз пікір ал­мас­қан мамандар био­тех­но­логия әдісі арқылы мол мүмкін­дікке қол жет­кізуге болатынын алға тар­тады. Ал енді осы әдіс­­ті кеңінен қолдану үшін не істеу ке­рек? Ол үшін мамандар ал­дымен мынадай алғы­шарттарды ес­ке­руі­міз қа­жет дейді:
а) Ауылдың атмосфера­сына биотехно­логияны бейім­деу үшін аса көп қаржы қажет­тілік емес. Бастысы, білім мен білік­тілік керек. Сондықтан биотехно­ло­гиялық жаңашыл­дықты кәсіптік-техни­калық оқу бағдарламасына немесе орта мектептер­дегі оқу бағдарла­масына арнайы бағдар­лама етіп енгізген жөн. Ол үшін әрине, мемлекеттік реттеу, мем­­ле­кеттік қолдау қажет.
ә) Егер ауылдың техноло­гиялық әлеу­етін көтеруді мақ­сат тұтсақ, тех­ни­каның тілін білетін шетелдік маман­дармен тәжі­рибе алмасу жағын да ұмыт қалдыр­мауы­мыз керек.
б) Осы салаға яғни техника ғылымына деген ауыл бала­лары­ның қызығушылығын арттырып, бұл ретте білім алғысы келген ауыл балаларына мемлекет тарапынан белгілі мөлшерде жеңілдік қарастырыл­ғаны жөн.
«Міне, ең бастысы, осы үш ұсыныс ес­ке­рілген жағдайда ауыл баласы био­тех­нологияның тілін меңгеріп, ауыл шар­уа­шылығына жаңа реңк келетіні сөзсіз» дейді мамандар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста