Автоматика өндірісінде қазақтың үлесін арттыру керек

Автоматика өндірісінде қазақтың үлесін арттыру керек

Кеше «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы бақылау-өлшеу құралдары және автоматика өндірісі саласында қазақстандық үлесті ұлғайту мәселесі бойынша қазақстандық кәсіпорындардың басшыларымен кездесу өткізді. Кеңес жұмысына «ҚазМұнайГаздың» еншілес компанияларының мамандары, бақылау-өлшеу құралдары және автоматиканың қазақстандық кәсіпорындары өндірушілерінің жетекшілері, атап айтқанда, «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ, «Тыныс» АҚ, «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ, «Киров атындағы зауыт» АҚ, «Шнейдер Электрик» ЖШС, «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ, «TREI – Қарағанды» ЖШС, «САР Технология» ЖШС, тағы басқа компаниялардың өкілдері қатысты.
Басқарма төрағасының орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы дирек­торы Болат Палымбетов осы саладағы қазақстандық үлесті ұлғайту қызметі ту­ралы баяндап, елімізде әлемдік стандарт сапасына сай келетін бақылау-өлшеу құ­ралдары және автоматика өндірісін арт­тыру қажеттігін атап өтті.
Аталмыш компания тобының маман­дары бақылау-өлшеу және автоматика құралдарына деген қажеттілік туралы тех­никалық параметрлері көрсетілген қысқа және ұзақ мерзімді ақпарат ұсынды. Елі­міздің мұнай-газ саласында ірі инвес­тициялық жобалардың жүзеге асырыла бастауына байланысты бақылау-өлшеу құралдары және автоматиканың қазіргі заманғы түрлеріне деген қажеттіліктің арта түскендігі атап өтілді. Сол себепті отандық тауар өндірушілер бәсекеге қабілетті өнім өндіруге байланысты тиісті шаралар қа­был­дауы тиіс. Қазақстан компаниялары тобының сатып алуы бойынша жасалған талдау мұндай тауар түрлерімен, сондай-ақ автокөлік құралдары, олардың қосалқы бөлшектері, химиялық реагенттер, соны­мен бірге бақылау-өлшеу және автоматика құралдарымен отандық тауар өндіру­ші­лердің толықтай қамтамасыз ете алмай­тындығын анықтап берді. Ал мұндай тауар түрлерін сатып алу көлемі өте мол. Өз кезегінде қазақстандық кәсіпорындардың басшылары бақылау-өлшеу құралдары және автоматика өндірісінің бүгінгі жағ­дайы, кәсіпорындардың мүмкіндіктері және өндіріс орындарын одан әрі ұлғайту жоспарлары жөнінде баяндады.
Кеңестің қорытындысы бойынша, «ҚазМұнайГаз» компаниялары тобының бақылау-өлшеу құралдары және авто­матика отандық өндірушілерімен одан әрі бірлесе қызмет ету, шетелдік компа­ниялармен технологиялар трансферті және мұнай-газ саласында қажетті бақы­лау-өлшеу құралдарын және автомати­каның жаңа түрлерін Қазақстандағы, оның ішінде қазақстандық кәсіпорындармен топтасып өндіруді оқшаулау мәселелері бойын­ша келіссөздер жүргізу туралы ше­шім қабылданды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста