Бай мен кедей Наурыз күні ғана теңелуі керек пе?

Бай мен кедей Наурыз күні ғана теңелуі керек пе?

Қазіргі нарықтың болмысы, дағдарыстың ауаны, экономикалық ахуал мен осыдан туындайтын әлеуметтік мәселелер қоғамда түрлі пікірлер тудыруда. Базбіреулер «дағдарыс, қымбатшылық атаулы жеке басыма анағұрлым ауыр тиіп жатқан жоқ» десе, енді бір қауымның айлығы шай пұлына жетпей «шақшадай басы шарадай» болуда. Біреулер кедейленіп жатса, ені біреулерге дағдарыс майдай жағып, еселеніп байып жатыр. Отандық сарапшылар бұл үрдісті «халықтың тұрмыс тіршілігінің әр түрлілігінен» деп түсіндіреді... Ал сол «әртүрлілік» дегеніміз не? Біз бүгін осыны сараптап көруді жөн көрдік...
Ресми деректерге жүгінсек, бүгінде біздің елімізде бай-манаптардың көрсеткіші шамамен 15 пайызды мөлшерлейді. Ал елдегі әлеуметтік жағдайы өте төмен таптың көрсеткіші 30 пайызды құрайды. Республика халқының қалған 45 пайыздайы айлығын шай-пұлына ғана жеткізе алатын орта шаруалар көрінеді. Міне, отандық сарапшылардың «әртүрлілік» деп отырғаны осы көрсеткіштер тізбегі.
Егер сарапшылардың зерттеуіне сүйенсек, «бұл көрсеткіштердің өзі елде әлеуметтік жүйенің дұрыс қалыптаспағандығын айқындайды»... Рас, біраз елдермен салыстыра қарасақ, Қазақстандағы жағдайдың өзгешелігін байқау қиын емес. Мысалға бұл ретте біз Швецияның әлеуметтік-экономикалық бағдарламасын сөз етсек болады. Мәселен, шведтердің әлеуметтік бағдарламасының есебі бойынша, Швеция халқының 5 пайызы байлар болса, 10 пайыздайы кедейлер, қалғаны орта таптағы адамдар. Дерек көздері Швецияда орташа өмір сүретін адамдар саны көп те, жарлылар мен байлар саны аз екенін көрсетеді. «Осыдан болар, олардың экономикасы тұрақты, халқының жағдайы жақсы. Тірліктері мамыражай» дейді мамандар... Бір сөзбен айтқанда Швеция - халқының тұрмыс-тіршілігін теңестіре білген ел. Ал бұл үрдіске біздің Қазақ елі қалай қарайды?
Негізінде, бізде біраздан бері Табыс декларациясын жария ету; Орташа жалақы деңгейін көтеру; Жағдайы төмен отбасыларға мемлекеттік көмекті ұлғайту жайы қозғалып-ақ келеді. Былайша алғанда біздің атқарушы билік кедей-кепшіктің жағдайын жасау жолында біршама реформаларға реңк берді. Бірақ кез-келген қоғамдағы «кедейдің байысам» деген арманы, байдың «одан әрі байысам» деген ниеті бір пәске бәсеңсіген емес. Осы орайда қоғамдағы әлеуметтік теңдікке нарықтық экономикада қалай қол жеткізуге болады деген сауал туындайтыны рас.
Бұл ретте экономист-сарапшы Мейрам Қабдрахманұлы:
- Кезінде Кеңес өкіметі облыстық басылымдарда бір ауданның басшысы жайлы, оның шалқыған әл-ауқаты жайлы жазылатын болса, оны дереу тексерудің астына алатын. Егер жазылған жай шындыққа саятын болса, әлгі басшы дереу орнынан алынып, партиядан қуылатын. Кеңес өкіметінің бір жақсы жері олар бай-манаптарға бақылау қоя білді. Ал Қазақстанда қазір мұндай жүйе жоқ. Бізге нақ қазір қарапайым тойымды көзқараспен баюды үйрену керек, -деп пікір білдірді.
Жұмаділда Баяхметов, экономист-ғалым:
- Егер біз елдегі жағдайы төмен отбасылардың көрсеткіші мен бай манаптардың санын азайтамыз десек, онда бірінші кезекте орынсыз жерде қазақшылық танытуды, яғни, көп мәселеде жауырды жаба тоқи салатын әдетімізді қоюымыз керек. Осы орынсыз қазақы қалып таныту жемқорлыққа итермелеуде. Бізге халықтың тұрмысын теңестіруді ойластырған жөн. Елдің жағдайын түзеу үшін алдымен әлеуметтік саясатта жүйелі түрде өзгертулер енгізу бағытын ұстануымыз керек. Ол үшін, әрине, алдымен елдегі ауқаттылардың көрсеткішін азайтып, орта шаруалардың легін көбейтуге тырысқан жөн. Бірақ «байлардың санын азайту» дегеніміз революция жасау, баяғыдай «бай-құлақты жою» емес, барынша өркениетті жолмен жүруі тиіс. Егер елдегі 30 пайыздық кедей-кепшіктің көрсеткішін соңғы екі жылда кем дегенде 22 пайызға төмен түсірсек, халықтың әл-ауқатына жан бітер еді, – дейді.
Сөйтіп, мамандар бізге елде тұрмысы төмен отбасылар мен байлардың көрсеткішін азайтып, орта таптағы шаруалар легін көбейту қажеттігін алға тартады. Ал енді ол үшін не істеу керек? Бұл тұрғыда сарапшылар көшті түзейтін мынадай бес бағытты ұсынады:
А) Халықтың тұрмысын теңестіру қажет. Ол үшін бай-манаптарды бақылау жүйесін енгізу керек. Бұл дегеніміз, ең алдымен – монополистік үстемдіктерге ие субъектілер тарапынан қоғамның орынсыз қаналуына жол бермеу.
Ә) Қолайсыз аймақта тұрып жатқан халыққа мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақы берілуі керек. Мәселен, АҚШ-та, Канада да, басқаны қойғанда Оңтүстік Африкада құнарсыз, суы тапшы, нәрсіз жерлерде тұратын жандарға жалақысына қоса, үстеме төлемақы төленіп тұрады. Бұл үрдіс жағдайы төмен деңгейдегі Үндістанның өзінде жүзеге асып отыр. Жоғарыда аталған мемлекеттерде тұрғындарға мемлекеттік мекеменің үш деңгейінен көмек беріліп тұрады. Біріншісі – округтік әкімшілік, екіншісі – штаттық әкімшілік, енді бірі – федералды әкімшілік. Міне, бізге де осы жүйені ойластырған жөн. Яғни, әлеуметтік тұрғыдан алғанда халықтың тұрмыс-тіршілігінің аймақтық әркелкілігіне жол бермеу қажет.
Б) Тұрмысы төмен отбасыларға мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы түрлеріне ауылдық, қалалық деңгейде әділетті бөлініс енгізу керек. Бұл ретте ауылда тұратын отбасылар мен қалалы жерде тұратын отбасылардың еңбек ауырпашылықтары еленуі тиіс.
В) Ауылды жерлерде түрлі өнеркәсіп орындарын ашуға бет бұрған жөн.
Г) Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру жайын үнемі бақылауға алу керек...

«Міне, осы бес бағыт жағдайымызды оңалтуға серпін береді» дейді мамандар. Байыптап қарасақ, аталған бес бағыттың бірді-екілісі біраздан бері қолданысқа еніп, өзіндік нәтижесін беріп те қалды... Әйтсе де біз үшін абзалы – жаңашылдыққа бейім болу, әлеуметтік саясат саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге назар аударып, оны өзіміздің табиғи тінімізбен ұштастыра білу.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста