Балаларға кәсіпкерлік негіздерін оқыту дұрыс па?

Балаларға кәсіпкерлік негіздерін оқыту дұрыс па?

Қызылорда қаласындағы №9 мектеп-гимназияның 10-сыныбында оқитын Арайлым Алдар биылғы оқу жылынан бастап мектепте ашылған «Кәсіпкерлікті дамыту негіздері» факультативтік курсына қатысып жүр.
– Бұл пәннің бір артықшылығы – әр баланың қалауы. Біздің мектепте 9-сыныптан бастап енгізілген бұл пәнге мен өз еркіммен келіп қатысып жүрмін. Себебі болашақта қандай да бір кәсіпті бастау үшін маған керек, – дейді Арайлым Алдар.
Мектеп оқушыларына аптасына бір мәрте өтетін «Кәсіпкерлікті дамыту негіздерінен» дәріс беріп жүрген Сәуле Шайхисламованың айтуынша, облыс мектептерінде оқушылардың қаржылық сауатын ашу әрекеті бұған дейін де жасалған.
– 2000 жылдан бастап облыс мектептерінде «Қолданбалы экономика негіздері» курсы жүргізіле бастаған еді. Бірақ ол факультативтік сабақ болғандықтан көп мектептер жауып тастаған. Алайда биылдан бастап №9 мектеп-гимназияда 5-8 сыныптар арасында – «Қаржы сауаттылығы негіздері», ал 9-сыныптан бастап «Кәсіпкерлікті дамыту негіздері» оқытылып жатыр, – дейді Сәуле Шайхисламова.
«Кәсіпкерлікті дамыту негіздерінің» мұғалімі оқушыларға керек оқулықтар мен оқытушыға қажет әдістемелік құралдар толық екенін айтады.
– Мен өзім қолөнер шеберімін ғой. Сондықтан балаларға гобелен тоқу арқылы түрлі ұлттық бұйымдар жасауды үйретемін. Сондай-ақ мектеп ішінде компания құрып, балаларға өздері жасаған заттарын сатқызу арқылы бір-бірімен бәсекелесуді арттырамыз. Бұған дейін оқытылған «Қолданбалы экономика негіздері» курсына қатысып, кейін өзінің жеке кәсібін бастаған оқушылар болды, – дейді Сәуле Шайхисламова.
№9 мектеп-гимназияда «Кәсіпкерлікті дамыту негіздері» факультативтік курсын оқыту ісіне Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы қолдау көрсеткен. Палатаның «Адами капиталды дамыту» бөлімінің жетекшісі Гүлмира Шәріпбайқызы «әзірге 30 мұғалімнің біліктілігін арттыру курсынан өткенін» айтты.
Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Кәсіпкерлікті дамыту негіздері» факультативтік сабақ болғандықтан оны оқу бағдарламасына енгізу-енгізбеу – мектептің өз еркінде.
Министрлік берген жазбаша жауабында өздерінің «балаларды ортаға бейімдеу үшін мынандай факультативтік сабақ өткізуге болады» деп, пәндердің атауы мен бағдарламасын жасап беретінін айтады. «Бірақ міндеттемейді. Факультативтік пәндерден тек «Дінтануды» оқыту ғана – міндетті, қалғандары – мектептің өз еркінде» дейді министрлік.
Орта мектептерде қаржылық сауаттылықты арттыруды мақсат ететін дәрістерді тыңдаған жастың бірі – қазір әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің жанындағы экономика және бизнес жоғары мектебінде оқып жүрген Наурызбек.
– Бір жылдары орта мектепте экономика негіздері туралы пән енгізілген. Бірақ оны тарих пәнінің мұғалімі оқытқан, – деп күледі студент.
Наурызбек мектеп оқушыларына кәсіпкерлік туралы оқытқанмен елдегі заң балалардың бұл іспен айналысуына мұрсат бермейтінін айтады.
– Оқушы күнімде жеке туристік агенттік ашып ақша тапқым келді. Бірақ 18 жасқа толмағандықтан жеке кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат бермеді. Бізде тек сабақтан бос уақыттарда ғана ата-анаңның жазбаша рұқсатымен уақытша жалдамалы жұмыстар істеуге ғана мүмкіншілік бар. Кәмелеттік жасқа толмай жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп ақша табуға мүмкіндік жоқ, – дейді жас жігіт.
Қазақстанда кәмелеттік жасқа толмаған азаматтардың кәсіпкер ретінде тіркеле алмайтынын білім және ғылым министрлігі де бізге берген жауабында айтты. Білім және ғылым министрлігі ішкі істер министрлігінің 2014 жылы 1 маусымда берген ақпаратына сілтеме жасай отырып, елде «61 жасөспірімнің заңсыз жұмыс істеп жүргені анықталғанын» мәлімдеді.
Бізде жағдай осылай болса Еуропаның кейбір елдерінде жастарға 18-ге толмай тұрып-ақ кәсіпкерлікпен шұғылдана беруіне мүмкіндік жасалған. Мәселен, Чехияның азаматтық кодексі 16 жасқа толған баланың жеке кәсіпкер ретінде тіркелуіне, жылжымайтын мүлік сатып алуына, банкпен келісім жасасуына 2014 жылдан бастап рұқсат етті.

azattyq.org сайтынан алынған

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста