Балық шаруашылығының бағын ашар кез жетті

Балық шаруашылығының бағын ашар кез жетті

Бал татыған балық етін тұтынуға қазір кез келгеннің қалтасы көтере бермейді. Себебі – қымбат. Дүкен сөрелерінде ысталғаны, тұздалғаны, кептірілгені, қызылы, ағы – бәрі бар. Бірақ оның басым бөлігі отандық өнім емес. Бізде балық аулау ғана алда. Ал оны өсіру, басын көбейту жағы кемшін.
Дәрігерлер «балық өнімдерін күнделікті тұтынған дұрыс» дейді. Алайда қос бү­йір­ден қысқан қымбатшылық оған дес бере ме? Балықтың адам ағзасына пайдалы еке­нін елдің бәрі біледі. Алайда жегізбесің же­гізбес форель балығының бір келісі ең ар­зан дейтін оңтүстіктің өзінде 4900 теңге тұ­рады. Ал «свежий» балығының бәсі де тө­мен емес. Аптаның бір күнін «француз кү­ні» етіп, яғни тек балық өнімдерін ғана пай­далануға да мүмкіндік жоқ. Себеп бел­гілі. Қытайлықтар жылына 42 келі ба­лық жейді екен. Ал қандастарымыз жы­лы­на төрт келіні ғана місе тұтады. Әсіресе оң­түс­тік облыстар – балық өнімдерін тұтыну жө­ні­нен ең төменгі орында. Базарларда са­ты­лып жатқан балықтарды көбіне Шар­да­ра­ның, Бөгеннің балығы дейді. Алайда қа­­ланың айналасындағы сасық сулардан ау­лана ма, әйтеуір, біртүрлі жағымсыз иісі бар балықтар да көптеп саудаға түседі. Оның қайдан әкелініп жатқаны қадаға­лан­бай­ды.
Еліміз балыққа кедей емес. Бізде ба­лық­тың 127 түрі бар екен. Оның 18 түрі «Қы­зыл кітапқа» енгізілген. Халықаралық та­лапқа сай салынған жеті зауыт бар. Сон­да да болса ішкі нарықтың өзін толық қам­та­масыз етуге мүмкіндік жоқ. «Ұсталған ба­лық пен ысталған балық қайда кетіп жатыр?» деген сұрақ туындары сөзсіз. Дү­кен сө­ре­лерінде сықасып тұрған қалбыр­лан­ға­ны бар, кептірілгені бар, бәрі де – өзге елдің өнім­дері. «Бақасы қойдай шулаған, ба­лы­ғы тайдай тулаған» Каспийді браконьерлер жау­лап алған. Қолға түсіп, жа­уапқа тар­ты­лып жатса да, айылын жияр олар жоқ. Же­сең – азық, қармақ ұстасаң – кәсіп болатын ба­лық шаруашылығының күні бітті деуден аулақпыз. Дегенмен қа­рыш­тап дамып кетті деуге де ауыз ба­рың­қы­рамайды. Пайдасы шаш етектен, сатса – қыр­уар ақша болатын шаруашылық­тың кө­зін таппай отырған сияқтымыз.
Атырау облысы еліміздегі балықтың 60 пайызын өндіреді. Әсіресе сұранысқа ие бекіре тұқымдас балықтар қоры соңғы 20 жылда күрт азайған, бүгінде тұқымымен құрып кетудің аз-ақ алдында тұр. Ихтиолог мамандардың зерттеуінше, балықтар бар болғаны 20-30 жыл ғана тіршілік етеді. Ша­бақтар тек 10 жылдан кейін ғана уыл­ды­рық шаша бастайды. Арнайы ортада өсі­ріліп, теңізге жіберілген шабақтарды уыл­дырық шашуға да үлгертпей балық «ба­рымташылары» қынадай қырып ба­рады. Ашкөздіктің салдарынан қымбат та құнды бекіре тұқымдас балықтар құрып барады. Ресми дерекке сүйенсек, соңғы үш жылда елімізден 40 тонна бекіре тұқымдас балық, 10 тонна қара уылдырық шетке шы­ғарылыпты. Балықшылар болса «бұл есеп тура емес, одан да көп» дейді. Та­лай­лар­ға құт болған Каспий теңізінің қа­зақ­стан­дық бөлігінде шетелдік браконьерлер тым тайраңдап кеткен. Бүгінде қара уыл­ды­рықтың «көлеңкелі бизнесі» 92 пайызға жетіп жығылыпты. Каспий теңізі тек елімізге ғана тиесілі емес, Ресей, Иран, Әзір­бай­жан, Түрікменстан сынды көршілес мемле­кет­тер де байлығын көріп отыр. Олар те­ңіз­дегі байлықтарын көздің қарашығындай қор­ғауға көшкен. Заңсыз балық аулаушы­лар­ды қатаң жазалайды. Ал біздегілер айып­пұлмен ғана сытылып кетіп жүр. Сон­дай-ақ елімізде браконьер­ліктің кең қанат жа­юына бар мүмкіндікті жасап қой­ған­дай­мыз. Еліміздің аумағында синтетикалық моножіптерден жасалған аулар мен балық аулау құралдарын әкелуге және сатуға тыйым салынған. Соған қара­мас­тан ар­на­йы балықшылар дүкендері мен базарларда мұндай құралдар қаптап тұр. Қалағаныңды шертіп тұрып таңдап алу­­ға мүмкіндік мол. Оның көбісі Қытайдан әке­лінеді. Қатаң тыйымға қарамастан са­ту­шылар сауданың көрігін қыздырып отыр.
Сондай-ақ балықтарды өсіріп, көбей­ту­мен айналысатындарға мемлекет та­ра­пынан барынша жағдай жасалуы керек-ақ. АҚШ-та, Францияда, Германияда, Ита­­лияда, Жапонияда балық өсірумен ай­на­­лысатындарға арнайы мемлекеттік ба­ғ­дар­лама қабылдап, кәсіпкерлерге мем­ле­кет тарапынан қолдау көрсетіп отырады. Сон­дықтан да біздегі балықшыларға да ерек­ше қолдау қажет. Ихтиологтер бүгінде әлем­дік тәжірибе бойынша бекіре тұ­қым­дас балықтарды көбейтудің тиімді тәсілін ұсы­нады. Ол – шабақтарды жасанды жол­мен өсіру. Атырау облысында мұндай екі за­уыт бар. Осы зауыттарда жыл сайын 7 мил­лион шабақ өсіріліп, Каспий теңізіне жі­беріледі. Өкініштісі, әзірге осыған да шү­кір деуге тура келеді. Көрші елдердің ши­ре­гіне де жетпейді. Ресейде жылына 56 миллион, Иранда 22 миллион, Әзірбай­жан­да 15 миллион шабақ өсіріледі.
Балық өсірумен мақтана алмайтын Жам­­был облысында да биылдан бастап бе­кіре уылдырығын өндіре бастады. Тұрар Рысқұлов ауданындағы «Луговой жылқы зауыты» ЖШС-інде бекірелерді өсіретін жасанды су айдындары салынды.

Балық-жаза
Браконьерлікпен күресте айыппұл салу бұл қылмыстың алдын алатындай шара бола алмасы анық. Бекіре тұқымдас балықты заңсыз аулаумен ұсталғандар көбіне Қылмыстық кодекстің 183-бабы бойынша жазаға тартылады. Бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулау, сақтау, өткізу үшін қатаң жаза қарастыру қажет-ақ.
Балық-анықтама
Қызыл балық тұқымдарына жататын бекіре (осетр), шоқыр (севрюга), қорытпа (белуга) балықтарының 90 пайызы Каспий мен Азов теңіздерінде шоғырланған. Оның табиғи түрлері тек осы екі теңізде кездеседі.
Балықтың пайдасы
Балық өнімдерінің ағзаға өте пайдалы екені белгілі. Оның майында Д дәрумені бар. Балық өнімдерін үзбей пайдаланған адамның көзәйнекпен «достасуы» мүмкін емес. Көру қабілеті өте жоғары болады. Балық етін жемейтіндер созылмалы ауруларға шалдыққыш келеді.

Халит Базаралиев, серіктестік басшысы, облыстық мәслихат депутаты:
– Германиядан бекірелердің ша­­бақ­тары мен ересек түрлері әке­­лінді. Қазір су айдындарында 2,5 мың бекіре шабақтары мен 80 ере­сек балық мекендейді. Өз өні­мі­­мізді саудаға көптеп шығаруды жос­­пар­лап отырмыз. Күзге қарай жам­­б­ыл­дықтар отандық бекіре уыл­ды­ры­ғы­ның дәмін тататын бо­лады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста