Банктерді біріктіру арқылы бәсекеге қабілетті ете аламыз ба?

Банктерді біріктіру арқылы бәсекеге қабілетті ете аламыз ба?

Қазір бәсекеге бәс тіге алмайтын банктердің дағдарыс кезінде бірден құрдымға кететіні айқын бола түскен тұс. Көрші Ресейде қалыптасқан экономикалық ахуал мұны бізге тағы бір дәлелдеп берді. Бүгінде Ресей едел-жедел банктерін ірілендіріп жатыр. Ондағы ойы, дефолтқа түсуге аз-ақ қалған қаржы институттарына осылайша дем беру. Сондай-ақ Беларусь елі де бәсекелестікті күшейту мақсатында банктерді біріктіру саясатын қолға алуды жөн көріп отыр. Осылайша бізбен одақтас елдер қаржы институттарының қарымын нықтауға ендігі кірісіп те кетті. Ал біз мұндай шараларға қалай бағыттамақпыз?!
Жалпы, 2007-2009 жылдардағы дағдарыс кезінде Қазақстанда да бірқатар банктердің жағдайы ауырлап, екінші деңгейлі банктердің біразын үкімет қанатының астына алып, оларға қолдау көрсетті. Қазір де еліміздің Ұлттық банкі банктерді біріктіру, капиталдарын ірілендіру жайын жиі қозғайды. Мәселен, былтырғы жылдың сәуір айында Ұлттық банк қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейін тұжырымдамасын ұсынды. Бұл құжатта ЕАЭО аясында және ДСҰ аясында елдегі банктердің бәскеге төтеп беру қабілетін арттыру жайы қарастырылған. Құжатқа сәйкес шамаласақ, біздегі банктерді біріктіру науқаны биылғы 2015 жылдан бастау алмақ. Биылдан бастап банктердегі проблемалы несиелер қоржынын 10 пайызға азайту, тұтынушылық несиелерді 88 пайызға дейін қысқарту, өндірістік саланы несиелердіруді ұлғайту тәрізді шараларды атқара бастамақпыз. Әрине, мұның барлығын капиталы аз банк пен капиталы қомақты банктерді біріктіру арқылы жүзеге асыруды мақсат тұтып отырмыз.
Төменде біз биылғы жылы банк жүйесінің даму динамикасы қалай жоспарланып отырғанын арнайы сызбамен беруді жөн көрдік:

Сызбадан аңғарғанымыздай, алдағы уақытта банктердің даму динамикасы өсім беруі үшін біраз жайттар жоспарланып отыр. Бұған қатысты мамандарымыз «Ендігі кезекте банктердің басындағы проблемаларды кезең-кезеңімен шешу үшін 2019 жылға қарай олардың жарғылық капиталын 10 есеге яғни, 10 млрд теңгеден 100 млрд теңгеге ұлғайту қарастырылған. Егер бұл нормалар жүзеге асырылатын болса онда елдегі бірнеше банктер біріктіріледі» дейді.

Мейрам Қабдрахманұлы, экономист-сарапшы:
– Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовтің өзі келешекте қазақстандық нарықта 38 банктен капиталы қомақты 15-20 банк қана қалатынын айтты. Келімбетов мырза, басқа банктердің бұл аралықта біріктірілетінін, сол арқылы капиталдарын ірілендіретінін құлаққағыс жасады. Меніңше, капиталы аз, проблемалық несие қоржыны көлемді банктерді капиталы қомақты, проблемалық несиесі аз, активтері көп банктермен біріктіретін болсақ, банктердің бәсекелік қабілеті артатын тәрізді. Жалпы, біз кезінде «елдегі банк саласы экономикамызды дамыту мақсатында жұмыс істеп жатқан жоқ» дегенді ашып айттық. Біздің елдегі банк жүйесі әу бастан бәсекеге қабілетті болуды білмеді. Банктер тек сырттан арзан қарыз алып, оны халыққа қымбат несиемен таратып беруді ғана көздеді. Мұндай үрдістің даму мен өркендеуге жетелемейтіні сол кездің өзінде белгілі болған. Мұны біз алдын ала болжап, бажайладық. Өз басым сол кездің өзінде аймақтық банктер құру қажеттігін жетесіне жеткізе дәлелдедім. Мәселен, бүгінде республика халқының 43 пайызы ауылды жерлерді мекен етеді делік... Осы уақытқа дейін сол ауыл-аймақтағы халықтың әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсарту мақсатында бірде-бір банк құрылды ма? Жоқ, құрылған жоқ. Жасыратыны жоқ, бізде нақты айтылатын ұсыныстар легі баршылық. Бірақ сол ұтымды ойларды дер кезінде қақшып алып, бірден тәжірибеге енгізуге келгенде енжарлық басым. Негізінде, банктерді ірілендіру жобасы халықаралық тәжірибеде бар дүние. Егер осыны оңды жүзеге асыра алсақ, бұл пайда беретін еді. Әттеген-айы, сол бізде бастаған істің нәтижесі көрінбей кететіні.

«Капиталын көбейтеміз» деп халықтан алшақтамай ма?
Сөйтіп, мамандардың пайымдауынша, банктерді ірілендіру оңтайын тапса оңды нәтиже беретін іс. Бірақ осы арада мамандардың қайсыбірі «капиталын көбейтеміз» деп банктер қарапайым халықтан өзінен одан әрі алшақтай түспей ме» деген де ойдың шетін шығарады.

Жұмаділде Баяхметов, экономист-ғалым:
– Банк саласы экономиканың «күретамыры» іспетті нәрсе. Ал осы «күретамырды» біз енді-енді аяғынан тік тұрып келе жатқан мемлекет кезінде жекеменшіктің қолына беріп қойдық. Біз жіберген негізгі қателіктің бірі – осы болды. Есіңізде болсын, дамыған төрт құбыласы сай елдердің өзі банк жүйесін жекеменшіктің қолына беруге келгенде бас қатырып ойланады. Ал біз осы саланы алдық та жеке адамдардың қолына бердік. Ол жекешеленген банктер әлбетте халықтың мүддесін көздеген жоқ. Олар тек жекелеп баюды, ондағы басшылар өз қазыналарын қомақты етуді ғана ойлады. Осыдан барып халық пен банк арасындағы байланыс алшақтады. Оның нәтижесін бүгін өзіміз де көріп отырмыз. Енді келіп, «банктерді біріктіреміз, бәсекеге қабілетті етеміз» деп банктердің санын қысқартып біріне-бірін қоспақпыз. Банктер арқылы тұтыну несиесін тек биылғы жылы ғана 88 пайызға қысқартуды ойластырып отырмыз. Демек болашақта тұтыну несиесі деген мүлде болмайтынын көрсетеді. Ал бұл несие арқылы халық барлық жоқ-жітігін түгендеп отыр емес пе?
Жалпы, Қазақстан проблемалы несиелер қоржыны бойынша әлемде алдыңғы сапта тұр. Қазір несие алып оны қайтармау салдарын жою үшін қайсыбір банктер теңгедей несие беруді уақытша болсын тоқтатпақ. Сонда қарапайым жұрт келешекте банктің ақша аудару, ақша сақтау қызметін ғана тұтынатын болып тұр ғой. Осы арқылы бәсекелестікті күшейтеміз десек, банктер онда қарапайым халықтың өзіне сақтайтын ақшасына белгілеген сыйақысын көтерсін. Теңгелік депозиттердің сыйақысы бізде 9 пайызға да жетпейді. Банктер не өндірісті, не халықты қолдап отырған жоқ. Ал Үкімет үнемі банктердің жайын ойлап оларды тығырықтан алып шығады. Егер банктерді біріктіру бастамасы, халық үшін қызмет етпейтін болса, тек қана базбіреулдердің мүддесі үшін жасалып отырған болса, онда бұл аса алысқа апармайды. Бұл жобаның мақсаты - бір банк акционерінің акциясын алып, екіншісінің қолына апарып салу ғана болса, бұдан ешқандай бәскелестік орта қалыптаспайды. Ал бантре бірігіп, сол арқылы капиталдарын көбейтіп өндірісті қолдауға, халықты арзан несиемен қамтуға, халықтың депозиттік сыйақысын көтеруге талпынса онда басқаша ой өрбітуге болады. Онда шынымен таза бәсекелестік орта қалыптасар еді. Ал бізде ондай бәсекелестік орта да жоқ, болуы да екіталай.
Қай банктер бірігуі мүмкін?
Сөйтіп, мамандар егер мұндай бірігу ісі халықтың және өндірістің мүддесі үшін, бастысы экономикалық даму үшін жасалатын болса, онда бұдан біраз нәтиже көруге болатынын алға тартады.
Ал енді «елдегі қай банктер капиталдарын біріктіру мүмкін» дегенге келетін болсақ, Қазкоммерцбанк пен БТА банкінің бірігетіні жайлы қос банктің акцияларына бірдей кәсіпкер Кеңес Рақышевтің ие болатынын біз бұған дейін құлаққағыс жасадық. Кейінірек Альянс, Темір банк, және Форте банктің акционерлері де бірігуі мүмкін деген хабар тарады. Бұдан соң «Альпари» компаниясының аға сарапшысы Анна Бодрова ақпараттық сайттардың бірінде «АТФ, Центр Кредит, Kassa Nova, Qasaq Banki және RBK банк сияқты банктер де бірігуі мүмкін» деп болжады.
Жалпы, сарапшылардың байыптауынша, бізге бәсекеге қабілетті банк саласын қалыптастыру үшін біріктіруден бөлек, банк саласына білікті мамандар жасақтауды да тереңнен меңгерген абзал. «Сонда ғана біз бәскеге қабілетті банк саласын құруға сауатты қадам жасаймыз» дейді мамандар.

Бейсенбек Зиябеков, экономист-ғалым:
– Негізінен біз банк жүйесін жасақтауда әлі де болса басқаны қойып білікті мамандарға қол жеткізе алмай отырмыз. Осыған қатысты бір мысал айтайын... Мәселен, Жапонияда банктер арнайы мамандарды қызметке аларда әр қилы көзқарастағы, әр түрлі пікірдегі адамдарды жұмысқа алуға тырысады екен. Бұл ретте жапондардың ойы «қандайда бір мекемеде дәйім пікірқайшылығы болып тұруы керек. Сонда ол мекеменің жұмысы алға басады» дегенге саяды. Рас, логикалық түрде ойласаңыз, пікірқайшылығы болған жерде қоғам дамиды. Бізде керісінше, тек банк саласы ғана емес, кез келген мекемеде командалық жүйемен жұмыс істеу деген бір дерт бар. Бұл дерт соңғы кездері әсіресе қаржы саласында асқынып бара жатқанын мойындауымыз керек. Тамыр таныстық дендеген жерде қаржы саясаты дамымайды. Сондықтан өз басым бұл біріктірулерден, ірілендіруден бөлек банк саласына білікті мамандарды жасақтаған жөн деп ойлаймын...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста